Стр. 77 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

76
Фитингоф шатырына кiре бердi...
25
Ережеп Арандықырға жеткесiн, онша асықпады. Осы жерде мұның алыс бiр
жамағайынының қызын алған құдасы бар едi. Өмiрi жарып байлық бiтпеген ол
Арандықырға киiктердi айдап құлатып, қақпан салып, күн көретiн. Ережеп әрi ойлап, берi
ойлап, мына шаруасына жұмсауға одан артық қолайлы кiсiнi таппай, соның үйiне төтелеп
барып түстi. Олар ағайынды үш жiгiт бiр ауыл боп тұратын-ды. Ережептi көрiп, олардың
дегбiрлерi қалмады, — үйлерiнен жүгiре шығып, атының шылбырын ұстап, бәйек болды да
қалды.
Қараүйдiң сыртынан сексеуiлдi қалың етiп қалап тастағандықтан ба, әлде ортада
тынбай жанған шоқтың қызуының көптiгiнен бе, үйдiң iшi жып-жылы екен. Ережеп малдас
құрып отырып, көнетоздау, бидай тысы тесiле бастаған көрпенiң астында ұйықтап жатқан
үйелмелi-сүйелмелi балаларды көрiп, iшi бiр түрлi босап сала бергендей болды. “Мына қара
домалақтардың бәрi, құдай қойса, ертең-ақ дыңдай азамат боп кетедi-ау!”— деп, бiр сәт
iштей елжiреп отырып, дүрдиiп өсiп келе жатқан балаларын еске алды, Бұның оларды әке
боп елжiреп, маңдайынан сипамағанына не заман? Мынадай алыс-жұлыстың үстiнде мұның
отбасына қарайтын уақыты да бола бермептi. Ендi, мiне, тағы да сондай бiр шаруамен осы
жаққа келiп отыр. Ережеп отағасымен қысқаша аман-саулық сұрасқасын, қолын шоққа төсеп
отырып:
— Мына үйлерiң жанып тұр ғой, — дедi.
— Еңдi, — дедi ағайынды жiгiттердiң ең үлкенi күлiмсiреп. Сосын ол қипалақтап
тұрып: — Ереке, арнайы шақырғанда келе бермейтiн қонақ едiң. Бүгiн құдай айдап келе
қапсың. Бiр мал сыбағаңды жеп кет, — дедi.
— Ойбай, алдыраз болсын, оған қарап жататын уақыт жоқ, — деп, Ережеп одан бiрден
бас тартты. — Сенiң мына шиеттей бала-шағаң етi мен сүтiне қарап отқан малыңды жеп
нағылайын? Мен оны сойды деп есептейiн, осы үйде киiктiң етi бар емес пе? Сен одан да
содан қара қуырдақ қуырт. Соны көптен берi жемей, әбдән сағынып қалдым.
Үй егесi мұның айтқанына тез көндi. Үйге кiрiп-шығып жүрген, салпы етек сары қатын
кебежеден үлкен пышақты алды да, сыртта тiгулi тұрған күркеге қарай кеттi. Ол аздан соң
майдалап туралған киiктiң етiн бiр тегеш қып көтерiп әкеп, оны кебеженiң үстiне қоя салды
да, шағындау келген шойын қазанды ортада жанып жатқан оттың үстiнде тұрған мосыға
орналастырды. Сосын қойдың қара қойдың құйрығын шыжғырып ап, бiр тегеш еттi әбден
жақсылап жуып, қазанға салды да, быжылдатып куырдақ қуыра бастады. Үй iшiн еттiң
майға күйген исi алып кеттi. Сол арада бұл қуырдақ қуырып жатқан қатын естiмесiн деп, үй
егесiмен даусын ақырын шығарып сөйлестi. Ара арасында оның жүзiне сынай көз тастап
қойып:
— Менiң қандай шаруамен жүргенiмдi iшiң сезiп отқан шығар, — дедi. — Мынадай
аласат кезде ырғалып-жырғалып отыратын уақыт қайда? Мен саған бiр шаруамен келiп едiм.
— Ол аз-кем кiдiрдi.— Аналар...бекәр дүрлiгiп жатыр. Мына орыс ұлығының бетi қатты.
Мен соны үйтiп-бүйтiп көндiрген болдым. Елге тимеңдер, ал қалғандарын... былай...
тиыштандырармыз деп уәде берiп, осыяққа келiп отырым. Бiрақ менiң онда тура баруыма
болмайды. Осы екi арада сен дәлдал бол. Халық босқа қырылмасын. Бiр ретiн тауып,
Байбосынды осында әкел. Сөйлесiп көрейiн.
— Ол... өзi... қалай болар екен?
— Оның iж қалайы жоқ, барасың да, келесiң.
— Опырмай, ә? Бұрын iстеп көрмегесiн, — дедi үй егесi абыржып. — Сонда... ақ
патшаның пәтi қатты дейсiң бе? Сонда олар жайына қарап отқан елдi қыра бере ме?
— Ау, өткенде Қаракесектердi сүйткен жоқ па? Сосын амал жоқ, мен осы екi араға
түсiп отырым.
— Онда... жарайды, — деп, аңқау кiсi бiрден сөзге келмей, киiне бастады.
Ол кеткесiн, Ережеп үйге жаңа кеп отырған оның iнiлерiмен алым-берiм тiлдескен
болды. Iштей Байбосынмен қалай сөйлесу қажет екенiн ойластырды. Күн бұл кезде недәуiр
көтерiлiп қалған едi. Бұлар қара қуырдақты алдарына ендi ала бергенде, сырттан бiрнеше
аттың аяқ дүбiрi естiлдi. Ережеп сақтық ойлап, қасында отырған өз жiгiттерiне қарап, сыртқа
көз салыңдар деп ымдады. Олар орындарынан тез-тез тұрып, сыртқа жабықтан сығалады да,
бұған бұрылып:
— Байбосынның өзi келе атыр, — дедi.
— Е, бәсе, — деп Ережеп қуанып қалды. Iшiнен: “Жолым болады екен”, — деп қойды.