63
Бұлар Қылышбайдың күзерiне кеп, осы кезде мұзы ұстасып қалған жайқын Сырдың бiр
қылтасынан арғы беттегi Кеңтүпке өттi. Содан кейiн Байқожаның сабатында өзiн күтiп
отырған Тоғанақ батырдың қолына кеп қосылды.
Олар екi жүздей сарбаз екен. Сол арада Тоғанақ пен Жәнiбек оңаша сөйлестi. Тоғанақ
әлденеге ренжiгендей кейiппен қабағын түйiп тұрып:
— Мұның аяғы қалай болар екен? — дедi. — Бұлар да бiр... тиыш жатпай...
— Ендi... елдерiн талағасын... ақұдайлар шыдасын ба?
— Сонда оларды айтақтап жүрген кiм?
— Ояғын бiлмедiм.
— Ана Ережептi ақ патшаның қызметiн шегiп жүр дейдi ғой.
— Ол рас. Елмырза да сояқта.
— Сонда бұл өзi қалай болды? Әлiмдер екi жарылып, бiр-бiрiмен шайқаспақшы ма?
— Солай болайын деп тұр-ау.
— Сонда дейiм... олардың арасына кiрiсiп бiздiң немiз бар? Кешелерi олар Хиуаны
арқаланып, Аспандарға тiзесiн әбдән батырды. Ендi кеп...
— Сояғын мен де ойлап отырым. Оның үстiне...
— Не оның үстiне?
— Бес қаруы сай жауды сойыл, найзамен жеңем деу ақылсыздық емес пе? Мен өткенде
Орынборға барғанда көрдiм, олардың ана зеңбiрiктерi әләмәт. Одан бiр-екi доб атса болды,
бәрiмiз қырылып қаламыз.
— Ол рас. Сонда нағылсақ екен?
— Төке, төрт Шөмекейдiң батыры өзiңiзсiз. Оны өзiңiз айтыңыз.
— Айтқанда... — Тоғанақ қабағын түкситтi. — Менiңше, ыссылай кiрiспейiк. Бәрiн де
бара көрейiк.
Осыған келiскен олар ендi кешiкпей суыт жүрiп кеттi. Үш жүздей қол сол қолы
жақтарында Майлыбас пен Алпар, Тұлпарды ұстап, жүрiп отырып, Басықара, Көбекке
жақындай бердi. Бiр араға жеткенде Қалдыбай астындағы атын тебiнiп қап, алда келе жатқан
Тоғанақ пен Жәнiбекке қатарласа бердi. Оның бiрдеме айтқысы келгенiн аңғарған Жәнiбек
атының тiзгiнiн сәл тарта түсiп, оған бұрылып қарады. Қалдыбай суық сорып, бозара
бастаған бетiн қолымен уқалап-уқалап жiберiп:
— Жәке, бұяққа неге өттiк? — деп сұрады.
— Ау, ақұдайлар Қазалының сыртында жиналып жатыр демеп пе едi? Соған төтесiнен
тура тартайық деп...
— Кешелерi Райымға қашқан орыстарды Казалыға қайтып келiптi дейдi. Жолшыбай
атты казактарға кездесiп калсақ, өзi қалай болады, а? — дедi Калдыбай iшiнде жатқан бiр
қаупiн сыртына шығарып.
— Кездесiп жатса, бақ-талайымыздан көремiз де. Қайда барсаң да, өзектi жанға бiр өлiм
деген. Ендi олардан қорқып, дайраны айналып жүре алмаспыз.
— Дегенмен де...
— Жалпы сақ болғанымыз дұрыс. — Жәнiбек осы кезде қызарып батып бара жатқан
күнге қарады. Суық қоралаған күннiң жан-жағы буалдыр тартып, бiр түрлi мұнарланып
кетiптi. Мына суықтан ол да өзiнiң жылы орнына асыға батып бара жатқандай екен. — Бiз
барамыз дегенше, қараңғы да түспей ме? Түнде келе жатқан жүз кiсiге атты қазақтар өмiрi
батып тиiсе алмайды, — деп, ол атына қамшы салды.
Шынында да бұлар Казалының тұсына жетем дегенше, ымырт үйiрiлiп, көз байланып
та қалып едi. Қазалы фортының оты анадайдан жарқырай көрiнiп тұр. Бұларды
таңғалдырғаны — оның бергi жағында тiгiлген шатпалар болды. Жәнiбек атының басын
тарта түсiп:
— Бұлар кiмдер болды екен? — дедi.
— Итiм бiлiп пе? — Калдыбай жерге шырт еткiзiп бiр түкiрдi.
— Шатпа тiккендерне қарағанда, бұлар дәу де болса осы жердiң бiреулерi болды.
Сонда бұлар кiмдер екен, а?
— Кайдам? — Калдыбайдың суық тиiп қалған даусы бiр түрлi тарғылданып шықты.
Сол арада сөзге Кожақ келiп қыстырылды:
— Жақында ана Елмырға төре Кетелер мен Бозғұлдардан әскер жинап жатыр деп едi.
Мыналарың дәу де болса, солар. Болмаса орыс бүйтiп шатпада өмiрi отыра ма?
— Мұның жобаға соғады.
Олар ақырын сөйлесе отырып, Қазалының тұсынан жылыстап өте бердi. Бүгiн түнге
қарай жел күшейiп, жақында түскен қиыршық қарды: суырып, айналаны алай-түлей етiп
жiберген едi. Айнала ақ түтек. Жаңа ғана жылтырай көрiнiп тұрған оттар ендi алыста калды.
Тоғанақ пен Жәнiбек жiгiттерiнiң тобын жаздырмастан, бiр iзбен жүргiзiп отырып, дариялық
жаққа шықты. Бұл арада жидесi қалың боп өскен тоғай дейтiн сыңсын тұратын. Мұның
арасында жолбарыс бар. Ашық далада маңдайынан суық жел соғып, әбден әбiгерi шықкан