72
үш шабуылдан соң, олардың қатары селдiреп қалады. Сосын олардың iзiне түсiп ап
қуалаймыз, — дедi.
Фитингоф оған бiр түрлi боп ойлана қарап тұрып:
— Мынау... бiр өзi... қызық пiкiр екен, — дедi. — Ал егер олар ертең қайтып келмей
қойса не iстеймiз?
— Жоқ, олар келедi. Ол жайында жансыздардың жеткiзген хабары бар. Бүгiн оларға
жаңадан үш жүздей кiсi келiп косылыпты, — дедi Елмырза даусын нықтай сөйлеп.
Оның қасында отырған Ережеп үндемедi. Ол iшiнен: “Мынауың нағыз сатқын ғой. Өзi
барып тұрған ақымақ екен ғой! Мына төре тақ үшiн ешкiмдi де аямайды! ”— деп қойды.
Фитингоф Захваткинге қарады:
— Сiздiң қандай ойыңыз бар?
— Менiңше, қорғанғаннан дұрысы жоқ, — дедi ол селқос жауап берiп.
Басқа сотниктер де жай-жапсары беймәлiм далаға шығып, қазақтарды қуалауға
ықылассыз едi. Олардың iшiнде өткендегi шайқасты көрiп, зәрелерi ұшып қалғандары
бастарын төмен салып жiберiп, үнсiз отырған-ды. Олар ендi еңселерiн көтерiп, тiлге келе
бастады:
— Шынында да, қорғанғаннан дұрысы жоқ.
— Бұ даланың ойы-қырын жақсы бiле бермеймiз.
— Және де қыс айы дегендей. Аттарды құр бекерге қинаймыз.
— Оның үстiне... ух, какое морозище!
— Адам шыдап болмайды...
Фитингоф олардың пiкiрлерiн тыңдап боп, алдындағы картаға қарап отырып, бiр
ұйғарымға келдi. Ол даусын нықтай сөйлеп:
— Жарайды, сiздердiң айтқандарыңызбен келiсейiн. Ертең қорғанамыз. Бүгiн түнде
күзет күшейтiлсiн. Артиллерияшыларға екi порция арақ берiлсiн. Снарядтар жететiн
болсын! Бiр жүздiктi запасқа дайын етiп ұстаңдар. Ол кенеттен жағдай өзгере қалатын
болса, көмекке керек болып қалады. Ал ендi, мырзалар, таралық! — дедi. Оның даусында
бұйрық ыңғайы бар едi.
Сотниктер орындарынан тұрып, бет-беттерiне тарай бастады. Соларды көрiп, әңгiменiң
бiткенiн байқаған Елмырза мен Ережеп те орындарынан тұра берiп едi, Фитингоф оларға
қарап:
— Сiздер сәл кiдiре тұрыңыздар, — дедi.
Олар Захваткин, Ахияр бәрi оңаша қалғасын, Фитингоф Елмырзаға:
— Сiз тағы да бүлiкшiлерге барып, келiссөз жүргiзiп қайта алмайсыз ба? — деп сұрады.
Елмырза басын шайқады:
— Өткен жолы бардым ғой. Олардың мәмiлеге көнетiн түрi жоқ.
— Егер... ана Тоғанақ батырға... саған сый-сыяпат беремiз, қалаған жерiңдi жайла, өз
қолыңды алып кет десек, қалай болады?
— Сонда қалай?
— Ау, ол қолын алып кетсе, Әлiмдер жеке-дара қалмай ма? Сосын оларды... талқандау
қиын емес.
— Қайдам? Ол... бұған келiсе қоймас.
— Неге? — деп, Фитингоф бұған таңғала қарады.
— Оның сәбәбы бар. — Елмырза ендi ақырын сөйледi. — Өткен жолы ақ патшаның
атынан ұлықтар оған бiрнеше рет уәдә берген болатын. Олар ақыр соңында сонысын
орындамай қойды. Сосын Тоғанақ батыр iж сенбейдi.
— Ендеше не iстегенiмiз жөн? Оны... былай, алдап-сулап ұстап алуға болмай ма?
— Өй, ол қиын шаруа. Оның жанында жүрген нөкерлерi көп. Олар батырды өлдi жеке
шығармайды.
— Онда... қиын екен, ә? — деп, Фитингоф ойланып қалды.
Бағанадан берi үнсiз тұрған Ахияр сол арада қазақтар түсiнбесiн деп орысшалап:
— Ваше высокоблагородие, — дедi. — Әзiрге оны ұстауға асықпаған жөн. Ертеңгi
шайқаста жеңiп шыға алсақ, онда быт-шыты шыққан қазақтардың берекесi кетедi. Олар
деген алауыз халық. Содан кейiн iштерiне араздық кiргесiн, олардың өздерi-ақ ертең ана
батырды ұстап бередi.
— Солай ма?
— Дәл солай. Оған дейiн сабыр еткен жөн. Менiңше, мәртебелi мырза өте дұрыс айтып
отыр, — дедi Захваткин де орысша сөйлеп. — Ол батырды өлтiрсек, халық бiзден шошып
қалады. Сосын елдi тиыштандыра қою қиындыққа түседi. Одан да... осы... Мына
ағылшындарда “бөлшекте де билей бер” дегенi бiр мақал бар емес пе? Сол өзi... дәл осы
жерде қолдануға өте қолайлы. Бiз сүйтiп мына киргиз-кайсактардың арасына iрiткi сала
алсақ, олар ертең бiр бiрiмен қырқысып бiтедi. Сосын бiз оларға ара түскен боп, екi жағын
да бағындырып ала қоямыз. Содан кейiн... Оны айтпағанда... бiзге болысып жүрген