Стр. 26 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

25
Сенiң фамилияң қандай осы, а? Оны да бiлмейсiң? Ерофеевсың ба, әлде Булатовсың ба?
Жоқ, басқасың ба? Сен оны да бiлмейсiң. Сендейлерде Отан, туған жер, ата-ана деген ой да,
сезiм де бо-о-о-лмайды. Сендер... қарындарың тойса болды, сонда қаңғып жүре бересiңдер.
Мiне, ендi Түркістанда жүрсiң. Сенi мұнда кiм жiбердi, сенi мұнда кiм шақырды, а?
— Мен мұнда әскери борышымды өтеп жүрмiн, — дедi Захваткин сол арада қарап
түрмай.
— Мә, саған борыш, — деп Перонский қолын шығарып, Захваткиннiң мұрнына апарып
иiскеттi. — Мә, саған борыш! Сенiң шешең күң, әкең құл едi. Сен болсаң аузы арақтан
кеппейтiн мал едiң. Сен керек болса, кiмнен туылғаныңды да бiлмейсiң. Баяғыда
помещиктiң шошқасын ұрлап, сотталып кеткенсiң. Сосын рекрутқа айдалғансың. Сүйтiп
жүрiп офицер болдың. Осыныңның бәрiн патша ағзамға айтып хат жазсам, ертең құрисың!
— Кешiрiңiз, Ваше высокоблагородие, — дедi Захваткин ернi дiр-дiр етiп. Оның өңi
күнде қалған сүйекше мүлдем қуарып кеттi.
— Ендеше былай. Бұдан бұлай менiмен ақылдаспай ештеме iстемейсiң. Құйттай қияс
кетсең, айтпады деме, — аямаймын.
— Құп, Ваше высокоблагородие! — дедi Захваткин оның алдында сымдай тартылып.
— Жарайды, ендi бiраз жерге барыстық, — деп ол қолындағы ақ қолғабын шешiп,
қалтасынан орамал алып, сiңбiрiндi. Сосын оны қалтасына қайта салып жатып: — Черт
побери, қайдағы бiр киргиз-кайсактар үшiн жүйкемiз тозып кеттi. Жүйке басатын бiрдеме
ойластырмайсың ба? — дедi.
— Бәрi де дайын, Ваше высокоблагородие, — дедi Захваткин дыбырлай сөйлеп. — Берi
жүрiңiз. Стол баяғыда жасалынып қойылған.
Перонский кеңседен шықты. Сыртта бiр топ кiсi иiрiлiп тұр екен. Бұл әдейi бұрылып
кеп, олармен амандасты. Топ iшiнен Ережеп пен Елмырзаны танып, олардың қолдарын
қысып, бiр-екi ауыз сөз айтты. Оның сөзiн Ахияр тез арада аударып жеткiзiп жатыр. Оған
мерейi өсiп кеткен Ережеп пен Елмырзаның төбелерi көкке бiр елi жетпей қалды. Сол арада
генерал сәл жымиып:
— Тағамға сiздер де жүрiңiздер, — дедi.
Сол екен, Перонскийдiң iзiнен барлығы шұбырып жүре бердi. Осы топтың iшiнде
Жаманқұл, Татыран Тәбекен, Асан Байбосын мен Домақгың Жаңабайы да бар едi. Олар
генералдың тамақ iшуге шақырғанын үлкен бiр мәртебе көрiп, жүздерi нұрланып, жымың-
жымың етiсiп қалды. Сол арада Асан Байбосын қасында томпаңдап келе жатқан Жаңабайды
бiр бүйiрiнен түртiп:
— Опырмай, мұның арты жақсылық болса жарар едi, — деп күбiр ете қалды.
Жаңабай домаланған шикiл сары кiсi едi. Төрт қатынынан тараған балаларының алды
жеке-жеке ауыл боп, осы төңiректi жайлап отырған. Кеше мынадай сұмдықты естiген бойда
Жаманқұлға барып, не қыламыз деп кеңес сұраған едi. Сол үстiне Ережеп кеп, бұлардың
барлығын Захваткиннiң шақырып жатқанын айтқан-ды. Өмiрi орыс ұлығының жүзiн
көрмеген Жаңабай алғашқыда шошыса да, келе-келе батыл тартып, тәуекелге бел буған.
Ендi, мiне, ол Ережептiң ұлық алдында қандай беделi барлығын көрiп, таңғалып келедi. Ол
сол арада Байбосынға қарап:
— Мен де солай деп келем, — дедi.
— Кәзiр шошқаның етiн берсе, нағылдық, а?
— Ойбай, оныңды атай көрме!
— Қой, дымың iшiнде болсын, — дедi iзiнше Байбосын өздерiне қарап келе жатқан
Ахиярды көрiп.
Iшкi бөлмелерi кең етiлiп, бөренеден қиып салынған үйдiң ортасында үлкен үстел тұр
екен. Үстi тағамға толы. Ортасында танауы таңырайып отқа күйген торай жатыр. Жан-
жағында бастары ақ жаулық салғандай жылтыраған бiрдемемен оралған шампандар
сорайып-сорайып тұр. Перонский кұрметтi орынға барып отырғасын, қалған офицерлер мен
қазақтың шөпке шығар байлары жайғаса бастады. Елмырза осы жолы полковниктiң киiмiн
киiп келген екен. Екi иығындағы эполетi, мундирiнiң әр түрлi зерi көздiң жауын алады.
Жаңа киiмнiң үстiне әлi қона қоймағаны Елмырзаның ебедейсiз қозғалысынан ара-тұра
сезiлiп қалады. Оны көрiп, Ережептiң iшi күйiп кеттi. Касындағы Жаманқұлға күңк ете
қалды:
— Баяғыдан берi аузымыз бiр болғанда бар ғой, ана алтын-жезi бар киiмдi екеумiздiң
бiрiмiз киетiн едiк.
— Айтпа, ойбай. Ақымақ болған бiз ғана, — дедi Жаманқұл да күйiп кетiп. Ол да iшi
тар кiсi едi.
— Әлi де кеш емес.
— Сонда... қалай?
— Оның жолы көп қой. Қызметiн шексең, қай орыс бетiңнен сүймейдi? Айтпақшы,
бұлар арақ iшiп алғаннан кейiн, қатын кұсап шолпылдасып сүйiседi екен.