Стр. 8 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

7
Бас табақка бес-алты кiсi қарады. Жас жiгiттер мен басқа ауыл кiсiлерi екiншi табаққа
қарап, есiк жақта отырды. Жәнiбек бiрiншi боп биссмилла деп табаққа қол созып, алғаннан
кейiн барып, басқа кiсiлер каужаңдай бастады. Олар тәттi еттi бiразға дейiн үнсiз жедi.
Артынан ыссы сорпа iштi.
Етке тойып, сорпаға терлеп, Жәнiбек қолын сүртiп, азырақ кейiн ысырылып отырды.
Сол арада Алмат батыр бұған бiрдеңе ойына тускендей еңсерiле қарады:
— Айтпақшы, Жәнiбекжан, бұ кiсi қартаятын кезде есiнен талай нәсте шығып кете
бередi екен. Анада Хиуадан келе жаткан бiр қарақалпақтан сенi қажыға барып кайтты деп
естiп едiм. Бұ бiр оңды шаруа болған екен. Ана бiр жылы келгенiңде, молла едiң. Ендi қажы
боп келiп отсың. Мұсылманның бес парызының ең үлкенiн орындаған сенiң жолың қай
жерде де үлкен. Осы астың бәтесiн өзiңнен болсын деп отырмын.
— Батыр дұрыс айтады!
— Жол сенiкi!
— Оның үстiне әрi жиен, әрi мимансың, — деп үй iшiндегi кiсiлер батырдың сөзiн
жамырай қоштады.
Жәнiбек қолын жайып, дұға оқып, бата қылды. Үй iшiндегiлер тегiс ырза боп, әумин
деп қолдарымен беттерiн сипасты. Содан кейiн бiр қара бала қолына леген алып, Жәнiбектен
бастап, кiсiлердiң қолдарына су құя бастады. Жәнiбек балаға алғысын айтып, майлыққа
қолын сүртiп жатып, өзiнiң жол соқты болғанын жаңа ғана аңғарды. Тұла бойы бiр түрлi
сал-сал боп қапты. Екi иығы козғалтпайды. Басы қорғасын құйғандай ауырлап, бiр рет көзi
кiлгiрiп барып, жан-жағында кiсiлер отырғанын байқап, бойын тiктеп алды. Сосын ұйқы
ашайын деп, шариғаттан бiраз әңгiме айтты. Сол арада жұрт сұрай бергесiн қажыға барған
сапары, Арафат тауы, расул аллахтың зираты, Кағба тұралы ұзын сонар бiр қызық хикаяға
кiрiсiп кеттi. Жұрт мұның сөзiн аузын аша тыңдап калған. Әсiресе, Мұхәммәд пайғамбардың
зиратына барып зиярат еткен тұсы жайында айтқанда, кейбiр дiндәр кiсiлер шыдай алмай:
— Өй, әруағыңнан айналайын!
— Алланың елшiсi ғой!
— Алланың айтқан сөзiн бiзге жеткiзген соңғы пайғамбар ғой, — десiп, көздерiне жас
алысты.
Жәнiбек әңгiменiң қызығына елiгiп алған. Бұрын-соңды өзiнiң мынадай шешен боп,
көсiле сөйлегенiн өзi де көрген емес. Бұ жолы тiлiнiң тиегi ағытылды да кеттi. Кажы
сапарынан кейiн пайғамбарлар тарихынан бiраз сыр шерттi. Соны бiтiрем дегенше түннiң
бiр уағы да болып қалған едi.
Алмат әңгiменi қызыға тыңдап отырып, қонактарының демалғанын мақұл көрiп:
— Х-о-о-ш, — дедi даусын соза түсiп. — Ертең де күн бар дегендей. Мына әңгiменiң
бүгiн бiте қоймайтынын байқап отырмын. Ал, ағайын, сөге жамандамаңдар, мимандар алыс
жолдан шаршап келдi, олар демалса деп отырмын. — Ол жұрттьщ бәрiне жағалай қарады.
Ел бiр ауыздан шу ете түстi:
— Шынында да, әңгiменiң жалғасын ертең тыңлайык.
— Қонақтар демалсын!
— Ертең де құдайдың күнi бар қой.
— Қой, алдыраз болсын, қайтайык, — деп үй iшiндегi кiсiлер орындарынан түрегелiп,
ақырын-ақырын тарқай бастады. Бұлардың бәрi Алмат батырдың жақын-жуықтары едi.
Сол күнi Калдыбай мен екеуi Алматтың арнайы тiгiп койған, бау-шуы жарасқан алты
қанат үйiнде жатты. Жәнiбек басы жастыққа тиiсiмен қор ете түсем қой деп ойлап едi, тағы
да көз шырымын ала алмай қойды. Калдыбай болса, қаннен-қаперсiз қорылдап жатыр. Бұл
жартылай ашылып қойылған түндiктен қарауытып тұрған аспанға, жымыңдаған сирек
жұлдыздарға қарап, ұзақ жатты. Соңғы кездерi мұның осылайша ұйықтай алмайтын бiр
жайға тап болғаны бар. Ендi мiне, тағы да кiрпiк iлер емес.
Ол таң алдында ғана мызғып кеттi. Бiр уақта қой-ешкiнiң маңыраған даусынан оянды.
Сосын бойы қайта ауырлап, жастыққа басын салып едi, бiрден қатып ұйықтап кеткен екен.
Бiр заманда кызметшi жiгiттер оятса, түс әлетi болып қалыпты. Бұның шаршағанын бiлген
Алмат батыр әдейi оятпаса керек.
Жәнiбектер Алмат батырдың ауылында бiр аптадай боп, жақсылап тынығып алды.
Сосын олар елге қайтпақшы болды. Кетерiнде Алмат батыр тағы да мал сойып, құрметтеп
қонақ кып отырып:
— Жәнiбекжан, жолың түсе бермейтiн сыйластықты iнiм едiң. Құдай айдап келе
капсың. Ағаның үйi ақ жайлау деген. Не қалағаның бар, айта отыр, — дедi.
Қазақ арасында қалау дейтiн жақсы бiр үрдiс бар едi. Жақын кiсiлерi қонақтықта боп,
не қаласа, туысы еш қиналмастан сұрағанын беретiн. Жәнiбек Алмат батырдың кеулiне ырза
боп, жадырай күлiп:
— Алеке, мен мал iздеп жұрген жоқпын, өз малым өзiме жетедi. Мен сiздей талай
жақсымен бiр сүйектiң басын тiстескен жайсаң жан iздеп жүрмiн. Мына iшкен дәм, ықылас-