22
көрiп қалған екен. Ол боқтай айғайлап, бұларға қарай жүгiрiп кеп, қара жiгiттiң ту сыртынан
найзасын салып кеп қалды. Қара жiгiт қатты айқайлап жiберiп, қолын босата сап, артына
қарай бұрыла бердi. Со кезде әке-бабадан бермен қарай боқтап, Нахаев оның астынан апыр-
тапыр атып түрегелдi де, анадай жерде құм арасында жатқан қылышына қарай жүгiрдi. Оны
ала сала жаңағы қара жiгiттi қылышпен бiр шауып өттi. Қара жiгiттiң денесi екi бөлiнiп, дiр-
дiр етiп жатқанда, көзiне қан толып кеткен ол қылышымен киқалап шаба бердi, шаба бердi...
Басқа казактар шын ойранды ендi бастап та жiберген екен. Олар өздерiне қарсыласқан
он шақты жас жiгiттi дем арасында қылышпен турап тастады да, не қыларын бiлмей, бiр
шетте үрпиiсiп тұрған қартаң кiсiлерге келе бас салды. Оларды жерге жығып сап, әбден
тепкiледi. Бәрiнiң сақал-мұртын, мұрны мен құлағын кесiп, айыздары қанғанша қорлады.
Сосын барлығын айдап әкеп, дарға асты.
Кара үйлерi өртенiп, ойбайын салып жатқан әйелдерге, шырқырап жылаған балаларға
қарамастан, атты казактар қолдарына түскен қыз-келiншектердi кезекке қойып, әбден
қорлап бiттi. Сосын қорланған қыз-келiншектердi қылыштарымен шауып, кескiлеп, олардың
денелерiн шаң арасына былай лақтырып тастады да, үлкен бiр шаруаны тындырғандай боп,
боқтасып, айғайласып жүрiп, қайтадан аттарына қонды.
Олар ендi көршi ауылды талады. Қан көрiп, қасқырша құтырып алған Нахаев алды-
артына қарамады. Келесi ауылды да шауып, үйлерiн өртеп, қыз-келiншектерiн қорлап, әбден
масқарасын шығарды.
Етекте отырған ауылдарға бұл сұмдық желдей боп тез тарады. Олар мал-мүлiктерiне
қарамастан, аттарына, түйелерiне мiне-мiне сап, Сырдың арғы бетiне қарай қаша жөнелдi.
Бағана ауылдан жырылып кеткен бозбала етектегi ауылдарға тез хабар салып үлгерген едi.
Қазақтар ендi бас қайттап, Хан өткелiнiң тұсынан Сырдың арғы бетiне жалдамалап өте
бастады. Бiр күн iшiнде босқан халық қара құрттай қайнады да кеттi.
Осы кезде Нахаевтар тiмiскiленiп жүрiп, Хан өткелiнiң тұсынан кеп шыққан-ды.
Әуелгiде олар шошып қалды. Аттылы-жаяулы мыңнан астам кiсi дарияның арғы бетiне
қарай аттарын жалдап өтiп барады. Бергi жақта шоғырланып тұрғандары өте көп. Сырдың
осы жағын жайлайтын Жақайымдар түгел көшiп кеткендей. Құтырып алған Нахаев ендi
жемтiктес казактарына қарап:
— Мыналарды қыру керек! Кәне, шабыңдар! — деп барқырай айқайлады.
Бұлар қылыштарын суырып ап, төбелерiнде ойнатып, ағызып келе жатқанда, жағада
тұрған ел қасқыр көрген қойдай дүр ете түстi. Сырдың бұл жағасында жиде, жыңғыл қалың
боп өскен болатын. Жұрттың көбi соған қарай ұмтылды. Көбi қалың нудың арасына кiрiп-
кiрiп кеттi. Бiразы үлгере алмай қалды. Ағызып келген бойы бұлар аттың омырауымен
итермелеп, бiраз адамды жер қаптырды. Бiразын заматында шауып түсiрдi. Атты
казактардың аямасын бiлген қатын, бала-шаға барқырап жылап, ойбайлап, Сырдың
сарқырап жатқан ағысына қарай лап қойды. Әне, қолында тал бесiгi бар бiр келiншек суды
кеудесiне дейiн кешiп барып, iлгерi қарай жүзе жөнелдi. Ол қолымен тал бесiктi демеп,
аяғымен есiп, арғы бетке қарай өтпекшi боп барады. Топырлаған кiсiлер соның соңынан
салды. Олардың бiразы жүзе бiлмейдi екен. Көбi қолдары ербеңдеп, қорқырап су жұтып,
бұлардың көз алдарында суға кете бастады. Жағалау бiр сәтте айқай-ұйқайға, жылап-
сықтауға толды да кеттi. Нахаев қан көрген қасқырша ыржаң-ыржаң етiп:
— Оларды бiр-бiрлеп атайық! — дедi де, өзi бас болып, иығынан мылтығын жұлып
алды. Оның құлпын тез сарт-сұрт еткiзiп, кезектi патрон ұңғыға енгесiн, ұзақ көздеп тұрып,
бесiктегi бөпесiн қолымен демеп, арғы бетке қарай өтпекшi боп жүзiп бара жатқан
келiншектi атып кеп жiбердi. Оқ суды шашыратып, жанына кеп бұрқ ете қалғанда,
келiншектiң зәресi ұшып кетсе керек, алас ұра бастады. Ол лып-лып етiп сүңгiп, бесiктiң
бiресе бұ жағына, бiресе о жағына шығады. Оны басқа казактар да көздеп, атқылап жатыр.
Сол арада арғы бетке қарай жүзiп бара жатқан бес-алты адамға оқ дәл тиiп, суға дем
арасында батып кеттi. Бiр қара жiгiт өте сүңгiгiш екен. Бiр шолп етiп сүңгiгеннен кейiн
көпке дейiн су бетiне қылт етiп шықпай қойды. Нахаев оны оқ тиiп, суға батып кеткен
шығар деп едi, кенет ол сонау дарияның ортасынан барып бiр-ақ шықты. Бұл ызаланып
кетiп, қайтадан атып едi, оқ жетпей, бер жағына барып түстi. Сол арада бесiгiн қолымен
демеп алып бара жатқан келiншек те оқ жетер тұстан әрi асып кетiп үлгерген едi. Бұлар
қанша атқылағанмен, дарыта алмады. Ендi қара жiгiт қайтадан берi салып, жүзiп келдi де,
келiншекке көмектесе бастады. Екеулеп жүрiп арғы бетке шықты. Сосын бұларға қарап,
жiгiт жұдырығын түйiп, бiрдеңе деп айғайлады,
Нахаев ыза боп кетiп, сыбап тұрып бiр боқтады. Сосын аттарының басын бұрып, керi
қайтты.
Бұ кезде күн кешкiрiп, терiскейден дененi түршiктiрер суық жел тұрып алған едi. Күн
қып-қызыл боп батып барады. Оның табақтай дөңгелегiнiң жан-жағында бiр буалдыр дiр-дiр
етiп, жүзiн көмескiлей түскен. Оның қызғыш сәулесi алып Сырдың жарқырап жатқан