Стр. 83 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

82
Бiр аптадан соң Қарақ тауына бармақ болған Тоғанақ бастаған Бозғұл қолы Шiрiк Рабат
жағына қарай кеттi. Жүрерiнiң алдында Тоғанақ Жәнiбектi оңашалап ап, сақалын сипап
тұрып:
— Мынаның аяғы жақсы бола қоймас. Мен мына iшкi жаққа кiре түскендi қолай көрiп
отырым, — дедi.
— Мен де солай деп тұрмын.
— Мына у-шу басылғанша, сояқта жүре тұралық. Қалғанын көре жатармыз да. Ал, қош
сау бол!
Тоғанақ батыр азғантай қолын бастап, Шiрiк Рабат жаққа тартып кеттi.
Жәнiбек қасына ерген жiгiттерiмен Қызылдың Жаманшығанақ жағында отырған өз
қыстауына тартты.
Сүйтiп, Сыр бойында туылып-өскен, талай рет жауын күйрете жеңiп, аты аңызға
айналған ұлы батырдың халқы үшiн салған ең соңғы ұлы шайқасы осылайша аяқталды.
Сол күнi Ұлы Күн құлақтанып шығып, кып-қызыл боп, көпке дейiн жер бетiне аямай
төккен қызғыш сары сәулесi неше түрлi құбылып, дiр-дiр етiп тұрып алды.
27
Ертеңiне Елмырза мен Ережеп бастаған елу-алпыстай жiгiт Тоғанақ батырды қолға
түсiрмек боп, Қызылдың iшiне дендеп кiре бердi. Олар неде болса осы жақтан бiр iзi шығар
деп Кекiрелi жақты бетке ұстап, салдыртып, тынбай жүрiп отырды. Елмырза алты жүздей
жiгiттiң осы жорыққа бәрiн бiрдей шығармай, олардың бiразын елiне қайтарып жiберiп, тек
қана елу-алпыстайын ғана қасына ерткен-дi. Ережеп оған көмекшi боп, талай рет өзi
шарлаған Қызылқұмның жықпыл-жықпылын кезiп жүр. Ерегiскенде Шөмекейлердiң
ауылдары дүрлiге көшiп, Қарақалпақтардың шегiне дейiн көшiп кетiп, мойындарын ұзаққа
салып үлгерген екен. Олар он шақты күндей құм iшiн шарлап, Тоғанақтың iзiн таба алмай,
Көсенiң үстiн басып өтпек боп, керi қайтты. Бұл кезде қаңтардың соңы болып қалған едi.
Кызылдың iшi жып-жылы екен. Кей жерлерде қар жоқ. Осыдан бiраз бұрын түскен қарды
құбыладан соққан бiр жылы жел дем арасында ерiтiп жiберiптi. Содан құмақ жер
ығалданып, ат тұяғына жабысып, жолды ауырлатып жiбердi.
Елмырза ертеректе бұ жолмен талай рет жүрген болатын. Баяғыда Хиуаға сардар боп,
әрлi-берлi қатынағанда, мұның осы арада бастпаған жерi жоқ-ты. Ол кей күндерi тастай
қараңғы түн iшiнде екi көзiн жұмып жүрiп те барар тұсын таба алатындай шамасы бар-тын.
Бiрақ осы жолы Елмырза төре Тоғанақтың ауылын сүлесоқ жүрiп iздестiрдi. Кешелерi
Арандықырда болған шайқастан кейiн Фитингоф мұны шақырып ап: “Дереу ана қашқан
батырды ұстап әкелiңдер!” — деп бұйырған болатын. Бұл сонда желкесiн қасып тұрып:
“Мәртебелi ұлық, жау болса-болмаса да жеңiлдi. Ендi ел қайтып көтерiле алмайды. Соны
қумай-ақ қойсақ кәйтедi?” — деген едi. Фитингоф бұған көк көзi шақырая қарап: “Мен
сiздiң бұ сөзiңiздi түсiнбей тұрмын. Бүлiншiлiк жасаған кiсiге ешқандай да рақымшылық
жоқ. Сiз ақ патшаға шындап берiлген кiсiсiз. Оны сiз табуға тиiссiз”, — деп, қадалып
отырып алған-ды.
Сосын амал жоқ, Елмырза қасына жол бiледi деп, Ережептi қосып ап, осы сапарға
ықылассыз шыққан едi. Оны қосқандағы ойы — алда-жалда батыр қолға түсе қалатындай
болса, бар пәленi Ережепке аудара салу болатын. Үйтпесе, ертең ел арасында абыройынан
дым қалмасын бұл бiледi. Сондықтан да ол Тоғанақ батырды iндетiп iздеген жоқ. Қасында
томсырайып келе жатқан Ережепке iшкi сырын ашпастан, манаураған қалпы, әр жердi бiр
шолып, жоқ iздеген боп келедi. Ол да мұның қулығын түсiнетiн сықылды, ара-арасында екi
көзi жылтырап, жымысқылана күлiп қояды. Елмырза iштей қара ақылына сап, ертең
батырды тұтқындап алып бармаса, өзiне орыс ұлығының күмәндана қарайтынын аңдап, ендi
неде болса деп тәуекелге бел буды. Қасындағылардың барлығы да қару-жарағы сай,
қайратты, атпал жiгiттер едi. Ол бiр араға келгенде атының басын тартып:
— Ал ендi ақылдасып алайық, — деп, Ережепке қарай бұрылды.
Ол да тоқтап, бұған сынай қарады. Жүзiнде аздаған таңғалыстың iзi бар.
Елмырза оған күле көз тастады да, қолымен аузын бiр сипап қойып:
— Осы бiз ғой батырды ұстасақ деп келе атырмыз. Оның тiрiдей қолға түсе қоюының
қиын екенiн жақсы бiлемiз. Алда-жалда мына жiгiттермен оны қамай қалғанда да, ол астына
жастығын ала жатпай қолға түспейдi. Сонда дейiм-ау, нағылсақ екен, а? — деп, ол
қозғалақтай берген атының тiзгiнiн тартып қойды.
Ережеп күңк ете қалды:
— Елеке, ояғын өзiң бiлесiң. Бұ шаруаны ұлық өзiңе сенiп тапсырды. Кәзiр бастық
өзiңсiң. Бiз сенiң не айтқаныңды қайт қылмайтын қосшыларыңмыз ғана.