Стр. 57 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

56
— Бұ да дұрыс екен.
— Дұрысы сол, мен аздан кейiн сояққа тартам. Ал екеуiң ауылда жатып ап, тың
тыңдаңдар. Хабар өзiмнен болады, — дедi Жаманқұл өктем сөйлеп.
Ана екеуi бүған қарсы тұра алмады. Байбосын екi иығын қиқаң еткiзiп:
— Өзiң бiл, — дедi.
Татыран Тәбекен үндемедi.
Олар Жаманқұлдың ауылына кеп түнедi. Түнде үшеуi оңаша отырып, әңгiменi әбден
пiсiрiп алды. Өздерiнше бiр қулық тауып, ауыздарын басып, шиқылдай күлiп, бiрiн-бiрi
түрткiлеп, бiраз отырды. Ақыры қол алысып, уәде кылысты.
Сол күнi Жаманқұл Аламесекте отырған Елмырза төреге бiр жiгiтiн шұғыл түрде
аттандырып жiбердi. Өзi түн қараңғылығы түсiсiмен, қасына жолдас ертпестен Казалыға
аттанып кеттi. Әдетте жаңғыз жүруге сескенетiн ол бұ жолы қасында басы артық куәнiң
болғанын қаламады. Оның астындағы аты семiз, сiңiрлi, алыс жолға шыққанда аса сенiмдi
жануар едi. Жаманқұл басына киген кең тымағының бауын байлап, үстiне киген қасқыр
iшiгiнiң екi шалғайын тақымына қысып ап, ат үстiнде қорбиып келедi. Желтоқсан айы
болғасын ба, қарсы беттен соққан суық жел кiсi маңдайын тесiп барады. Жаманқұл оқтын-
оқтын пысқырып қойып келе жатқан атын сипай қамшылап қойып, шыныдай жалтыраған
көк мұздан өттi де, осы кезде оттары сонадайдан бұлдырап, әлсiз жылтырап тұрған Қазалыға
қарай тура салды. Бiраз уақыттан соң ол қайтадан диуалы салына бастаған Қазалыға келдi.
Күзетте тұрған казак мұны көрiп, мылтығын кезеп, бiрдеме деп, тоқтатпақ болды. Бұл оған
тақап кеп:
— Тамыр, бұл мен, Жаманқұл ғой, — дедi.
— Жаманқұл деген кiм? — дедi күзетшi мылтығын кезей түсiп.
Мылтықтың үңiрейген аузы өзiне карағанда, мұның бойын белгiсiз бiр дiрiл жайлап ала
қойды. Сонда да бойын билеп:
— Менi ұлығыңа алып бар, — дедi.
Анау мұның сөзiн түсiнбей, ұзақ ырғасып тұрып алды. Ақырында Ахиярды шақырып,
түсiнiскесiн барып, бұны iшке кiргiздi. Жаманқұл қамалдың iшiне кiрiп келе жатып, аз
күннiң iшiнде атты казактардың бекiнiстiң диуалын қайта соғып, биiктетiп қалғанын
байқады. Анадай жерде бiр топ казак от жағып, тамақ пiсiрiп жатыр. Ахияр мұны бастап
отырып, бiр ағаш тамның қасына кеп, атынан түстi. Жаманқұл да атынан түсiп, шылбырын
бiр ағашқа байлай салды. Сосын Ахиярдың соңынан ерiп, аяз буып сықырлап тұрған есiктi
ашып, iшке кiрдi. Жаңадан соғылса керек, тамның iшiнен қарағайдың исi шығады. Оның қақ
ортасына қойылған төрт аяғы бар аласалау үстелдiң үстiнде балауыз шам сықсиып жанып
тұр. Кiшкене бөлменiң бiр бұрышында мұңланған Иса пайғамбардың бейнесi салынған
әлдеқандай сурет iлiнiптi. Мұндай суреттi өмiрi көрмеген Жаманқұл iштей тiксiнiп қап,
iшiнен: “Иә, Алла, өзiң кешiре гөр!” — деп, ақырын күбiрледi. Сол арада Захваткин мұны
көрiп, отырған орнынан лып етiп түрегелiп, мұнымен қолын алып амандасты. Сосын отыр
дегендей, көзiмен арқалы орындықты нұсқады.
Жаманқұл орындыққа отырып жатып, орыс ұлығының қабағының әлденеге
қатыңқылау екенiн байқап үлгердi. Ол дем арасында әлденеден қалтырап кете берген бойын
әзер жиып алып, анадай жерде сексиiп тұрған Ахиярға қарап:
— Мырза... Мына ұлыққа айт, мен қызық хабар айтқалы түнделетiп келiп отырмын.
Соны дұрыстап жеткiз, — дедi.
Ахияр оның сөзiн орысшаға тәржiмәлап жеткiздi. Захваткин бұған сенбеген сыңаймен
қарап аз тұрды. Сосын басын су iшкен атша изеп қап:
— Құлағым сiзде, — дедi.
Ендi Жаманқұл асықпай, бiраздан бермен қарай дайындалып жатқан жағдайдың бәрiн
баяндап шықты. Жаңа ғана селқос отырған Захваткин кенет бойына жан бiткендей қунақ
тартып сала берiп, мұның сөзiн ықыласпен тыңдап, кей жерлерiнде бұған сұрақ қоя бастады.
Жаманқұл оған назар аударып жатпады. Мұның бар айтқаны — қазақтардың жинап жатқан
қолына өздерiнiң ерiксiз қосылатындығы, iштерiнен бұл шайқасты қаламайтындығы едi.
Бұл сөзiн аяқтағанда, Захваткин орнынан лып етiп түрегелiп кетiп, аласалау бөлменiң
iшiнде әрлi-берлi жүре бастады. Өзi ара-арасында:
— Так, так, — деп кояды,
Өмiрi үй iшiнде кiсiнiң бойы сереңдеп, әрлi-берлi кезiп жүрген бiр жәйтiн көрмеген
Жаманқұл оған таңдана қарап отырып, iшiнен: “Мына кәпiрдiң мұнысы нес?” — деп, сәл-
пәл аңтарылып қалды.
Аздан кейiн Захваткин бұған бұрылып, жылы ұшырай қарап:
— Мұндай хабар әкелгенiңiзге көп рахмет. Әгәр сiз бiзге осылайша қызмет етсеңiз,
онда сiз... бiздiң сенiмдi адамымыз боласыз, — дедi.