Стр. 49 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

48
келiп жеттi. Келе ол селдiреп қалған сарбаздарды көрiп, қабағын түйiп, ләм-мим демедi.
Мына қалпымен сарбаздарды қырып алатынын ол кеше-ақ бiлген едi.
Күн батуға тақағанда Лұқпан батыр сарбаздарды қайтадан атқа қондырды. Бұ жолы ол
бұрынғыша кiсiлердi бiр араға топылтпай, араларын ашық қып, селдiрей шапқызды. Алдан
тарс-тарс етiп атылған мылтық оғы бұ жолы ешкiмге дари қоймады. Ысқырып кеп түсiп
жатқан доптардың жарықшағы бiр аттың қарнын жарып жiбердi. Iшек-қарны жерге
шұбалып түскен ат бiр рет құлақты жара шыңғырып жiберiп, омақаса құлады. Үстiндегi
егесi жерге ұшып түстi. Оған қарап жатқан басқалар жоқ. Ызаланған сарбаздар сойыл,
найзаларын көтерiп ап, алға қарай шауып барады.
Орыс қолы қазақтарды жан-жақтан шабады деп ойласа керек, бұлар келген тұстан тек
қана бiр зеңбiрек атқылап тұрған едi. Қамалға жақындай бергенде, қазақ қолы орыс
әскерлерiнiң жан-жақтан берi қарай жүгiрiп келе жатқанын байқады. Оны Лұқпан батыр да
көрген едi. Дәл осы кезде Шағырайдың қолы терiскейден лап қойды. Ол жақта қалған орыс
әскерi аздық қылды. Қарасақалдар “Алдамжарлап” ұран салған қалпы ағылып кеп, аттарын
бөренеден соғылған диуалдан қарғытып-қарғытып өте шықты. Iшке кiрген қазақ жiгiтттерi
сойылдарын оңды-солды сiлтеп, сасып қалған орыс әскерлерiн тез арада жусатып салды.
Сол арада Шағырай батыр орыс әскерлерiн тықсыра отырып, терiскей жақтағы қақпаға
қарай өтiп кетуге тырысты. Атты казактар жерге бiр тiзерлей отыра қап, ендi бұларды
дәлдеп көздеп ата бастады. Шағырай қатты айқайлап:
— Жан-жақтан лап қойыңдар! Болмаса жусатып салады! — деп, өзi iлгерi қарай ақыра
ұмтылды.
Қарасақалдың жiгiттерi де жандарын шүберекке түйiп алған екен, — барлығы да
батырдың соңынан қалмай орыстарға қарай лап бердi. Олар келе найзаларымен түйреп, бес-
алты орысты аунатып түсiрдi. Сойыл деген бұршақша сатырлап жауып кеттi. Орыс
әскерлерi бiр атқаннан кейiн мылтықтарын қайтадан оқтай алмай, қорқып, керi қарай қашты.
Қарасақалдар оларды қуалай қуып, жеткенiн жеткен жерде найзамен шаншып, қылышпен
шауып, қан-жоса ғып өлтiре бердi.
Шағырай батыр осы кезде сарбаздарына әмiр қып, терiскей жақтағы қақпаны ашқызып
та үлгерген едi. Кейiнде тұрған Шобан Тiлеулi батырдың жiгiттерi ендi iшке кедергiсiз кiре
бердi. Олар қамалдың iшiне енгесiн, негiзгi айқас жүрiп жатқан күнбатыс жаққа қарай шаба
жөнелдi.
Лұқпан батырдың қолы қамалға кiре алмай, бiраз адамы оққа ұшып, ендi керi қашқалы
тұрғанда, iш жақтан “Алдамжарлаған” ұран естiлiп, бiр серпiлiп қалған едi. Үрейi ұшып
кеткен орыстардың әскерлерi ендi бұлар жаққа қарап жиiлетiп мылтық атуды доғарды.
Олардың бiр мергенi ғана дәлдеп көздеп атып жатыр. Соны көрген Лұқпан батыр қатты
айқайлап:
— Сарбаздар! Ашық қақпаға қарай шабыңдар! — деп, өзi бас болып, терiскей жаққа
қарай ағыза жөнелдi.
Жауған оқтың өтiнде қалған жiгiттер оның соңыннан салды.
Бұл кезде Захваткин бастаған жүз елудей атты казак ұйлығысып, қамалдың түскей
жағына қарай ойыстан екен. Орыстар бұл араға күйген керпiштен там салып тастапты.
Олары түйе қорадай кең, әйдiк боп шықты. Жан-жағы батпақ, тайғанақ. Зәре-иманы
қалмаған атты казактар шашырай қашып, сол үйге қойып-қойып кетiстi. Соңдарынан қуып
келе жатқан қазақтардың аттары батпаққа тайып, ұшып-ұшып түстi. Осы кезде әйдiк тамның
есiк-терезелерiнен сығалап, атты казактар мылтық ата бастады. Бiрнеше жiгiт жарадар
болды. Сол арада Ерболат батыр бiр ақыл тауып, қарлыққан даусымен барқырап:
— Қайт! Қайт! — деп, сарбаздардың алдыңғы легiн шаққа дегенде тоқтатты.
Олар атты казактар тығылған әйдiк тамға жақын бара алмай, кеңесiп тұрып қалды.
— Мына жағы батпақ, әр жағы дариялық, ат жүре алмайды, ендi нағылдық? — дедi
Лұқпан батыр аптығын баса алмай тұрып.
— Сәл сабыр етейiк, — дедi Шобан Тiлеулi батыр.
— Сабыр еткенде, өзi... күн де батып барады.
— Ендi не iстейсiң? Осының өзiне шүкiршiлiк де.
— Менiң айтқанымды қылсаңдар, бұдан әрi бармайық. Олар тасада тұрып, мылтықпен
бәрiмiздi жусатып салады, — дедi Қарасақал Шағырай батыр. Оның оң самайын оқ жырып
кетiптi. Қатқан қан қара-қошылданып қалыпты. — Одан да қамалдың iшiндегi тамдарын
өртейiк!
— Бұ да ақыл! Кәне, сүйтейiк!
Батырлардан пәрмен болғасын, Әлiм жiгiттерi жүгiрiп жүрiп, от жағып, ағаштан
салынған тамдардың бiрiнен соң бiрiне от қоя бастады. Әуелгiде лып ете қалған әлсiз от
гүрлей келе қалың өртке айналды. Ол өрт ұласа келе, Қазалы бекiнiсiнiң сыртын қоршап
тұрған, бөренеден соғылған дуалға тиiп, лапылдай кеп жанды. Осы кезде терiскейден тұрған