Стр. 59 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

58
Осы кезде төр жақта малдас құрып отырған, сақалы қауғадай бiр қара шал тамағын
кенеп алып:
— Бұ қолға өзiңнен басқа басшылық жасайтын iжкiм де жоқ. Жалпы бәрiн өзiң
басқарып-текшер, — дедi.
Сонда Асан жағының бiр шалы:
— Ау, бiз қайда қаламыз? Басшылық жасайтындай бiздiң де адамымыз бар, — деп
қалды.
— Онда, — дедi әлгi кiсi тұрып, — жалпы басшылықты Лұқпанға берейiк. Қалған
рулар өздерiнiң жүзбасыларын өздерi белгiлесiн. Ал Асан жағының қолына басшылықты
Байбосынның өзi жасасын, — дедi.
Осыған келiскендей, шалдар қозғалақтасып, дуылдаса бастады:
— Ең дұрысы осы ғой дейiм.
— Екi жақ та тең болды!
— Достың кеуiлi бiр атым насыбайдан деген. Мынадай кезде өкпенiң болмағаны дұрыс.
— Осыған бәтуа жасайық!
Сол арада Лұқпан тұрып:
— Ағайындар, тоқтау осы болса, кәнеки, онда соған бәте қылайық, — деп, күректей екi
қолын жайып, шалдардың батасын алды. Сосын аз-кем үнсiз қап, сөзiн әрi қарай
жалғастырды: — Ендiгi айтатын нәрсе — шайқас басталмай тұрғанда ел-жұртты бұ йерден
аулақтау жерге көшiрiп жiберу керек. Ертеңдерi жағдайдың қандай болатынын кiм бiлiптi?
— Қандайы нес?
— Өй, сен де бiр. Шынында да, бұл жөн әңгiме.
— Бiз мұны ескермеппiз ғой.
— Өт-те дұр-рыс, — десiп, шалдар құнжыңдасып, бiр-бiрлерiне қарасты.
— Ендеше келiстiк.
Сол күнi тамақтан соң, Лұқпан батыр тездетiп жан-жаққа кiсi жiберiп, Әлiмдердiң
ауылдарын дарияның арғы бетiне жаппай көшсiн деген хабар айтты. Қыстың көзi қырауда
ауа көшудiң оңай еместiгiн бiле тұра, ол сақтық ойлады. Ертең бес қарауы сай атты
казактарды тас-талқан ете алса жақсы, ете алмай қалса, олардың бейбiт жатқан ауылдарға
ойран салғанын көргiсi келмедi. Сондықтан да ауылдарды жаппай көшiрiп, Ұялы жағына
карай бiр қадам болса да жақындап қонғанын қалады.
Содан кейiн ол бiр жiгiттi Тоғанақ пен Жәнiбекке жұмсады. Оған өзiнiң талап қылып
жатқанын айтып, олардың көмекке өз сарбаздарымен келгенiн қалап, хат жазды.
Арада бiр апта өттi. Лұқпан әлi де төрт Әйдәрбектiң балаларының қолдары келмей
жатқасын, шайқасты бастар күндi кейiнге қарай амалсыз ысырды. Сүйтiп отырғанда қаңтар
айының бiр-екiсi де боп калды. Аздан соң күн қатты суытып, терiскейден бiр ызғырық жел
тұрып, бұлардың әптер-тәптерiн шығара бастады. Оның арты жапалақтап жауға қарға
ұласты. Осы жолы жерге қар белуардан келердей боп қалың түстi. Ертесiне сақырлаған сары
аяз тұрып, асығыс тiгiле салынған қараүйлердiң iшiн азынатты да жiбердi. Осы
жайсыздыққа карамастан, Шектiлер қараша үйлерiнiң сыртын сексеуiлмен қоршалап, оның
ортасында отты маздатып жағып, киыншылыққа қыңқ етпей төзiп отыра бердi.
Зорлық-зомбылыққа көнбей, атқа қонған қаһарман халықтың тағдыр-талайы
анықталатын сол күн де жақындап келе жатты.
18
Елмырза шошып кеттi. Оған мынадай сұмдық хабарды жеткiзген Тиышбек дәудiрлеп:
— Осылай болып атыр, мұның аяғының кайда апарып соғарын бiр құдайдың өзi бiледi,
— дей бередi.
— Апырмай, мынауың рас болса, өте қиын екен. Шамасы, ақұдайларға бiрдеме
көрiнген шығар. Олар сонда... бес қаруы сайма-сай қалың дұшпанды құр сойылмен қиратып
саламыз дей ме екен? — дедi Елмырза қара бұжыр түрi онан сайын қарауыта түсiп.
— Ояғын... бiлмедiм.
— Ойбай-ау, кешелерi орыстардың Ақмешiттi қалай тас-талқан қылғанын... сен осы өз
көзiңмен көрген жоқсың ба? Ертеңдерi атты қазақтарын айтпағанның өзiнде, бiр ғана
допшыларының өзi-ақ ешiрген елдi бiр доппен қырып салады. Сосын не болады? — деп,
Елмырза екi қолын екi жағына қарай жайды.
— Өй, ояғын ойлап жатқан кiсi жоқ. Ана әумесер жiгiттер... әбдән желiгiп алған.
Олардың қолдарында бiр-бiр сойыл. Олары өздерiне құдды бiр кезенiп ататын оқ сияқты.
Шеттерiнен ақ патшаны тас-талқан қылатындай желiгiп жүр, — дедi Тиышбек мысқылдай
сөйлеп.