Стр. 65 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

64
аттар ықтасын жерге келгесiн, ықыластанып жүрiп кеттi. Бұл ара, шынында да, ық екен.
Алдан аңқылдай соққан жел жоқ. Жiгiттер жаңғыз аяқ жолмен жүрiп отырып, Қазалының
терiскей-батыс жағындағы жазық алаңқайға кеп тiрелдi. Одан өтiп, алдағы қырға шыға
келгендерiнде, алдарындағы ойпаңда лапылдап жанған мың сан от көзге әр тұстан шалынды.
Мұндай кәрәмәтты Жәнiбек баяғыда Жаңақалаға барғанында ғана көрген едi. Бұ жолы да
жиналған елдiң көптiгi сонша, алаңқайда жанып жатқан оттар өзара тұтаса келе, қалың бiр
өртке айналғалы тұрғандай әсер қалдырады екен.
Жәнiбек ендi кiдiрместен, алға қарай жүрiп кеттi.
Бұлар көп ауылдың шетiне жақындай бергенде, күзетте жүрген он шақты атты кiсi
бұлардың қарсы алдарынан шыға келдi. Олар мұның даусын танып, жапырласа амандасып
болғасын
,
Тоғанақ батыр мен мұны арнайы тiгiлген қараүйге әкеп түсiрдi. Сосын күтушi
қызметкерлер сарбаздарды басқа қараүйлерге орналастыруға алып кеттi.
20
Ертеңiне бұларға арнап түскi тамақ берiлдi. Лұқпан түскен үлкен үйдiң сырты екi қабат
киiзбен оралып тасталған екен. Ортада сексеуiлдiң оты маздап жатыр. Iште ақсақал-
қарасақалдар көп. Олардың ортасында Лұқпан батыр отыр. Бұлар iшке кiрiп келгенде, бәрi
орындарынан түрегелiсiп, жапырласып амандасты. Тоғанақ қалың етiгiн шешпестен, төрге
барып шөккен нардай болып отырды. Оның iзiнен iшке кiрген Жәнiбек ақсақал-
қарасақалдардың түстерiн ала көлеңкеде дұрыстап ажырата алмай, Тоғанақтан төмендеу
жерге барып малдас құрды. Iштегi кiсiлердiң бәрi де шешiнбей, iшiктерiмен отыр екен.
Ортада жайнап жатқан еркек сексеуiлдiң шоғынан барлығының жүздерi бiр түрлi қызғыш
тартып көрiнедi. Сол арада Лұқпан батыр Тоғанаққа қарап:
— Калай, ат-көлiк аман келдiңдер ме?
— Әйдәй, — дедi Тоғанақ тоңған колын шоққа төсеп жатып. — Мынаяқта күн суық
екен. Бiз Кызылдың жылы жағында отқан елмiз. Сыр бойының суығын аздап тосырқап
қалыппыз.
— Е, ондай болады.
— Жарықтық, Қызылдың iшi малға жайлы ғой! Сексеуiлiн бұтарлап, отқа салғанда
қалай жанады, ә?! — Қызылдың қара отына жайылған мал бiр айдың iшiнде майға шайлап
қалады.
— Шiркiн, десейшi!
Шалдар қозғалақтасып қап, Қызыл жайында бiраз әңгiменiң басын шалды. Осы кезде
қолына леген мен құман ап, бiр жас бозбала iшке кiрдi. Ол жағалай отырған кiсiлердiң ең
үлкенi Тоғанақтен бастап, қолға су құя бастады.
Аздан соң буы бұрқырап ет келдi. Кiсiлерге төрт табақ тартты. Олар еттi ұзақ отырып,
асықпай жедi. Ет желiнiп болғасын, майлы, қою сорпа iштi. Тамақтан кейiн ортада отырған
жасы үлкен ақсақал ас кайырып, бата жасады.
Әр жақтарына ел қонған кiсiлер ендi шынтақтасып жатып, өзара жаяу әңгiмеге кiрiстi:
— Елмырзаның бұ жүрiсi не жүрiс? Соны түсiнбей қалдық қой.
— Мен де сүйдеп отырым.
— Өзiн ақ патшаның жағына бiратола шығып алыпты дейдi ғой.
— Сүйтiп жүрiп, бiздiң қамымызды жеген болады.
— Өй, оны қой. Оның көкейiн тесiп жүрген нәсте белгiлi емес пе?
— Пәлкеунiк деген шен алу оңай ма?
— Ау, ол атақты да ақтау керек шығар.
Жәнiбек олардың сөзiне құлақ салып отырып, Елмырзаның бұл араға не қатысы бар деп
ойлады. Сол жайын сұрайын деп оқтала бергенiнде, Лұқпан сөзге араласып:
— Кешелерi осында Елмырза келiп кеттi, — дедi.
— Е, неге?
— Осы төренiң де жүрмейтiн жерi жоқ.
— Бiрдеменiң исiн сезген болды-ау. Сонда... ол...
— Оны ана орыстың ұлығы маған арнайы жұмсапты. Ол келiп бiраз мәмiле айтты. Бәрi
бiр орысқа әлдерiң жетпейдi, мынаны қойыңдар, дедi. Мына кiсiлердiң айтып отқандары
сол.
— Сонда ол не дейдi? — дедi Тоғанақ батыр басын көтерiп алып.
— Не десiн? Айтатыны — ақ патшаға қарсы шығып болмайды, халқыңды босқа қырып
аласың, дейдi. Онан да оның құзырына мойынсұн да, қалаған жерiңдi жайлап жүре бер
дейдi. Ау, жайына жүрмей жатқан кiм бар? Мазаны алып жүрген өздерi емес пе? Кеше бибiт
жатқан ауылдарды талап, тонады. Соған намысы бар қандай адам шыдап отыра алады? —
Ол аз-маз кiдiрiп сөзiн әрi қарай жалғастырды. — Ендi мынадай бiр талап қылып отырмыз.