Стр. 55 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

54
Тиышбек екi көзiн бағжаң еткiздi:
— Е, неге көрмейдi? Басқаға қараңғы болғанмен, Лұқпанның өзiне жарық та. Сосын
оңы келгенiн оң, сол келгенiн сол, өйдәй, қойдай ғып мауыздапты...
Тоғанақ мына бәтуасызбен сөйлесiп отырған өзiне ренжiдi. Сосын ол мұның бәрiн
Тиышбек өзiне әдейi айтып отырған шығар деп:
— Калай десең де, оның атты казактардың көкесiн көзiне көрсеткенi дұрыс болды.
Олар екiншiгәрi аяғын тарта жүретiн болады, — дедi.
— Мен де сүйдеп жүрмiн, — деп, Тиышбек ендi мұның ыңғайына жығыла кеттi. —
Көке, сол арада сiз болғанда бар ғой, олар кемемен де қашып құтылмайтын едi. Әттең,
құдайдың қу қайығын да бiзге бұйыртпай...
Тоғанақ одан әрмен оның сөзiн тыңдамады. Батырдың қабағын байқаған Тиышбек
кенеттен қибыжықтап, буындары күтiрлеп, орнынан түрегелдi:
— Қой, iшер тамағымызды iштiк. Ендi қозғалайық.
Ол кеткесiн, Тоғанақ батыр Сәндiбектi жұмсап, бiр iсек қойды сойғызды.
Тамақ үстiнде олар еру әңгiмемен отырды. Байбарақ осыдан бiраз бұрын Калдыбайды
қалай кездестiргенiн, оның тұрiкменнен өз қатынын қалай алып қашқан жайын бiр қыдыру
сөз еттi. Сосын тамсанып қойып:
— Қалай десең де ер жiгiт! — дедi.
Сол арада аңқаулау Сәндiбек тұрып:
— Аға, осы түрiкменге катын бiр тисе, өмiрi қайтпайды дейдi ғой. Сонда... үйтердей
олардың не пәлесi бар екен? — деп сұрады.
Жiгiттер ду күлдi. Табан астында қысылып қалған Сәндiбек олардың беттерiне алара
қарап:
— Сендер мұның неменсiне iшек-сiлелерiң қатып күлiп отсыңдар? — дедi
— Ойбай, мынаны-ай! Батыр аңқау, ер көдек деген нақ осы. Түрiкменнiң сырын сен
бiлмейтiн бе едiң? Қой мұны, — деп, бiр жiгiт тағы да шиқылына басты.
— Ойбай, iшегiм!
— Е, оны... мен қайдан бiлейiн, — деп Сәндiбек жан-жағына жапақтай қарады.
— Оны әгәрдә бiлгiң келсе бар ғой, сен былай iсте.
— Иә, құлағым сенде, айта бер. Сонда мен не iстейiн?
— Соның шынымен бiлгiң келiп бара атса бар ғой... онда сен ... ана қатыныңды бiр
түркменге берiп ал. Сосын кайтып келгесiн, бар мән-жайды одан анықтап сұра. Сонда бәрi
белгiлi болады да қояды.
— Өй, ит, сен де бiр, — деп, Сәндiбек қылжақбас құрдасын жұдырығымен түйгiштеп,
iргеге қарай тықсыра жөнелдi.
Олардың мына қылықтарына Тоғанақ та күле қарап отырып:
— Шынында да, сондай бiр әңгiме бар. Оның шет жағасын бiз де естiгенбiз. Баяғыда
бiздiң аталарымыз да сүйдеп отыратын, — дедi. — Сонысына қарағанда... былай... өзi ...
— Мен де сондай әңгiменi баяғыда шалдарден естiгем. Осы Сыр бойында түрiкмен
шаппаған ауыл өзi бар ма? Солардың олар алған қатын-қалашының бiрi де елге қайтпапты.
Әлде ұялған ба?
— Қайдағы. Жаугершiлiк заманда не болып, не коймайды? Одан да басқа бiрдемесi бар
де.
— Сонда о не?
— Оны ана Тиышбектен сұрасаң, бiрiн қалдырмастан, мөңiретiп айтып бередi...
— Шынында да, сол бар екен ғой.
— Бiр кездескенде содан сұрайықшы осы. Оның бiлмейтiнi жердiң астында емес пе?
— Дегенмен де өздерi мәрт, жауынгер халық қой. Ат үстiндегi ұрысқа аса мықты боп
келедi.
— Ана Адайлар оларды Үстiрт асырып, қалың құмға дейiн ысырып тастады. Бұлар да
нағыз ақкөз.
— Ойбай-ау, олар танысаң, адайыңмын, танымасаң құдайыңмын деп жүрген батыр ел
емес пе? Олардың қатынына дейiн найзагер.
— Паһ, паһ!
Тамақтан кейiн Тоғанақ кешкi намазын оқыды да, аяғын ақырын басып кеп, буын-
буыны күтiрлей еңкейiп, салулы тұрған төсегiне кеп қисайды.
Ертеңiне Тоғанақ Қазалыға екi-үш жiгiттi жұмсап, о жақтың жай-жапсарын бiлiп қайт
дедi. Олар бiр-екi күннен кейiн қайтып келдi. Жiгiттердiң айтуынша, Захваткин Арал жақтан
келген бойда Казалының диуалын қайтадан тұрғыздырып жатыр екен. Бұ жолғы оның
дайындығы аса катты көрiнедi.
Бұлардың естуiнше, Ережеп Тоғанақ пен Лұқпан
батырлардың айтқан үкiттерiне ермеңдер, бес қаруы сай орысқа қарсы шабам деп, бостан-
босқа қырыласыңдар деп, Төртқаралар мен Жақайымдарға үгiт таратып, өз жiгiттерiн жан-
жаққа жiберiп те үлгерiптi. Аламесектегi Елмырза төре күбiрнәтiрдiң берген бұйрығы