77
Байбосын iшке кеп отырғасын, Ережеп қашанғы әккiлiгiне басып, майдалап отырып,
одан аман-саулық сұрасты. Сосын артық аяқ баспай, қуырдақтан жеп отырып, әлденеге
iркiле бердi. Үй егесi мұның оңаша сөйлескiсi келiп отырған ыңғайын бiлiп, орнынан тұрып:
— Ереке, шәйдi тоқ басып алғасын iшкен дұрыс шығар, — дедi.
— Соның тұп-тура.
— Онда... қатын берi шығып кет, — деп, үй егесi әйелiн сыртқа алып кеттi. Оның
соңынан iнiлерi де ере шықты.
Ережеп ендi өз жiгiттерiне қарап:
— Бiз кәзiр жүремiз. Сендер аттарыңды қарап келiңдер, — деп, оларды үйден шығарып
жiбердi.
Сосын ол Байбосынның жүзiне ұзақ тесiле қарады. Оның домаланған бетiнен ештеме де
ұғып болғысыз. Ол өзi тымырайып алып, сырын сыртына өмiрi бiр шығармайды. Тек көзi
ғана өзiнiң шаршағанын, мына шайқаста жазым боп кетем бе деп қорқатынын қапысыз
сездiрiп тұр. Ережеп оның бетiiне күле қарап:
— Әбеке, баяғы замандарда бiр атадан тараған бiздер күндердiң күнiнде осындай ала
ауыз боламыз деп ойлап па едiк? Бұгiндерi бiрiмiз онда, бiрiмiз мында жүрiп жатырмыз. Бұ
да құданың құдiретi де, — деп қойды.
Байбосын ақырын ғана:
— О ған не сөз бар, — дедi.
— Сонда дейiм-ау, Жаманақтан тараған бiр бұтақтың осыншама бiр-бiрiмен
келiспейтiндей бiр-бiрiнде кеткен не кегi, не өшi бар? Арамызда ертеден келе атқан кек те,
қыжыл да жоқ емес пе? Бүгiнгi күнi... мына бүлiншiлiкте...бүткiл ел харап боп кетсе не
iстейсiңдер? Сендер сояғын ойладыңдар ма? Орыстың әскерiнiң қару-жарағының сай екенiн
жақсы бiлесiңдер. Оларға әзiр бiздiң әлiмiз келмейдi. Соны көре-бiле тұра ажалға қарсы
ұмтылғандарың қалай? — Ол ендi сыбырлай сөйледi. — Алда әлi де көретiн жарық күндерiң
бар емес пе? Сендер соны неге ойламайсыңдар, а?
— Ойбай-ау, бiздi оны ойламай жүр дейсiң бе? Ойлағанда... сонда кәйт дейсiң? — дедi
Байбосын сол арада дыбдырлап. — Бiз тек... ана...
— Не ана?
— Ана батыр ше... Оны қалай жаңғыз тастап кетесiң? Оның үстiне, серт бердiк
дегендей...
— Өй, сендер де бiр осы, — деп, Ережеп оған кейiстiк бiлдiрiп, қабағын шытты. — Бұ
дүнияда кiм бiр-бiрiмен анттасып-серттеспей жатыр? Сол анттан өлген кiсiнiң моласын әлге
дейiн көрген жоқпын. Кiсi деген мұндайда өз пайдасын ойламай ма? Сендер одан да айтқан
тiлдi алыңдар да, ақ патшамен келiсiмге келiңдер. Орыс жағын өзiм көндiрем. Сосын қай
жердi жайлайым десеңдер де өз ықтиярларың. Соған сен өзiң табан тiреп тұра аласың ба? —
деп, ендi Ережеп оның өзiн қайрай түстi.
— Тұрғанда... менiң жайымды өзiң бiлесiң ғой... — Ол iркiле бердi.
— Сонда... онда не шаруаң бар? Өз ұпайың толық болса, саған сол жетпей ме?
— Әрине, жетедi.
— Ендеше мөмiлеге келейiк. — Ережеп тағы да сыбырлай сөйледi. — Менi орыс ұлығы
саған әдейi жiберiп отыр. Әгәр да оның айтқанына көнсең, ертеңдерi мынаның... бәрiн де
кешiредi. Қалаған қызметiңдi бередi. Ана Жаманқұлға да солай де. Тым құрмаса, осы арада
ағайын боп, ауыз бiрлейiк те.
— Ертең... ол кәпiрiң... бiздi алдап, аузымызды айға қаратып кетiп жүрмей ме?
— Ояғынан қам жеме. Ұлық бұ сөздi ана Елмырза мен екеумiзге айтты. Уәдесiн бердi,
— деп, Ережеп сол арада бiр өтiрiктi соғып кеп жiбердi.
Әңгүдiктеу Байбосын оған сенбей қарап, екi оқты боп бiраз отырды. Ақырында ол
қарлығыңқы дауыспен:
— Байқа, кейiн бәрi... шикi боп жермесiн, — дедi.
— Iжқандай да шикi болмайды. Мiне жаным, мiне иманым, — деп, Ережеп көре көзге
ант-су iштi.
— Ендеше... мен ойланайын. — Ол тобарсыған бетiнiң тоңын сындырып, алғаш рет
күлген болды. — Менiң уәдеге берiк екенiмдi жақсы бiлесiң ғой. Ана шалмен бiрге өлетiн
жағдаятым жоқ. Соны ана ұлығыңа айта бар. Уәдеге ол берiк болса, мен де берiкпiн.
— Өй, жарайсың. Сонда не iстейсiң?
— Оны ертең көре жатасың. Тек байқа, — дедi Байбосын түсiн суытып, — ертең сөзiң...
— Ояғынан қам жеме. Мен ұлыққа айтқаныңды бiр сөзiн қалдырмастан түгел жеткiзем.
Сенбесең, қасыма бiр жiгiтiңдi ертiп жiбер. Сол саған бәрiн айтып келедi, — деп, Ережеп
ендi оған батылдана қарады.
— Жақсы. — Байбосын орнынан тұратын ыңғай көрсеттi.
Ережеп ендi құдасының үйiнде бөгелмедi. Бөтен бiреудiң көзiне түсудi қаламаған ол
қасына Байбосынның бiр жiгiтiн ертiп ап, Арықбалықтың терiскей жағына кеп тоқтаған