83
Оның бұлайша бұлталақтап, негiзгi жауапкершiлiктен қашып отырғанын байқап,
Елмырзаның қабағы түсiп кеттi. Сосын оған жақтырмай қарады:
— Сен өзiң қызық жiгiт екенсiң ғой. Қандай жағдайда да екеумiздiң жақсы атымыз да,
жаманатымыз да бiрге болмақ. Бұл арада бiз бөлiнiп жататындай iждеме де жоқ.
— Оны... бiлем.
— Бiлсең, ендi бұ не деп отқаның?
— Ау, Елеке, басшылық сiзде болғасын... былай, сіздің билiгiңізге орынсыз жерде қол
сұққаным... өзi қалай болады? — Ол ендi қашанғы әккi түлкi бұлтағына басты.
— Жарайды. Мен емшек сүтi аузында кеппеген жас бала емес шығармын. Онан да...
ана батырға барып, келiсуге тырыссақ кәйтедi? Көнсе, тым алақай. Көнбесе, қалғанын ретiне
қарай көре жатамыз да.
— Бұныңыз... өте дұрыс.
— Ендеше тарттық!
Елмырза оған көзiнiң қиығымен қарап қойды да, астындағы атының әдемi бiр
жорғасына салып, жүрiп кеттi. Оның соңынан басқа жiгiттер де салды. Олар астарындағы
аттарын емпiлдете жүргiзiп отырып, бiр үлкен төбеден асқан кезде, ойдағы кiшкене көлдiң
жағасында отырған азғантай ауылды көрдi. Олар ақырын сөйлесе отырып, ауылға жақындай
бердi. Олар алғашында бұл үйлердiң жанында екi аттың таң асырылып тұрғанын байқамаған
едi. Жақындап келгендерiнде барып, олар Тоғанақтың ауылының дәл үстiнен түскендерiн
бiлiп, бiр түрлi боп қобалжып қалды. Желiде таң асырылып тұрған аттардың ұлы жорықтан
шыққаны айтпай-ақ белгiлi едi. Елмырза өз жiгiттерiнiң Тоғанақ батырға батып тиiсе
алмайтынын бiлiп, абыржығанын басып, күшпен сабырлы тарта түстi. Сосын әлденеге
батылданып, атын тебiнiп қап, қараүйлерге жақындап келдi. Бұларды көрiп, iштен бiр
кемпiр сыртқа жүгiре шықты да, қайтадан үйге жып етiп кiрiп кеттi. Соны көрiп, Елмырза
қаттырақ дауыстап:
— Төке, бiз елмiз! Жау емеспiз! — деп айқайлады.
Сол кезде iштен әлгi кемпiр қайта шығып:
— Ел болғанда, кiмсiң? — дедi.
— Бiздi ақ патшаның ұлығы арнайы мәмiлеге кел деп батырға жiбердi. Соны айтқалы
келе атырмыз. — Елмырзаның өтiрiк айтып тұрғанына бетi бiр де шiмiрiкпедi.
— Ау, оны ұлық кәйтедi? — дедi кемпiр бұның сөзiне сенбей.
— Кәйткенде, бұ паңайда елге Төкеңнен басқа абырайлы кiсi бар ма? Оның да сондай
адамдармен жақсы болғысы келедi. Сондықтан да менi оған арнайы елшi қылып жiбердi.
Осы кезде басқа қараүйлерден он шақты жiгiт сыртқа атқып-атқып шыға келген едi.
Олар әлгi кемпiрдiң жанына кеп, бiрдеме деп сөйлестi де, кенет қараүйдi қоршап тұра-тұра
қалысты. Сол арда iштен әлдекiмнiң бiрдеңе деп айтқан дауысы шықты. Кемпiр iш жаққа
мойнын бұрып қарады да, сосын бұларға бұрылды:
— Батыр жiгiттерiн төбе басында қалдырсын да, жаңғыз өзi келсiн дейдi.
— Мақұл. — Елмырза қасындағы жiгiттерге керi кетiңдер дегендей ым қақты. Олар
азғантай ауылдан аулақтап шыға бердi. Сосын қасына Ережептi ертiп, жаяулап отырып
қараүйге жақындады. Олар тақап келгенде қарулы жiгiттер бұлардың қылыштары мен
қамшыларын алып қалды. Содан кейiн барып екеуi iшкекiрдi. Тоғанақ оң жақта сауытсыз
отыр екен. Кешегi шайқастан кейiн ол бұларға мүлдем қартайып, шөгiп кеткендей боп
көрiндi.
Елмырза мен Ережеп төрге барып отырды да, амандық-саулық сұрасқан болды. Сол
арада Тоғанақ осқырына күлдi:
— Оның несiн сұрайсыңдар? Сендердiң сенген ұлықтарың боратып атқан оқтан құдай
сақтап аман қалдық. Қалғанын көрiп отырған жоқсыңдар ма?
— Әй, Төке-ай! — дедi Елмырза қабағын шытып. — Анада ауылыңызға барып,
ұлықтың арнайы жiберген сәлемiн айттым. Сонда-ақ мәмiлеге келе салу керек едi. Оны iж
тыңдамадыңыз.
Тоғанақ сұрланып үндемедi. Елмырза қайтадан сөйледi:
— Соның аяғы мынадай... Ендi былай... икемге келу керек.
— Сонда... не iстейiм? — Тоғанақтың даусы қажып шыққандай болды.
— Оның не iстейтiнi жоқ, ендi ана ақұдайлардың азғырынды сөзiне ермей, былай...
тиыш жүрсеңiз болды. Мекалай патшаның ұлығының Сiзге айт дегенi осы.
— Ал, жарайды, жүрдiк дейiк...
— Сүйтсеңеiз, олар сiзден сый-сияпатты аямайды.
— Өй, онысы бар болсын. Олар ана жайына қарап жатқан елге тимесе болды да.
Кешелерi олар... жұртты тонамағанда...
— Ойбай-ау, Төке, ол ана Шектi Төлеудiң қырсығы ғой. Сол ғой орыс керуенiн шауып,
талап...
— Онда неге Шектiлердi шаппаған?