Стр. 58 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

57
— Алдыраз болсын, — дедi Жаманқұл басын иiп. — Өзiмнiң де ойым сол, сiздерге
кызмет қылу. Мынадай бүлiншiлiктi өз басым жақтамайым. Сiздер келiссеңiздер, онда мен
өз тайпамнан әскер жинамас едiм.
— Неге? — деп, Захваткин бұған таңдана қарады.
— Оның iж негесi жоқ, жаңбырша жауған оққа қарсы көк өрiм жастарды айдап салғым
келмейдi.
— Ол өзi... дұрыс қой. — Захваткин үй iшiнде тағы да кезiп жүре бастады. — Бiздiңше,
сiз әскер жинаңыз. Сосын жаңа айтқандай... қиын сәтте... түсiндiңiз бе?
— Түсiндiм.
Бiз оны сiздiң бiзге көрсеткен көмегiңiз деп бiлемiз.
Рахмет.
— Әзiрге сiз бiзге хабарды басқа бiреу арқылы жеткiзiп тұрыңыз. Мұнда өзiңiз
келсеңiз, олардың күдiк алып қалуы мүмкiн.
— Жақсы. Менiң хабар жеткiзетiн кiсiм бар. Тек оны көп қинамай, қамалға кiргiзiп
тұрсаңыз екен, — дедi Жаманқұл алдына екi қолын қусырып ұстап тұрып.
— Ол әңгiме емес, — дедi де, Захваткин сол арада көмекшiсiн шақырып ап, қысқаша
бұйрық бердi: — Мына кiсiнiң адамы келсе, тура өзiме әкел!
— Құп, ваше высокоблагородие! — деп, адъютант тiк тұра қалды.
— Жарайды, ендi бара бер. — Ол сыртқа шығып кеткесiн, Захваткин бұған қарай
бұрылды. — Әскердiң.... то есть, разбойниктердiң саны қанша екен?
— Ояғын кiм бiлiптi? Шамамен, мың жарым, екi мыңдай болып қалар.
— Көп екен, ә? — Ол басын шайқады. — Олардың қару-жарақтары жақсы ма?
— Ояғы нашар.
— Сiзге тағы да рахмет. Осылай қызмет етсеңiз, кейiн еңбегiңiздi ақтаймыз, — деп
Захваткин мұның қолын алды. Сосын көмекшiсiне бұйырып, мұның арқасына бұлғын iшiк
жапты. — Мынау әзiрге сiзге деген құрметтiң белгiсi болсын.
— Алдыраз болсын, — деп, Жаманқұл қуанып кеттi. Екi көзi шоқтай жайнап, жымың-
жымың ете калды.
— Әзiрге ауылыңызға бара берiңiз. Хабаршы жiгiтiңiз келсе, тура өзiме ертiп әкеледi.
Ал, сау болыңыз.
Жаманқұл қамалдан кеуiлi өсiп қайтты. Бұл кезде терiскейден соққан жел басылып,
дала тып-тиыш боп жатыр екен. Аспанда алашабыр бұлт бар. Бүгiн ай шалқалап туыпты.
Соған қарап келе жатып, Жаманқұл: “Күн суық болады-ау”, — деп, атының сары аяңына
сап, ауылына қарай сылқытып жүре бердi. Жолшыбай өзiнiң бүгiнгi жасаған қулығына өзi
мәз болып, iшiнен сылқ-сылқ етiп келе жатып, ақыры шыдамай, қарқылдап күлiп жiбердi:
— Әй, бiр қатырдым-ау!
17
Уәделескен күнi Әлiм тайпасының жiгiттерi Қазалының желке тұсындағыл белгiленген
жерге қарай ағыла бастады. Әуелi Кiшкененiң балалары құраған қол өз алдына бiр ауыл боп
топталып, қараша үйлерiн тiгiп-тiгiп тастады. Содан кейiн басқа ауылдардың қолдары рет-
ретiмен келiп жатты. Олардың қай-қайсысы да сойысқа деген малдарын өздерiмен бiрге ала
келген екен. Әлiмдер мұнда келiп жайғасқан күннiң ертесiне бiр-бiрлерiн шақырысып,
бұрын көптен берi көрiсе алмай жүрген ағайындар айқұшақ қабысып, дәудiрлестi де қалды.
Көптен берi тиыш жатқан жазық дала дем арасында ұйқыдан оянғандай, абыр-сабырға
толды да кеттi.
Лұқпан батыр жан-жақтан ағылып келiп жатқан жұртты көрiп, не бiр қанды шайқастар
есiне түсiп, со кездегi халық, ың-жың көз алдына ерiксiз келе қап, сәл-пәл түршiккендей
болды. Ертеңгi болар шайқастың жай-жапсарын ойлағысы да келмедi. Талай қырғынды
көрсе де, бiр түршiгiп көрмеген бұл, кәртейейiн деген бе, соңғы кездерi тиыштық жайлы көп
ойлайтын боп кеттi.
Ертеңiне бұл тағы да ту бие сойдыртып, ақсақал-қарасақалдар тегiс жиылған мәжiлiсте,
тамақ үстiнде, барлығына жағалай карап тұрып өз байлауын айтты:
— Ағайын, атасы басқаға кеткен есемiздi алайық деп мынадай талапқа бел буып
отырмыз. Ендiгi мәсәлә мына-дай: мына жиылған қолды кiм басқарады, мыңбасы етiп кiмдi
сайлаймыз, соны келiсiп алайық.
Шалдар қозғалақтасып, бiр бiрлерiне қарасты:
— Оны... ендi... қалай едi өзi?
— Мыңбасыны өзiң белгiлемейсiң бе?
— Бiз бiр соғысып көрген кiсiмiз бе? Ертең арты...