Стр. 89 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

88
iшiнде кешелерi Сыр бойын жайлап отырған қалың елдiң қатары сиреп қалды. Тек ата
қоныстарынан көтерiлiске қатынаспаған жатақтар ғана қозғалмады.
Кешегi дүрiлдеп өткен шайқастан кейiн ел арасында неше түрлi қауесет тарады. Әркiм
әр түрлi жорамал айтты. Ол жорамал өсе келе адам сенгiзсiз бiр аңызға айналып та кеттi. Бiр
күнi оның шет жағасы Байқожаның кезiнде қыстап отырған Тиышбектiң құлағына
шалынды. Ол ана жолы орыс әскерiнiң жағында жүрiп, жаңа заманның райын өзiнше
аңдаған сияқтанған едi. Мұның ойынша, Қоқаннан да, Хиуадан да күш қашты. Ендi
сахараны орап алып келе жатқан ақ патшаның орамына ылажсыз кiресiң. Бұл бес қаруы сай
әскердiң құр келтекке сүйенген тентектердi қалай қырып салғанын кешелерi өз көзiмен
көрдi. Сосын өзiнiң алданып, аналардың жағына өтiп кетпегенiне iштей шүкiршiлiк еттi. Бұл
Тайпанның ығын ала жүрiп, өз бас амандығын ойлап, iшiнен аздап шен-шекпеннен дәметiп
те едi. Тиышбектiң сол үмiтiн ақтағандай боп, бiр күнi атының тұмсығын ақ қырау көмген
Тайпан жетiп келдi. Ол аман-саулықтан соң, бұған қарап:
— Қазалының ұлығы сенi мен мені шақырып атыр. Бармасақ болмайды, — дедi.
— Ау, неге?
— Ояғын бiлмейiм, бiлерiм — бару керек.
— Е, онда жүн екен. — Тиышбек орнынан тұра сап, бидай шүберегi тоза бастаған,
сыртына қараған терiсi ақ жарғақтанып кеткен ескi тонына жармасты.
Олар сол күнi кештетiп Қазалыға жеттi. Кешегi шайқастан жүдеп сала берген
қорғанның ағаш қабырғалары қайтадан қалпына келтiрiлiптi. Жаңадан бiрнеше там
салыныпты. Қамалдың iшi атты казакка толы. Екеуi жан-жағына үркектей қараған қараған
аттарының тiзгiнiн тарта ұстап, Захваткин тұратын төрт бұрышты ағаш тамға жақын кеп,
аттарынан түстi де, шылбырды көлденең бiр тақтайға байлай сап, ақ буды iздерiнен ертiп,
пеш жағылған, жылы бөлмеге кiре бердi.
Захваткин мен Фитингоф бұларды күле қарсы алды. Iште Елмырза, Ережеп пен Ахияр
бар екен. Аздан кейiн олар қызметшi әкелген қызыл шәйдi iшiп отырып, көр-жердi әңгiме
етiп отырды:
— Турциямен соғыс болатын түрi бар.
— Олар ана Болгарияны қанап жатыр.
— Мына разночинцы дегендер де бәле болды, олардың қыздырма сөздерiне ергендер
көбейiп барады. Әсiресе, желөкпе жастар жағы...
— Олардың аңсайтындары распублика ғой.
— Сонда монархияның... то есть, самодержавиенiң күнi өте бастады ма?
— Қайдағы?
— Ана Англия Ауғанстанға кеп орнығып жатыр. Бiздiң ендi сол жаққа тезетiп жетуiмiз
қажет. Онсыз бiз Үндi мұхитына шыға алмаймыз.
— Мына жақтан орыс әскерi Аягөзге келiп те қалды.
Орысша сөйлесiп отырған олардың сөздерiн ара-арасында Ахияр қазақшаға аударып
қояды. Бiрақ олар-дың не жайында сөйлесiп отырғандарын бұлар түсiнбедi. Олардың атын
атап отырған елдерiнен екеуiнiң де хабары жоқ. Соны сезсе керек, Захваткин кенет бұларға
еңсерiле қарап, ыржия күлдi:
— Бiздiң киргиз-кайсактарда да көмекшiлерiмiз бар. Мына кiсiлер кеше бiздiң
жағымызда болды, зор еңбек сiңiрдi.
Фитингоф үндемедi. Сосын Захваткин тамағын кенеп:
— Сiздерге айтар алғысымыз бар, — дедi де, екi алақанын шапаттады. Iшкi бөлмеден
қызметшi шықты. Захваткин оған қарап: — Аналарды..., — дедi.
Аздан кейiн қызметшi алып келген бұлғын iшiк пен құндыз бөрiктi Захваткин Елмырза
мен Ережептiң арқаларына өз қолымен жауып, олардың қолдарына кiшкене екi сандықшаны
ұстатты. Сосын Тайпан мен Тиышбектiң арқаларына iшiне мақта салынып, сырып тiгiлген
шапан жапты да қойды, бұларға сандықша берген жоқ. Сол екен, Тайпанның жүзi
қарауытып кеттi. Ал Тиышбек iшiнен қорланып, кеуiлi әлденеге қарайып сала берсе де, сыр
алдырмауға тырысты.
Аздан кейiн әңгiме жазалау отряды жайлы боп кеттi. Мұның ұққаны, жақында
Орынбордың генерал-губернаторының тiкелей бұйрығы бойынша, көтерiлiс жасаған
қазақтарды жазалайтын отряд ел арасына шығатын болыпты. Оның бастығы боп Фитингоф
белгiленiптi. Сосын Захваткин бұған қарап:
— Ана батырдың.... Туганактың... тұратын жерiн бiлудi тапсырамын. Жәнiбектiң де....
Оған алатын сыйың бөлек, — дедi.
Тиышбек үндемедi. Iшiнен: “Берген сияпатыңның түрi осы болса... көрермiз. Сонда ол
бiздi аналардан кем көрдi-ау”, — деп отыра бердi.
Ертеңiне Тайпан екеуi бекiнiстен шығып, аттарының бастарын Байқожа жаққа бұрып
алды. Сый-сияпатқа Тайпан да наразы екен, ол күңк те түстi:
— Кеше ғой ажалға қарсы шаптық. Сондағы алғанымыз осы ма?