Стр. 79 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

78
Фитингофтың әскерiне қарай тартып бердi. Жолшыбай бiреу-мiреу ұшырасып қала ма деп
қауiп илеп едi, абырой болғанда, бұларға ешкiм де кездеспедi. Олар аттарын қан сорпа ете
отырып, түс ауа бере орыс әскерi табан тiреген жерге де жетiп үлгердi. Фитингоф мұны
асыға күтiп отыр екен. Ережеп өзiнiң Байбосынмен қалай сөйлескенiн қалдырмай түгел
айтып шықты.
Фитингоф бұның жүзiне тесiле қарап тұрып:
— Өте жақсы! — дедi.— Сонда ол... жүзбасы ма?
— Иә.
— Ол өз жүздiгiн алып кететiн болса, онда ана бунтов-щиктiң қасында аз ғана кiсi
қалады. Сосын оны құрта салу онша қиындыққа соқпайды,— дедi Фитингоф өзiмен өзi
сөйлескендей боп тұрып. — Демек... өте жақсы! Сiз ақ патшаға адал қызмет еттiңiз.
— Ендi... сiз бұйырғасын, — деп, Ережеп өтiрiк мүләйiмсiдi.
— Ендi оларға не керек?
— Оны сендiру үшiн өз қолыңызбен хат жазып бермесеңiз болмайды. Мен оның
сенiмдi бiр жiгiтiн ертiп келдiм. Сол хатты бiз әлгi жiгiтке берiп жiберемiз. Ол оны
Байбосынның өз қолына апарып бередi,— дедi Ережеп тез-тез сөйлеп.
— Жарайды. — Ол Ахиярға қарады. — Тез екi тiлде сенiмхат жазыңыз.
— Құп, Ваше высокоблагородие, — деп, Ахияр басын идi.
Сенiмхат тез жазылды. Оны шиыршықтап орап, ортасынан жiбек жiппен байлап,
сургуч құйылған жерiне мөр басып болғасын, Фитингоф оны Байбосының жiгiтiне бердi.
Ережеп әлгi Асан жiгiттi орыс әскерiнiң шебiнен шығарып салып тұрып, оның жүзiне қулана
қарап тұрып, кенет оны бүйiрiнен бiр рет қаттырақ нұқып қап, көзiн қысты:
— Бала, құстай ұш!
26
Қаңтар айының басына қарай күннiң зәрi сынды. Кеше ғана сақырлап тұрған сары
аяздың пәтi қайтып, күн аздап жылынатындай сыңай бiлдiрдi. Күнде таң азаннан жалпақ
даланың бiр қиырынан жүзi дiр-дiр етiп, буалдырлана шыққан күн сиыр сәскеге қарай тас
төбеге шығып алғасын, әлгi буалдырдан арылып, ақ көмген сайын далаға бiр түрлi
емiренгендей боп, болар-болмас жылуын төгiп тұрады. Ондайда түске таман қар ерiп,
мөлтiлдеген тамшылар шөптердiң дiңiмен төмен қарай сорғалайды. Тек кешке таман
терiскейден ызғырық жел соққанда, күндiз мөлтiлдеп аққан тамшылар жантақтардың
дiңдерiне алмас сықылды мөлдiрей қатып, сiресiп тұрып алады. Түнде жортқан ат тұяғы тиiп
кетсе болды, мөлдiреген әдемi дүнияның лезде күл-талқаны шығып, быт-шыт боп, мап-
майда шiнтек сықылды төгiлiп түседi. Ертесiне сол шашыраған ұнтақтар қайтадан тамшыға
айналып, бұталардың дiңдерiне мөлдiрей қатып, тағы да жентектелiп түсiп жатады.
Лұқпан батыр Қазалы қамалын қирата алмағасын, Арандықырдың бойына кеп ес жиып,
қолын тынықтырып алғанды жөн көрдi. Қалай дегенмен де мылтығы мен зеңбiрегi сай
дұшпанға төтеп берудiң киын екенiн бұл бiледi. Сонда да ол халық намысын жыртып, елдiң
рухы түсiп кетпесiн деп, алған бетiнен қайтқан жоқ. Тағы да тыңнан қосылған жiгiттердi
жүздiктерге бөлiп, табылғанынша найза, айбалта, қылыш берiп, әрқайсысына өз
басшыларын тағайындады.
Ендi қалған жәйт — қашан соғысты бастау едi. Бұл Байбосынмен ақылдасып көрiп едi,
кiлең Асан, Үсендерден қол құраған ол iшiн ашпай, тұйықтала бердi. Әсiресе, ол кешелерi
бiр жаққа барып қайтқан соң, қабағы түсiп кеттi. Оның қайда барғанын сұрап жатуға батыр
өзiне ар санады. Басқа бiреудi оның соңына салын қоюды және де қолайламады. Мұның
ақыры белгiлi болар деп, сабыр айлап отыра бердi.
Кешке қарай Лұқпан жүзбасыларының бәрiн жинап алды. Оларға шолғыншылардың
хабары бойынша, орыс әскерiнiң Арандықырға тақап кеп жатқанын, ендi неде болса деп,
соғысты бастау керек екенiн, бұдан кешiгуге болмайтынын айтты.
Байбосын осы жолы әлденеге елпеңдеп:
— Айтып отқаның дұп-дұрыс. Неде болса бiр жағына шығайық. Орыс өзi құдай айдап
дайраның бер жағына келiп қапты. Оларды мұзға қамап, қырып салайық, — дедi.
Жас жiгiттер оны тез қоштады:
— Шынында да, сүйтейiк.
— Өткенде көресiнi қамалдан көрдiк қой. Ендi болса, олар жазық далаға шықты. Әй,
өздерiн оңдырмай бiр соғайық!
— Осы жолы құдай қолдаса, бәрiн де опалаң-топалаң қыламыз!
Тоғанақ желiгiп бара жатқан жас жiгiттерге қабағын шыта қарады: