21
Төлеу әлдене ырза болып қарқ-қарқ күлдi:
— Онда бар ғой, Орыскүл қоям!
7
Захваткин тас-талқан болды. Мұрты едiрейiп:
— Бұ не деген масқара! Шауып жүрген кiмдер? — дедi.
Жаңа көшiп келiп жатқандарға тосыннан шауып, бiр әйелдi алып кеткен қазақтар
жайлы хабарды жеткiзген атты казактың иманы ұшып кеттi. Ол қақиып қатып қалған бойы:
— Никак бiлмеймiн, Ваше высоқоблагородие! — дедi.
— Бiлмесең, бiл. Әлден бүйтсе, мына бұратана тағы жұрт ертең бiздiң төбемiзде
секiредi қой. Үйтпеу үшiн... оларды дұрыстап тұрып, аямай қатаң жазалау керек.
— Айтқаныңызға құп, подполковник мырза! — дедi ол сымдай тартыла түсiп.
— Дәл кәзiр қасыңа жүз казакты ал да, мына жатқан ауылдарды шап! Өздерiн аямай
талаңдар! Екiншiгәрi бiзге тимейтiндей боп қорқып жүрсiн! — Сол арада ол қатты айқайлап:
— Василий Николаевич! — дедi.
Үйге Нахаев кiрiп келдi. Ол самогонға тойып алыпты. Екi бетi, мұрны қып-қызыл.
Басында фуражкасы жоқ. Соны көрiп Захваткиннiң жыны келiп кеттi:
— Мерзавец! Бабник! Пьяница! Фуражкаң қайда?
— Кешiрiңiз, подполковник мырза, мен асып-сасып жүрiп... — Нахаевтың тiлi әзер
икемге кеп сөйледi.
— Жоғал көзiме көрiнбей! Тез барып, киiп кел!
Нахаевтың иманы ұшып кеттi. Түрi сұп-сұр боп, көзi мөлиiп, сыртқа қарай ата жөнелдi.
Шамалыдан кейiн ол фуражкасын киiп, белбеуiн буынып, қайтып келдi. Захваткин лас
бiрдеңенi көргендей оған жеркене қарап тұрып:
— Оңбаған! — дедi. — Бұйрықты тыңда. Кәзiр жүз кiсi алып, жақын жердегi
ауылдарды шабыңдар! Ешқандай аяу болмасын!
— Кұп, подполковник мырза!
— Жоғал, мерзавец!
— Құп! — дедi де, Нахаев сыртқа аяғын асығыс басып шыға жөнелдi. Оның соңынан
жаңа ғана әлгi хабарды жеткiзген казак iлестi.
Бұл кез күн жаңа көтерiлiп келе жатқан шақ едi. Бұйрық жеткен бойда, Қазалы
фортындағы казактар жау тигендей, дем арасында абыр-сабыр болды да қалды. Нахаев өшiн
басқалардан алып, шетiнен сыбай боқтап жүрiп, бiрiншi жүздiктi атқа қондырды. Сосын өзi
атқа мiне берiп, құлап кете жаздап, шаққа дегенде ер үстiнде дұрысталып отырды. Сосын
атын тебiнiп қап, қамалдан шыққан бойда түскей жақтағы боз даланы күздеп отырған
Қаракесектердiң ауылдарына қарай бет қойды. Әбден бағуы келiскен қаба жалды тоқ аттар
құмалақ тастап келедi. Борт-борт желгенде кiсiнiң белiн үзiп жiберетiндей болады. Кешегi
хабарды естiген казактардың қабақтары қатыңқы. Қашаннан сен тұр мен атайын деп, адам
өлтiрудi ойыншық санап жүрген Оралдың атты казактары өш аламыз деп бейбiт жатқан
ауылдарға қарай тура салды. Ауылға жақындай бере Нахаев жаман, байғыздың үнiндей
даусымен:
— Қолдарыңа қылыштарыңды алыңдар! Ешкiмдi аямай тураңдар! — дедi де, өзi атын
тебiнiп қап, ағыза жөнелдi.
Оның соңынан атты казактар жапа-тармағай шауып келедi. Кешегi Ақмешiт
қырғынынан кейiн сотник шенiн алған Нахаев әбден құтырып кеткен. Екi көзi қанталап,
бұдыр бетiнiң түгi сыртына шыға қалыпты. Олар қаптай шауып келе жатқанда, бұларды
көрiп қалған бiр бозбала шеткi үйден тайына мiне сап, шыға қашты. Казактардың онымен iсi
болған жоқ, биқам жатқан ауылға келе тиiстi. Он шақты үй қатар тiгiлген бұл
Қаракесектердiң бiр орташасының ауылы едi. Казактар келе қылышпенен үйлердiң
киiздерiн, туырлығын тiлгiлей бастады. Қарсыласқан бiр iрi қара жiгiттi Нахаев оң жағына
қарай ала бердi де, қылышпен сыр еткiзiп шапты. Қара жiгiттiң оң қолы кесiлiп түстi. Сол
екен, ол жолбарысша атылып кеп, сол қолымен Нахаевты жағадан ала кеттi. Мұндай
қайратты қолды өмiрi Нахаев көрген емес-тi. Мундирiнiң жағасыңа тиген әлуеттi қол
қылғындырып барады. Ол әрi-берi бұлқынып көрiп едi, көзi шарасынан шығып кеткен, қаны
сорғалап ағып жатқан Қаракесек жiгiтi қарысып қалған қолын босатпастан, ат үстiнен бiр
жұлқып, мұны жерге қарай құлатып түсiре бердi. Бұл қолындағы қылышын сiлтей
бергенiнде, өз атының бiр құлағын кесiп түстi. Аты шыңғырып жiберiп, iлгерi атылғанда,
Нахаев ала шаңның iшiне топ ете қалды. Басындагы қокардасы қоқырайған фуражкасы
анадай жерге ұшып түстi. Қара жiгiт ендi мұның кеудесiне мiнiп ап, қайратты қолымен дәл
алқымынан алып, қатты қылғындыра бастады. Нахаев жан дәрмен деп екi қолымен оның
қолына жабысты. Керi итерiп жiбергейiн десе, әлi жететiн емес. Сол арада мұны бiр казак