Стр. 61 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

60
шиыршықтап орап, белiн жiппен байлады. Сосын жiптiң қосылған ұшының тұсына сарғыш
бiрдеменi көңiрсiте отырып құйып, ол қатая бергенде, оның үстiне саусағындағы жүзiк
сықылды үнемi киiп жүретiн мөрiн басты. Содан соң барып оны Тиышбекке берiп жатып,
өзiнiң Тоғанаққа жеткiзетiн сәлемiн ауызша айтты. Тиышбек хатты қойнына тығып ап,
жымырая күлiп, келген жағына қарай тайып тұрды.
Ол кеткесiн, Елмырза мынадай жағдайдың арты неге соғады деп ұзақ толғанды. Өз
есебi бойынша, Қаракесек Лұқпан батырдың iстегенiн орыс ұлығы ұмытпайды. Әйтеуiр, бiр
кездерi есесiн қайтарады. Бұлар тиыш жүрiп, бас пайдасын көздеудiң орнына бүлiншiлiк
бастап, Қоқан ханы Хұдаярдың әлi келмей қойған ақ патшаның әскерiн қуып жiберемiз деп,
бостан-босқа күпiлдесiп жатыр. Мұның аяғы қиын болады.
Ол сол күнi ешқайда шықпай, арғы-бергi жағдайды ойлаумен болды. Елмырза биыл да
Аламесек бойында қыстап, Шөмекейлер мен Кетелерден сыбағаға бiраз мал алған-ды. Соны
соғым ғып, iшi-сырты тегiс майланған-ды. Жақын арада Бозғүлдардың бұған ажарлы деген
кiсiлерi кеп, бiр үйiрдей жылқысын айдап әкелетiнiн айтып кеткен едi. Ендi сол мал қашан
келедi деп ойлаған бұл отырған жерiнен ешқайда қозғалмаған-ды.
Бiр жұмадан соң Тиышбек аптығып кайтып келдi. Қолында Захваткиннiң хаты бар.
Оны Ахияр жазыпты. Елмырза хатты оқып жiберiп, өзiне орыс ұлығының тағы да бiр үлкен
мiндеттi арта салғанын бiлдi. Захваткин бұған көтерiлiсшiлердiң қатарының күннен-күнге
зорайып, етек жайып бара жатқаны жайлы қорқа жазыпты. Бұлардың қолында не бәрi он
шақты зеңбiрек бар. Үш жүздей атты казак Қазалыны қорғауға ғана жарайды. Бүлiкшiлердi
өз ұясына барып тас-талған етуге бұлардың қолы кемдiк етiп отыр. Сондықтан да бұның
анадағы Ақмешiтке барған қолымен дереу Казалыға жеткенi мақұл. Захваткин сол ойын
бұған бұйырмай, бiр түрлi өтiнiш бiлдiргендей етiп жазып бiлдiрiптi. Соны кеуiлiне медеу
тұтып, Елмырза маңыздана отырып, ақырын ыңырсып:
— Иә, — деп қойды. Сосын Тиышбекке қарады. — Сен болсаң менiң шаруамды
атқарып жүрсiң. Оның бiр өтеуiн дұрыстап тұрып қайтарармын. Мына ұлық тағы да менiң
мойныма бiр мiндеттi артып отыр. Баяғы өзiң бiлетiн жiгiттер бар емес пе? Ақмешiтке бiрге
барғандарды айтам. Иә, соларға қайтадан жинал деп хабар беру керек. Осыған сенен
лайықты адам жоқ. Сен ақ патшаға қызмет көрсетiп, соларды тез арада жинап әкелсең, еткен
еңбегiң кейiнiнен қайта жанады ғой.
— Е, үйтпей менiң ауруым бар ма? Сен айтсаң болды ғой. — Ол сайқылана күлдi. —
Тек ағаңның еңбегiн еш қылмасаң...
— Ойбай, ояғын айтпа, Мiне, уәде, — деп Елмырза оның қолына алақанын сарт еткiздi.
Қуанып кеткен Тиыпбек пiсiп тұрған тамаққа қарамастан, сыртқа қарай ата жөнелдi.
* * *
Тиышбек бес-алты күннiң iшiнде бар ауылдың апыр-топырын шығарып, кеше ғана бет-
бетiне тарап кеткен, Елмырзаның қарауында болған әскердi жинап әкелдi. Алдымен бес
Бозғұл төрт Сөйiннiң iшiндегi батырлауы, алаң-ғұлаң еткен Тайпан келдi. Оны мақтап-
мақтап қоптыртып қойып, Елмырза:
— Сен осы анада... Жәнiбектiң сойылға жыға жаздадың, ә? — дедi.
— Е, үйтпей, мен кiмнен қорқайын? — деп, әңгүдiктеу Тайпан ақия түстi.
— Со жолы құдай сақтаған екен. Болмаса сенiң қолың ауыр ғой...
— Айтып отқаның ып-рас. Сiлтеген сойылым тайып тидi. Болмағанда табанда сеспей
қататын едi.
— Сүйткенiңде, кеткен кегiңдi бiр алатын едiң, — дедi Елмырза оны әлденеге қайрай
түсiп.
— Айтпақшы, анада оны Орынбордан қашып кеттi дейдi ғой. Сол өзi қалай болды? —
дедi Тайпан бұның бетiне тура қарап.
Елмырза қолын бiр сiлтедi:
— Өй, бәрi де ана ашық ауыздардың айрылып қалғанынан ғой. Болмаса бүгiндерi
Жәнiбек Сiбiрде саңырауқұлақ терiп жүретiн едi.
— Сүйткенде бiр қызық болатын едi, — деп, Тайпан екi қолын сарт еткiзiп, әлденеге
жас балаша шиқылдап күлдi.
— Ол қызықты... кәзiрде де iстеуге болмай ма?
— Сонда... калай?
— Ол ана Сарғасқа Тоғанақ батырмен тiзе қосысып жүрген жоқ па? Мына көтерiлiске
ол қатынаспай тұра алмайды. Сосын, қалғаны белгiлi... — Елмырға бұның жүзiне қулана
қарап, жiпсиген қалмақы қоңыр көзiн бiр қысып қойды.
— А, солай ма? — дедi аңқау Тайпан таңғалып.