Стр. 53 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

52
шыққыр!” — деп қарғап, елi-жұртын бiр түнде жинап ап, кiдiрместен Жаманқала жағына
қарай көшiп кетедi. Көп ұзамай оның қарғысы қабыл боп, күл шығып ауырған Палуан
Шықыман өледi. Сонда ағайындары өз қорымдарына қоспай, күл шыққан оны осы төбеге
әкеп жерлептi. Сүйтiп, жаңғыз обаның басына белгi орнатыпты. Содан берi ел-жұрт бұл
жердi Шықыман белгiсi дейдi.
Сол есiне түскенде, неге екенi белгiсiз, Ережеп кеуiлi алабұртып, бiр түрлi боп,
қобалжи бердi. Аздан соң өзiнiң мына қолайсыздау жүрiсiн сөкет көре бастады. Бұл
кешелерi Елмырзадан шабар кеп, Перонскийдiң мұны Райымға жұмсап жатқанын
айтпағанда, осы сапарға шықпайтын да едi. Сосын амалсыз көндi.
Таңертең түнде жауған қар қалың боп қалғандықтан, аттар аяқтарын сылбыр алып, баяу
жүрiп келедi. Бес-алты зеңбiрек тиелген түйелер бiр бөлек келе жатыр. Жолшыбай кеше ғана
Қаракесек Лұқпан батырдың қолынан қорқып қашқан атты казактар ендi қаналарына толып,
қодырайып, бәрiн қырып-жоятындай айбат шегiп болды. Соны көрiп Ережептiң iшi мұздап
сала бердi. Мына қалпымен жолшыбай жеке отырған ауыл кездесе қалса, бұлар ешкiмдi де
аямайды. “Оның бетiн әрмән қыла гөр!” — деп, iштей күбiрлеп, Ережеп әлденеден сескенiп,
Захваткиннiң жанынан шықпай қойды.
Олар екi араға бiр қонды. Атты казактар ырылдасып боқтаса жүрiп, шатырларын тiктi.
Сосын қар басқан далада бүрсеңдеп, сексеуiлдi сындырып әкеп, лаулатып от жақты. Үш
аяқты мосыға дәу қазанды iлiп, быламық сықылды бiрдеңенi асты.
Ережеп Захваткиннiң қасынан қыл елi шықпады. Әсiресе, өзiне оқты көзбен қараған
Нахаевтың түрiн көрiп, тiксiнiп қалды. “Мынау... адам етiн жер”, — деп, оған тура көз
салмай, ығыстап кете бердi. Кәзiрде де ол қазан басында сораңдап жүрiп, бұл жаққа әлмә-
һәл қарап қояды.
Бұның осы халын байқаса керек, Захваткин бiрде мұның иығынан қағып:
— Қалай, тоңдыңыз ба? — дедi.
— Жоға. — Бұл үстiндегi түлкi iшiгiнiң шалғайын жөндеп қойды. Басына киген жеңiл
тымағы, аяғындағы саптама етiгi қандай салқында да бойын мұздатпайтын.
— Сен... — Ол көзiмен Нахаев жақты нұсқады, — қорықпа. Ештеңе де ете аламйды.
— Жақсы.
Захваткиннiң сөзiн бұған аударып отырған Ахиярдың екi бетi аяз сорып, мүлдем
қызарып кетiптi. Бозамық көзi мөлие қалған. Ол сөз арасында татарша шүлдiрлеп:
— Бу итләрни қой, қардаш. Адамни соя салады, — деп қолын сiлкiлеп, мына дүнияның
ақырет-азабын әбден тартып болған кiсiше баж ете қалды.
Ережеп оған таңырқай қарады:
— Неге, а?
— Ойбай, аяғын сұрама. Бiрiншi Петр заманынан бермен қарай бұлардың iстейтiн
кәсiбi — ел шабу, адам тонау, мал ұрлау. Атты казактар дегендi патша өз қамқоршылығына
алып, құтыртып қойған. Бұларға кiсiнi қылышпен шаба салу деген мал сойғаннан да оңай.
Лажы болса, оларға жолама.
— Жолап жүрген мен жоқ. Тек ана бiрi... маған сенбейтiн сияқты.
— Ойбай, булар өзлерине де сенбейдi. Уларни қой, — деп Ахияр тағы да қолын сiлтедi.
Ережеп сол арада оған бұрылын:
— Оларға... сiз де сенбейсiз бе? — деп сұрады.
— Әрине, — дедi де, Ахияр кiлт тоқтай қалды. Сосын көзi жапақтап, бұған қарады.
— Олай болса, бұлармен неге бiрге жүрсiз?
— Ендi... қызмет бабы солай боп қалды. Оның үстiне... — Ол аз-кем мүдiрдi. — Қара
Иванны бiлесiз ми? Сол баяғыда Қазан шәһарын басып алғанда татарлардың еркектерiн қол-
аяғын бұғаулап, Сiбiрге жер аударған. Ал қыз-қатындарды орыстарға алып берген. Көп
татарды шоқындырған. Содан ол өзiнiң боярларына сенбей, татарлардан гвардия ұстаған.
Кәзiр Москваның маңайындағы кiшкене слободалар — татарлардiкi. Бiрақ ол татарлардың
бәрi орыс боп кеткен.
— Сонда... олар да шоқына ма? — дедi Ережеп таңырқап.
— Былай... ендi... — Ол қып-қызыл боп кеттi. От жарығында көзi көкпеңбек тартты. —
Шоқынады ғой. Жексенбi сайын шiркеуге барады.
— Ертең бұлар... бiздi де сүйтпес пе екен?
— Жоқ, үйтпейдi.
— Оған кiм кепiл?
— Ақ патша кәзiр басқаша саясат ұстап отыр. Ол жайында кейiн сөйлесермiз, — деп
Ахияр өздерiне қарай келе жатқан Захваткиндi көрiп, сөзiн кiлт үздi.
Захваткин от жанына кеп жайғасты. Бұларға адьютанты тамақ әкелдi. Буы бұрқыраған
ботқаны ортаға қойып, үшеуi үш қасықпен тамақ iштi. Өмiрi басқа ұлтпенен бiрiншi рет
табақтас боп отырған Ережеп әуелгiде тiксiнiп қалды. Келе-келе оған да етi үйрендi. Бiрақ
мына атала сықылды қоймалжың ботқа тамағынан әрi қарай өтпей қойды. Аздан соң бұл