Стр. 91 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

90
— Осыны да ат деп! Артыңнан каптаған қалың жау келе атқанда, осындай жаман
жабылар ғой кiсiнi мерт қылатын. Болмаса ойға карай шапқанда ат сүрiне ме екен? О несi-
ай, түге?
Келген жiгiт не күлерiн, не кейiрiн бiлмей, Тиышбекке бiр түрлi боп қарады:
— Тәке, сiзге менi ауылдың үлкендерi жiбердi. Жаңағы айтқаныңыздың рас, өтiрiгiн
бiлiп қайт дедi.
Тиышбек тас-талқан болды:
— Әй, сенiң рас, өтiрiгiң не, а, осы? Мына мен бұ тiршiлiгiмде бiр ауыз өтiрiк айтып
көрiп пе ем? Сұра барып ана исi Әлiм, Шөменнен! Бiр адам сүйдер ме екен? О несi-ай
жаным күйiп тұрғанда?
Жiгiт оған жалынғандай боп:
— Ағеке, артық айтсам айып етпеңiз. Жаңағыңыз рас па? — дедi.
— Е, бағанадан берi сүйдемейсiң бе? — деп Тиышбек кенет күрт жадырап, ашаң
бетiнен сорғалаған терiн қолының сыртымен сүрттi де, екi саусағын танауына апарып, дың
еткiзiп бiр сiңбiрдi. Сосын бұған қарады: — Бала, сен менi дұрыс танымай тұрсың ғой дейiм.
Мына мен ана Жаманқұл сықылды Хиуадан жығалы мөр алмасақ та, атқамiнерлердiң
сапында жүрген ағаларыңның бiрiмiн. Кеше Қазалыға ұлық шақырғасын барып ем, иманым
қара таяқтай болды. Ана қыл мойын ұлық қазақтарды қатты жазалау керек, атты казактарды
шығару қажет дедi. Мен қарсы болып ем, өзiмдi лабақтыға... жауып қоя жаздады.
— О не пәле?
— Өй, өзiң де бiр! О дегенiң лабақты да, былайша айтқанда, орыстың зынданы да.
— Апырмай, ә? Құдай сақтаған екен.
— Содан таң ата олардың көздерiне түспей тартып отырдым. Содан алды артыма
қарамай, зытқаннан зытып келем.
— Сонда... атты казактар келе атыр ма? — дедi жiгiт оның бетiне абыржи қарап.
— Келе атканда қандай, олар ана Қазалыдан бағана шыққан. Олардың өткенде
Қаракесектердi қалай шапқанын бiлетiн шығарсың? Бұ жолы одан да жаман болады.
Айтпады деме. Кой, сенiң не басыңды ауыртайын, жолымнан калмайын. Ал кеттiм! — деп
Тиышбек шапанының етегiне жұққан қарды қашысымен қаға сап, атына мiндi. Сосын
анадай жерге барып, атының басын тартып тұрып, керi кетiп бара жатқан әлгi жiгiтке
айқайлады: — Әй, менi айтты демеңдер! Мен қанша десең де, орыстың қызметiнде жүрген
кiсiмiн. Менiң сендерге ертең де бiр керегiм боп қалады. Иә, ма?!
Тиышбек ендi елдiң көзiне түспейiн деп, дариялықты жағалап, жүрдi де отырды. Ол сол
бетiмен Алпар, Тұлпардың тұсынан өтiп, Кеңтүпке құлағасын барып, уһ деп демiн бiр-ақ
алды.
Ол кешкiсiн жүгерi көженi iшiп отырып:
— Өй, қатын, несiн айтасың, ана орыстың ұлығы была-а-ай, құрметтеп кеп, арқама
шапан жапты. Мұны ана Петербордың өзiнде тiгетiн көрнедi. Ақ патша мына шапанды
бiздей қызмет еткендерге бер деп ана қылмойынға арнайы берiптi, — дедi. Сосын ол есiне
Ережеп пен Елмырзаның алған бұлғыан iшiгi түсiп, әлденеге кiжiнiп: — Тоқтай тұр, бәлем,
сендердi ме! Екiншi жолы бұлғын iшiктi көрсетермiн! — дедi.
2
Бағанағы қуғыншы жiгiт кайтып кеп, Тиышбектен естiгенiн айтты. Оған ауылдың
кiсiлерi сенер-сенбестерiн бiлмей дал болды. Ақырында бiр шоқша сақалды кiсi:
— Мынаның шыкқан жерi сенiмсiз екен, орыстардың бiзде несi бар? Олармен соғысса,
Лұқпан соғысты. Шапса, соның ауылын шаппай ма? — дедi.
Оған екiншi бiр кiсi:
— Өй, бұларға сенiм жоқ. Олар кiмнiң кiм жақын-жуығы, туысы деп сұрап жатар
дейсiң бе? Көзiне қазақ көрiнсе шаба бередi де, — деп күдiк айтты.
— Үйтiп немене олардың көздерiне жын көрiнiп пе?
— Көрiнер, көрiнбес, жел тұрмаса қамыс басы сыбдырламайды деген. Калай дегенмен
де сақ болғанымыз дұрыс.
— Сонда не iсте дейсiң?
— Әзiрге алдын алып... қатын, бала-шағаны қамыс арасына жасыра тұрайық. Сосын
төрт-бес жiгiттi төбе басына қарауыл етiп қояйық.
— Өй, қойшы сен де бiр! Бұларды тосыннан шабатын тұрiкмендер дейсiң бе? Қыстың
көзi қырауда қамыс арасында тұрса, бала-шаға қатып қалмай ма? Менiңше, мынау
Тиышбектiң тағы бiр қоптыртып айтқан хабары ғана. Орыстардың тиыш жатқан бiзде несi
бар? Ақырын күтейiк, — деп, әлгi кiсi көнбей қойды.