Стр. 28 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

27
бiрiншi рет көрiп отырған қазақтар айран-асыр қалды. Бiр қызығы, қыза келе олар бiрiнiң
сөзiн бiрi бөлiп, шуласа бередi екен. Дәл осы кезде өзiне сөз кезегi тиген Ережеп олардың
мастығын пайдаланып, қысқаша сөйлеп, мына сыннан оңай құтылып кеттi.
Аздан кейiн қонақтар тарқай бастады. Перонский қазақтарды оңаша алып қап, жез
мұртын ширата отырып, ұзақ сөйлестi. Оның сөз iләмiне қарағанда, ақ патшаның жергiлiктi
жерде қол артатыны осылар. Мыналар киын-қыстау кезде бай мен бағландардың орыс
ұлығына қол ұшын берiп, көмектерiн аямағаны дұрыс. Бұлардың мiндетi жер-жерге барып,
үрiккен елдi тиыштандырып, халықты бұрынғы отырған жерлерiне қайта көшiрiп әкелу
сықылды.
Соны түсiнген Ережеп басын иiдi:
— Ояғын қатырамыз.
— Бұл мырзаның айтып отырғаны дұрыс, — дедi сол арада Елмырза қыстырылып. —
Ережеп мырзаның Кiшi Жүзге жататын Алты ата Әлiм тайпасының арасында беделi жақсы.
Әрi өзi сыйлы кiсi. Оның... ана... қасында
отырған байлар да Әлiм тайпасынiкi. Бұлардың
қай-қайсысы да елге абырайлы, ажарлы кiсiлер. Менiңше, осыларға босқан халықты қайта
көшiрудi сенiп тапсыруға әбден болады. — Ол екi арада мәмiле айтқан боп, ол мiндеттен өз
мойнын босатып алып кеткен едi.
— Онда... дұрыс екен. Бұл мырзаларға бiз сенейiк, — дедi Перонский сәл жымиып.
Оның өткiр көк көзi тесiрейе қалыпты.
Ережеп қысылғаннан қызарып сала бердi. “Қап, мына түлкiнiң қорлығы-ай!” — дедi де,
бойын жинап:
— Сiзге үлкен рахмет. Мына отырған бәрiмiз халықты тиыштандыруға күш салып
бағамыз, — дедi. — Бiрақ... ел iшiнде кейбiр бұзақы кiсiлер де бар. Кейде халық бiздiң
айтқанымызды тыңдай да бермейдi. Оның үстiне бiз ақ патшаның соншалықты құрметiне
еге болған адамдар емеспiз. Сондықтан жұрттың бiздiң сөзiмiзге сенбеуi мұмкiн. Мына
отырған Елмырза төре ақ патшаның пәлкеунегi, оны бүткiл ел бiледi. Әгәрдә осы төре
барып, ел арасында үкiт таратса, ел ертең-ақ баяғы қара орнына қайтып келедi.
— Ережептiң айтқаны өте дұрыс!
— Елмырза төренi халық қатты сыйлайды.
— Пәлкеунектiң сөзiн iжкiм де жерге тастамайды, — деп сол арада қашып құтылуға
даяр отырған басқалары мұның сөзiн бiр ауыздан қоштай кеттi.
Перонский Елмырзаға қарап:
— Онда Сiз де кiрiсiңiз, — дедi.
Елмырза қап-қара боп, қарсы тiл қата алмай:
— Құп, айтқаныңыз болсын, — деп басын ие бердi.
Ережеп iшiнен мысқылдап күлдi: “Шен алатын түлкiсiң ғой, көрейiн әуселеңдi”.
Олар сол күннен бастап ел-елге жүрiп кеттi.
* * *
Жаманқұл, Байбосын, Тәбекен үшеуi былай шыға бере кеңес құрды. Тәбекен тапалтақ
келген сары кiсi едi. Екi бетi жалпақ. Шот маңдайы қабағын жауып тұратын. Ол сәуегейлiк
жасап:
— Осы бiздi ана iнiмiз арандатып жұрмесiн, — деп кәуiп айтты.
— Мен де сүйдеп отырым, — дедi Жаманқұл оны қоштап.
— Сонда... не iстеймiз? — дедi Байбосын сөз әуелi ана екеуiнен шықсын деп iшiн
тартып.
— Менiң ойымша, — дедi Жаманқұл ерiнiң қасын тырнағымен шұқылап тұрып, —
осының аңысын аңлайық. Байбосын Тоғанаққа, сен Жәнiбекке бар. Мен Лұқпанға барайын.
Әгәр олар ашуланып отырса, от үстiне май құя түсейiк. Жай отырса, татулық жайлы айтайық
та қайтайық. Қалған жерге Ережептiң өзi жүгiрсiн. Сосын бар ғой...
— Шынында да, осы мақұл. Жүгiруiн бiз жүгiрiп, ертең шен тағатын ана Ережеп боп
шыға келедi. Бәрiнен соның өкiнiшi жаман, — дедi Байбосын мыңқылдай сөйлеп. — Ал әгәр
орысты шабам деп батырлар көтерiлiп жатса, үндемейiк. Бiздiң айтқанымызға көнген жоқ
деп өзiмiздi ақтап шығайық.
— Бұ да дұрыс екен.
Осыған бәтуә байласқан үшеуi үш жаққа тарады.
* * *
Жаманқұлдың айтқаны, шыныменен, жобаға соқты. Ол Өтеген-Нұрымбеттiң күнбатыс
жағындағы нұралықта отырған Қаракесек Лұқпан батырдың ауылына жақындай бере...
шошып кеттi. Ауыл үстi нөпiр адам. Шоқпар, сойылдарын сайлаған кiлең сен тұр мен