Стр. 35 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

34
Бұхарада үш-төрт күн болғаннан кейiн Жәнiбек қасына серiктерiн ертiп, Хиуаға төте
жолмен тартып кеттi.
10
Тортай Хиуаға келген сайын терең бiр ойға қалатын. Жастайынан Европа тәрбиесiн
алып, ең дұрыс, ең төте жол осы деп түсiнген жiгiтке мына Шарқының өзiне мүлдем
түсiнiксiз алабажақ тiршiлiгi бiр түрлi қолапайсыз көрiнетiн. Пәрәнжәсын бетiне жамылған
әйелдер, құдайдың күйiп тұрған ыстығында бастарына қауғадай ғып бөрiк киiп алатын
кiсiлер, жастығына қарамастан сақал-мұртын өсiрiп, егде тартуға тырысатын жастар, шулы
базар, күнiне бес уақыт намазға шақырып жататын муәзiн даусы бұған сыры беймәлiм басқа
бiр тiршiлiктей боп сезiлетiн. Iштей түбiнде осының бәрi Европа халықтарының тұрмыс-
тiршiлiгiне қарай ыңғайлануы керек-ау деп түйетiн. Өзi Орынборға барып, сыптиған әскери
киiмiн киiп алғанда, жабағы жүнiн тастаған құлындай боп ойнап шыға келетiн. Ендi, мiне,
үстiне кең шапан, басына ала тақия киiп, саудагерге ұқсап, Хиуадан Бұхараға қарай беттеп
барады. Қасында жиырма шақты қазақ, ноғайы аралас топ бар. Олардың барлығы да
теңдерiн түйелерге тиеп, Орынбордан шыққанда сауда-саттық жөнiмен жүрген
саудагерлермiз деген куәлiк қағаздарын қалталарына басып алған-ды. Кеше олар Хиуада
болғанда, жансыздардың оқты көзiне тұспей, аман-есен дарбазадан шықты. Жолшыбай
Бұхара жаққа келе жатып, Тортай қатты толғанды. Өзiн құдай қашанғы сақтай бередi, деп
ойлады. Осыдан бiрер жұма бұрын мұны Петербургтан келген үлкен бiр ұлық шақырып ап,
оңаша сөйлестi. Ол бұның Хиуа мен Қоқан жағына жансыз боп барып, Ресей империясының
Шығыс жақтағы мақсат-мүддесiн iске асыруға зор пайда келтiргенiн, өзiн ақ патшаның
жақсы бiлетiнiн айта келiп, ендi бұларға жұмбақ күйiнде қалып тұрған Бұхара әмираты және
Қашқардағы алты шәһар екенiн ұзақ-сонар әңгiме қылып айтқан-ды. Бұл мақсат орындала
қалса, Тортайдың ұлы Ресей империясы алдында зор мiндет атқарған боп есептелетiнiн ұлық
екi рет қайталады. Одан-ақ мұның iшi кiп алып қалған-ды. Анада Хиуадан шаққа дегенде
құтылып шыққан бұл ендiгәрi бұ жаққа аттап қадам баспаспын деген-дi. Ақыры амалы
таусылып, осы сапарға келiстi. Әуелi ол жұрттың көзiн алдау үшiн Үстiрттiң үстiн басып,
Каспий теңiзiнiң жағалауымен жүрiп отырып, Хиуаның батыс жағынан кеп шықты.
Жолшыбай жүрген жолының бәрiн жаһаннамаға түсiре бердi. Сауда керуенiн Хиуаға
жiберiп, өзi Үргенiштi армансыз аралады. Мерзiмдi күнi Үргенiштен шығып, Әмударияның
жоғарғы жақтағы құйылысында өз керуенiмен кездестi де, Бұхара жаққа қарай тартып кеттi.
Қоңыр күз дендеп енсе де, Мәруге жақындығы сезiлiп, бұ жақтағы күннiң аптабы әлi
қайта қоймаған едi. Ыстыққа бұрын-соңды үйренбеген кiсiлер әбден қарайып күйiп кеттi.
Талқы суды қайта-қайта iшiп, көбiсiнiң iшi ауыратынды шығарды. Бұхараға жақындаған
сайын күн ысып, аспан жерге айналып түскендей көрiнiп кеттi. Тек қана бастары қақаңдаған
түйелер ғана еш сыр бермей, арқаларына артқан жүктерiн ауырсынбай, iлгерi қарай тартып
келедi.
Тау қолтығына жақындаған сайын күннiң ыстығы басылайын дедi. Жолшыбай биiктiгi
онша емес кiшiгiрiм таулар кездесе бастады. Бұ жақтың таулары жалаңаш, тұлдыр болып
келедi екен. Олардың ұшар бастары қып-қызыл тас. Баурайында мөлдiреп аққан бұлақтар
баршылық. Сол араларда ғана кiшiгiрiм көгалдар кездеседi. Тортай өзiнiң де шаршағанын
сезiп, сондай бiр кiшкенелеу таудың етегiне жете бере, керуендi тоқтатып, демалмаққа
бекiндi. Дереу жолдан шаршай бастаған түйелердi шөгерiп, жүктерiн түсiрiп, шатырларын
тiгiп, кiсiлер абыр-сабыр болды да қалды. Жаңа ғана жанып тұрған шөлдiң ортасынан
шыққан кiсiлерге мына қоңыр салқын жұмақтай боп көрiндi. Олар мөлдiреп, шыпшып аққан
бұлақтан су iшiп, бетi-қолдарын туып, рахаттанды да қалды. Әсiресе, Орынборға әр түрлi
кәсiп қуып келген татарлар ыстыққа мұлдем шыдамсыз екен. Жол бойы осы сапарға неге
шыққандарын айтып, өздерiн өздерi боқтап, жұрттың мазасын алып болған-ды. Ендi олар
барлығын да ұмыгып, аһыласып, уһiлесiп, суға түсiп, гуiлдесiп жатыр.
Тортай жаһаннама сызатын жiгiтiне барып, жолдың сұлбасын байқап көрдi. Ендi
Бұхара онша қашықта емес. Мына сол жағында Каган тиiп тұр. Одан әр жақта атақты
Кәрмәнә шәрi бар. Iшкi жұртқа қаншама келiп жүрсе де, бұл Бұхарада бұрындары болып
көрген емес-тi. Сондықтан да бұ жақта өзiн тани қояр кiсi бар деп еш қауiптенбедi.
Орынбордағы шекара қомиссиясының астыртын тапсырмасы бойынша, бұ сапары сәттi бола
қойса, керуендi керi қайтарып, өзi Ауғанстанға, одан әрi Тибет арқылы Қашқарға өтуге тиiс.
Мұны Үрiмшiде бiр таныс кiсi қарсы алмақшы. Осындай үлкен мiндеттi мойнына артқан ол
мына қасындағы жолдастарына да еш сыр ашқан емес. Өте сақ. Барынша тiлiне қарауыл
қойып келедi.
Басына тақия киген бiр татар саудагер бұған жақын кеп:
— Тортай, мырза, Бұхара әлi алыс па? — дедi.