Стр. 56 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

55
бойынша тездетiп қол құрап, жақын арада көмекке Казалыға келмекшi екен. Оның үстiне,
Райым жақтан жәрдемге тағы да атты казактар келе жатқанға ұқсайды. Соның бәрiн тыңдап
боп, Тоғанақ iштей қара ақылына салып, ұзақ ойланып қалды.
16
Бiрнеше күн өткеннен кейiн Әлiмдердiң би, батырлары, ақсақал, қарасақалдары
Қазалының терiскей батыс жағына жинала бастады. Бұ кезде желтоқсан айының ортасы
болып қалған едi. Жердi қалың қар басып қалған. Қылшылдаған сары аяз таңертеңнен тұрып
алады да, түске таман күннiң көзi жылт еткенде, жылынғандай сыңай көрсетедi. Сосын
кешке карай шұғыл суытып, қайтадан кәрiне мiнедi. Қараүйдiң сыртынан киiздi бiрнеше
қабат етiп орап тастап, ортаға сексеуiлдiң шоғын жайнатып қойып қыстап үйренген Әлiм
ауылдары мұндай-мұндай аязды бұйым құрлы көретiн емес. Олар жиналып болғасын, бiр
бәтуаға кеп, ант берiстi. Бәрi де келесi жылғы қаңтар айының басында жиналайық деп
уәделестi.
Жиыннан кейiн Жаманқұл, Тәбекен, Байбосын үшеуi бөлектенiп шыға бердi. Олар
ауылдарына барып хабар айтамыз дегендi сылтауратып, Қазалыдан ұзап шығып кеттi. Үшеуi
жол үстiнде келе жатып, өзара ақылдасты. Байбосын өздерiнiң осыншама мiндеттi
мойындарына алғанына наразы болатын. Алдыменен сол күңк ете түстi:
— Бүйтiп ант берiп немiз бар едi? Онан да аңысын аңдағанда ғой...
— Мен де солай деп келем, — дедi Тәбекен оны қоштап.
Жаманқұл тақыс алып қалған әккiлiгiне басып, оларға күле қарап:
— Осы сендер де бiр қызықсыңдар, — дедi. — Сол антта тұрған не бар дейсiң? Ауызша
кiм ант бермейдi? Гәптiң бәрi iсте емес пе?
— Iс болғанда... ант бергесiн, амал жоқ, қол жинап барасың. Сенiң оныңа ел-жұртың
көне қойса жақсы. Көнбесе, тiрiдей жер болғаның. Содан кейiн... би деген атымыз бар...
абырайымзға нұқсан кеп... дегендей... — дедi Байбосын тоңқылдап.
— Өй, ел-жұрт көнбей кайда барады? Олармен қатты-қатты сөйлес, сосын қарсы
шыққан тiрi жан болса, маған әкел, — дедi Жаманқұл өжеттей түсiп.
— Бұл өзi... айтуға ғана оңай, iстеуге қиын.
— Өй, сен де бiр қара аспанды қапылтасың келiп. — Раманқұл ендi оған кейи сөйледi.
— Сен сонда қол жинап, осы жерде соғысам деп келесiң бе?
— Е, ендi қалай? — Байбосын оған таңырқай қарады.
— Өй, сен де бiр осы. — Жаманқұл оған қарап қолын түңiле сiлтедi. — Былай, түрiңе
караса, салауатты адамсың. Ал айтатын сөзiң баланың сөзi.
— Жоқ, сен жаңағы сөзiңдi түсiнектi қылып айтшы, — дедi Байбосын оны тақымдап.
— Оны түсiнектi ететiн түгi де жоқ. Елге барғасын, қол жинаймыз да, уәделескен күнi
келемiз. Сосын... шайқас басталып кеп калмай ма? Содан кейiн бар шаруаны ыңғайына
қарай көре жатамыз. Бұл арада бiздiң антты бұзбай, қол жинап келуiмiз керек.
Сонда ғана санасына мұның қулығы жеткен Байбосын басын шайқап:
— Туһ, сенiң де бiр таппайтын айла-шарғың жоқ екен, — дедi. — Осының бәрi ойыңға
қалай келе бередi, а?
— Ау, Жаманқұлды тегiннен-тегiн Жаманқұл болып жүр дейсiң бе? Ол әлi талай қулық
жасайды, — дедi Тәбекен кеуiлденiп. Ол да iшiнен ертең қол жинап келсем, оның соңы
қалай болады деп қиналып келе жатыр едi.
— Әңгiме былай. — Жаманқұл айдалада келе жатса да сыбырлай сөйледi. — Ендi
бiздiң нағыз қимылдайтын кезiмiз келдi. Бiздiң қалайда орыс ұлығының ығын алып,
бiрдеңенiң құлағын ұстап қалуымыз керек. Ол үшiн ана Елмырза мен Ережептi жағалай
берсек, iж артықтық етпейдi.
— Мұның... өт-т-те дұрыс, — дедi Тәбекен басын изеп.
— Мен де мұныңды қоштайым, — дедi Байбосын да күңк етiп.
— Бiз осы арада битейiк. — Ол атының басын тартты. Iркiне берген оны көрiп,
қалғандары да тоқтай қалды. — Бiздiң бұ жақта болғанымызды ана орыс естiмейдi дейсiң
бе? Ол, сөз жоқ, естидi. Сосын ол бiзге онша қайырыла қоймайды. Сондықтан... бiздер...
— Иә, — дедi екеуi қосарланып. Екеуiнiң де көздерi жайнап, қызық бiр ертек еститiн
кiсiше мұның аузына қарап, елiге түскен.
— Сондықтан бiздер... осы жайында Елмырза мен Ережептi хабардар қылайық.
— Сонда... мұның соңы қалай болады?
— Батыр... ертеңдерi бұ жайлы бiреу-мiреуден естiп қалса, өкпелеп жүрмей ме? — деп
екеуi күдiк айтып едi, Жаманқұл қолын бiр сiлтедi:
— Естiсе, ести берсiн. Лажы болғанша, естiртпеуге тырысу керек. Бiз орыс ұлығына
қорыққаннан қатыстық деймiз.