Стр. 90 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

89
— Соны айтам-ау.
— Ана Ережеп болса, тасада жүрдi. Соған қарамастан...
— Ана төре не үшiн алды, а?
— Ау, ол ақсүйек төре емес пе?
— Сонда қара сүйек бiз немене одан кембiз бе?
— Солай болғаны ғой.
Тиышбек сол арада есiне бiрдеңе түскендей, атының тiзгiнiн тартып, тоқтай қалды,
Тайпан оған таңғала қарады:
— Не болды?
— Не болғаны сол, сонда олар екеумiздi жансыз етпек пе?
— Шынында, солай-ау.
— Сонда бiз кiм боламыз? Үйтсек, ертең ел-жұртқа жексұрын көрiнбеймiз бе?
— Дәл солай.
— Ендеше бар ғой, сен қылғанға мен қылдым, — деп, сол арада Тиышбек басына
келген бiр ойды айтып едi, Тайпан одан бiрден бас тартты:
— Қой, үйте алмайым. Ертең басым пәлеге қалып, — дедi.
— Менiң басым пәлеге қалмай ма?
— Оны өзiң бiлесiң. Бiрақ ол жайында менен сөз шықпайды.
Бiртоға Тайпанның өсек-аяңға жоқ екенiн жақсы бiлетiн Тиышбек жырқ етiп күлiп,
алақанына түкiрiп жiберiп, оның Тайпанның алақанына шарт еткiздi:
— Уәдә — уәдә. Онда мен кеттiм.
Ол сол бетiмен Басықара, Көбектiң маңайында отырған Төртқараларды аралап,
жазалаушы отрядтың шығайын деп жатқаны жайында тасырта айтып шықты. Содан
дариядан өтiп, арғы беттi жайлап отырған қалың Асан, Үсендердiң ауылдарын аралады.
Бiрақ олар бұның сөзiне сене қоймады. Соған ызаланған Тиышбек бүгiн Ханөткелiнен өтiп,
Қазалы бекiнiсiне соқпай, оның сырт жағындағы жазықтықпен келе жатыр едi, кенет
терiскейден келе жатқан екi жүздей атты казакты көрiп, атының басын тез бұрып ап, қиялай
шаба жөнелдi. Бұл маңайда Шөмекейдiң Нияз аталығына қарайтын бiраз ауыл бар едi. Олар
ана бiр ақсирақ жұт жылы Ырғыз жағынан Сыр бойына ауып, Қазалы маңына кеп,
Әлiмдердiң арасында қоныстап қалған болатын. Әлiмдермен қыз алысып, қыз берiсiп, құда,
жекжат боп, етене араласып кеткен оларды басқа Шөмекейлер “Суқит Нияздар”, “Ақұдай
боп кеткендер” деп сырттарынан қыжыртып, сықақтап жүретiн едi. Ендi алас-қапаста есi
шығып кеткен Тиышбек ердiң қасына еңкейе түсiп, Нияздардың ауылдарына қарай шауып
келе жатып: “Өздерi шығымсыз ел едi. Қонақ қып жарытпас. Қой, онан да тарта берейiн”, —
деп, тез-тез ойлап, жаман атын борбайлатып шаба бердi. Ол бiр төбеден асқасын, ойда
тiгiлген он шақты қараүйдi көрдi. Оның аса қу, сараң Алданазар дейтiн пысықтың ауылы
екенiн бiле қойды да, қамшысымен атын сауырына бiр тартып, тағы да шаба жөнелдi:
— Ойбай, келiп қалды!
Сыртта жүрген жұрт үрпиiсiп қалды:
— Әй, айтсайшы, не болды?
Тиышбек жауап берместен, барқыраған даусымен оларды шошыта түсiп, астындағы
атын қамшының астына алып, ауыл үстiнен дүсiрлете шауып өттi. Өзiнiң соңынан қарап
тұрған кiсiлер ге көз қиығын да салған жоқ. Ол сол пәтiмен заулап барып, алда тұрған төбеге
шықты да, алды-артына қарамай атының екi өкпесiн тебе түстi. Ендi аздан соң Тиышбек
ылдиға қарай түсiп бара жатты. Кенет оның құлағына арт жағынан шыққан бiр дүсiр
естiлгендей болды. Ол шошып, мойынын бұрып қарап едi, артынан ағып келе жатқан
қуғыншыны көрдi. Сосын иманы қара таяқтай боп кетiп, бiрдеме деп бажылдап, атын
сабалай түстi. Қамшы батқан ат ышқынып кеттi. Содан ойға карай заулап келе жатқан ат бiр
жерде адыраспанның түбiртегiне сүрiнiп, омақаса құлады. Ер үстiнде биқам отарған
Тиышбек мұрттай ұшып түстi. Ол бет-аузы қар-қар боп,
аяғын үзеңгiден тездетiп шығарып
ап, орнынан атып түрегелдi де, орнынан тұра алмай, тыпырлап жатқан атын етiгiнiң
тұмсығымен бiр тептi:
— Өй, арам қатқыр! Кiсi деген көзiне карап шаппай ма екен? Сенi де ат деп мiнiп
жүрген мен ақымақ!
Осы кезде жетiп келген жас жiгiт елiрiп алған атының басына әлi келмей, мұның
тұсынан заулаған қалпы ағызып өте шықты да, бiраз жерге дейiн барып, атының басын
шаққа дегенде қайырды. Сосын берi салды. Ол мұның қасына кеп, жерге дүрс етiп түсе
қалды.
Тиышбек оған адам деп пысқырып та қараған жоқ. Осы кезде орнынан үш рет ұмтылып
барып, шаққа дегенде тұрған атының iшiнен ыңқ еткiзiп бiр тептi. Сосын жүзi өрт
сөндiргендей қап-қара боп тұрып, жаман даусымен шiңк-шiңк еттi: