Стр. 63 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

62
— Осы аузы түктi кәпiрдiң сойылын соғамыз деп, мынадай сасық қамашауда отыра
беремiз бе?
— Мынасы бiр зындан ғой!
— Айтпа!
— Одан да сыртқа шығайық та, — деп, өзара күңкiлдесе бастады.
Соны естiген Елмырза ақыры Захваткинге барып, мән-жайды айтып, оны өз дегенiне
көндiрдi. Содан кейiн ол жiгiттерiн бекiнiстен алып шығып, қарағаштар өскен саздақты
жерге мынадай жорық кезiнде үнемi алып жүретiн шатпаларын тiктiрдi. Сосын қызметшiсiн
жұмсап, жақын жердегi жыңғылдарды шаптырып, отын еткiздi. Даланың осындай
жағдайына етi үйренiп кеткен жiгiттер дем арасында өзара самбырласа сөйлесiп, қарқ-қарқ
күлiсiп, айналаны ың-жың етiп жiбердi. Содан қашан шайқас басталғанша дейiн Елмырза
жiгiттерiнен бөлек жырылмай, осы шатпалардың бiрiнде қона жатқанды жөн көрдi.
Аздан кейiн күн шұғыл суытты. Қар әуелi жапалақтап жауып, жердi көмiп тастады да,
iзiнше сақылдаған сары аяз тұрып, шатпаларда тұруды қиындатып жiбердi. Сондай бiр күнi
Фитингоф мұны шақырып ап, Тоғанақпен келiссөз жүргiзiп қайт, Әлiмдердiң қолына
қосылмасын, деп өтiнiш еттi. Әуелгiде барғысы келмеген бұл ақыры оның өтiнiшiне қинала
отырып келiстi. Сол күнi ол қасына Шатайды ертiп, жүрiп те кеттi.
19
Жәнiбек Әлiмдердiң хабаршысы келiп кеткеннен кейiн: “Осы... бiздiң әлiмiз орыстарға
жетер ме екен? Олардың бес қаруы сай. Оған қарсы барып, елдi босқа қырып аламыз ғой.
Сосын... менiң... оларда нем бар?” — деп ойлады. Сол сәт оның есiне көптен берi өзiмен
қырқысып келе жатқан Ережеп түстi. Қазiр ол болса, ақ патша жағында жүр. Егер бұл мына
шайқасқа қатыса қалса, онда орыстардың мұның iзiне шырақ алып түсуi мүмкiн. Сонда
бұған кiм көмек бере алады? Соны ойлап, ол кеңеспек боп, оның не iстемекшi екендiгiн
бiлейiн деп, Тоғанаққа Қалдыбай мен Кожақты жұмсады. Олар бiрер күннен кейiн қайтып
келдi. Жiгiттерiнiң айтуынша, бұл шайқасқа қатынасуға Тоғанақ та құлықсыз екен. Оның
аңыс аңдайтын шамасы бар сияқты. Сосын батырдың бiр айтқаны, хабар өзiмнен болады,
дептi. Содан кейiн Жәнiбек аулында тырп етпей жатып алды.
Арада бiрнеше апта өттi. Бiр күнi ертелетiп Тоғанақтың шабары да жеттi. Одан
батырдың ағайын өтiнiп жатқасын, бармауға болмас, Аспан, Бозғұлдың қолы бiрге болайық,
деп, кездесетiн жер мен күндi айтып жiберiптi. Сосын Жәнiбек кiдiрмей Аспан елiнiң алты
шақасына хабар жiбердi.
Содан көп өтпей жүзге жуық жiгiттiң басы құралып та қалды. Сосын Жәнiбек
Тоғанақтың қолына қосылмақ боп, уәделескен жерге қарай тартып кеттi.
Бұл кезде оңтүстiкке қарай сұғынып жатқан Қызылдың iшiне қыс әлi дендеп кiре
қоймаған да едi. Жәнiбектiң ауылы қыстап отырған Жаман шығанақтың жазығына биыл қар
ерте түскен. Бұл ара күндiз де, түнде де суық. Ықпанасы жоқ шығанақтың үстiнен аңырай
соғатын ызғырық жел кiсiнiң де, малдың да берекесiн қашырып, жерде жатқан жас қарды
суыра соғып, айналаны алай-түлей қылады да жiбередi. Сырттай қарағанда, қар тек ғана осы
жерде суырып жатқандай боп көрiнедi.Қызылдың басқа жерлерiне түскен қар әлi де қырбық,
оның көп жерi ашық жатыр.
Жәнiбектер терiскейге қарай жақындаған сайын қар қалыңдай түстi. Қуаң бойында да
қар бар екен. Бiрақ ол түскен бойда-ақ ерiп, iзiнше тұрған суықтан мұз боп мөлдiрей қатып,
жердiң бетiн көктайғақ қып жiберiптi. Аттардың болат тұяқтары кiршiлдетiп басқан сайын,
жұқа мұз быт-шыты шығып, ойылып сала бередi.
Қуаң бойынан өткесiн, қар мүлдем қалыңдай түстi. Әсiресе, Көсе бойына қар қатты
жауыпты. Бұ жақтың карының әлi мұрты да шағылмай, сiресiп тұр екен. Оның үстiне, осы
кезде күн де шұғыл суытып сала берген. Күнбатыстан бетi аумай тұрып алған ызғырық жел
кiсiнi тiке қаратпай, адамның маңдайын тесiп барады. Мынадай суықтан денелерi тоңазып,
қыраулана түскен аттар бастарын шұлғып қойып, жүрiстерi ширақ тартып, алға қарай
пырылдай тартып келедi. Кешелерi Жәнiбек өз жiгiттерiне үйлерiңдегi бар қару-
жарақтарыңды алып шығыңдар деп тапсырған-ды. Олар қолда бар қарудың барын
қарларына iле шығыпты. Мына келе жатқан топта найза да, сойыл да, айбалта мен шоқпар
да жетерлiк. Мылтық тек кана Калдыбайда бар. Мұндай бес қаруы сай емес, асығыс түрде
жинала қалған қолмен жасанған жауға қарсы тұрып болмайтынын Жәнiбек жақсы аңғарды.
Бiрақ жақын ағайынның басына күн туып жатқан кезде, оны-мұны сылтауратып, үйде жатып
алғанды ұят санаған бұл амалсыздан осы жолға шыққан едi. Ендi неде болса, басқа түскендi
бiрге көрелiк деп түйiп, ол азғантай қолдың алдына түсiп ап, терсiкейден ат басын
аудырмай, тартты да отырды.