Стр. 92 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

91
Бұл кiшкентай ауылда тұратындар, негiзiнен, Қамыстыбасты жайлап, Аманөткелде
қыстайтын, диханшылықты кәсiп ететiн, Әлiмдердiң абызына өткендей боп жүрген
Нияздардың шағын бiр аталығы едi. Олар дарияда мұз қатысымен мұзды ойып, жылым
салып, балық аулап күн елтетiн. Кеше ғана Қаракесектердiң ауылдарын атты казактардың
калай шауып, масқаралағанын бұлар да естiген болатын. Бiрақ оны алып-қаштысы көп елдiң
көптiрте айтқан әңгiмесiнiң бiрi шығар деп камсыз отырған едi. Оның үстiне бұлар кешегi
көтерiлiске қатынасқан жоқ. Өткен жолы Татыран Тәбекен кеп, қамшы үйiрiп, сарбазға жiгiт
берiңдер дегенде де бұлар көнбей қойған-ды. Бiр жағынан соны, екiншi жағынан: “Жазығы
жоқ бiзде несi бар? Қарапайым халыққа тиiсе қоймас”, — деп дәтке қуат қып, отырған едi.
Бұл кезде ақпан айы басталып, қыс нағыз кәрiне мiнген едi. Терiскейден үш күн, үш түн
бойы бораған ақбасқын тиылып, малдың қорадан шөп теуiп жеуге шыққанына аз ғана уақыт
болған. Ақбасқын жердiң бәрiн тұмшалап көмiп тастаған. Қар кейбiр жерлерде белуардан
келедi. Қолдағы аз ғана жылқының ығып кеткенi қашан. Шамасы, олар Қызыл жағына қарай
ауса керек. Оның есесiне уақ жандық қолға қарап қап, жазда орып алған аз-маз шөптi жеп те
бiтiрген-дi. Ендi соны қарын суырып әкеткен, жусаны мен изенi бар алаңқыттарда ауыл
кiсiлерi бiр мезгiл жайып келiп жүр. Осындай күн жайлы боп тұра берсе, көкек айына
табаны бiрiлiгiп, мал қоздай бастаса, бұлардың қыстан аман-есен шыққаны. Сол жағын
ойлап, ауыл ақсақалы кiсiлердi үркiтпей, басу айтып отыра бердi.
Атты казактар бейбiт отырған ауылға дәл осындай кезде сау ете қалды. Мылтық
асынған, қылыштарын төбесiнде жалақтата ойнатқан жүз қаралы атты казак қиқу салып,
ауылды екi жақтан қоршай шапты. Қазақтар асып-сасып, қолдарына қадағаштарын да ала
алмай қалды. Нияз руының жiгiттерi жан-дәрмен деп, қолдарына түскен қада,
сойылдарымен қорғанған болды. Бiрақ атты казактар ауылға жақындай бере қарсы үрiп
шыққан маң төбеттердi мылтықтарын тарс-тарс еткiзiп атып тастады. Оқтан аман қалған
иттер қыңсылап, құйрықтарының артқы борбайларының екi арасына тығып, керi қашып,
күркелерге кiрiп-кiрiп кетiстi. Дем арасында қатындар ойбайлап, балалар шырқырап жылап,
жаңа ғана тиыш тұрған ауыл азан-қазан болды да қалды.
Атты казактар ауылды қоршап ап, үйдi-үйден қатын-қалаштарды сыртқа сүйреп
шығара бастады. Қарсыласқан бiр жiгiттi барлығы жабылып, жерге жығып сап, өлгенше
тепкiледi. Нахаевтың дәу етiгi тиген жiгiттiң мұрынынан қара қан саулап қоя бердi. Екiншi
рет тепкенде көзiнiң алды күлтелене қалды. Жiгiт боқтап, ұмтылып едi, Нахаев оны
қолындағы қылышымен қиялай шапты. Жiгiттiң бiр құлағы жерге кесiлiп түстi. Екiншi рет
Нахаев оның екi қолын шауып түсiрдi. Үстi-басы қан-қан болған жiгiт қатты бақырып
жiберiп, өзiн әлi де тепкiлеп жатқан казактарға бой бермей, орнынан тұрмақ болды. Дәл сол
кезде басқа бiр мұрты едiрейген казак найзаны оның кеудесiне ұрып кеп қалды. Найза ұшы
кiргенде, жiгiттiң кеуде сүйегiнiң пытырлап сынғаны анық естiлдi. Жiгiт жан-дәрмен деп,
екi-үш рет тыпырлап, ышқынып, дiр-дiр етiп, екi аяғымен жердi осып-осып жiберiп, кенет
бойынан жаны кетiп, тына қалды. Оны көрiп, қатыны ойбайын сала жүгiрiп едi, бiр казак
әйелдi аяғынан шалып қалды. Қатын етпетiнен құлады. Сол кезде Нахаев қатынның
көйлегiнiң етегiн найзаның ұшымен түрiп, оның бөз дамбал киген қоңыр санына
мазақтағандай қарап тұрып, жыны кеп, құйрығына бiр тептi. Одан кейiн тепкi жауып кеттi.
Қатын бажылдап жатыр. Оны көрсе де, ауылдың басқа жiгiттерi ара түсе алмай,
шегiншектей бердi. Әсiресе, осы ауылдың бас көтерерi деп есептелетiн шәпеш, сопақ бас,
көзi үнемi өтiрiк күлiп тұратын, жасы қырықтарға тақап қалған Алданазар қатты қорқып:
— Бармаңдар! Барсаңдар, бәрiңдi өлтiредi! Ондай-ондай тепкiден қатын өлмейдi! —
деп, ұмтылған жiгiттердi жiбермей қойды.
— Ағатай-ай, бармағаны нес?
— Бүйткенше, өлгеннiң өзi-ақ жақсы емес пе?
— Ана байғұсты өлтiрдi ғой, — деп екi жiгiт омыраулай берiп едi, соны көрiп тұрған
Нахаев адыраңдай жетiп кеп, қолындағы қамшысымен оларды бастарынан бiр-бiр тартып
өттi. Қамшы бiр рет Алданазардың бетiне тиiп, ирелеңдеген жыланша iзi салды. Алданазар
өтiрiк күлiп:
— Батыр, дұрыс, дұрыс, ләббәй! — деп басын идi.
Оны көрген Нахаевтың жыны қозып кетiп, Алданазарды қақ бастан бiр қойды да,
оларды жолынан ысырып тастап, ала көлеңке қараүйдiң iшiне кiрдi. Бiрден кебе-женiң
артында тығылып жатқан әйелдi көрдi. Ол Алданазардың биыл Жиенейлерден алған, үстi-
басын күтiп ұстайтын Үрiмқаш деген тоқалы едi. Нахаев оған жетiп барды да, бiрдеңе деген
әйелге қарамастан, ұзын шашынан ұстап ап, сыртқа сүйретiп шығарды. Оны көрiп тұрып,
Алданазар басын иiп:
— Тақсыр, гәспәдиiн, әбдән дал-далы шыққан... ана... — Ол қулана күлiп, қысық
көзiмен әйелдiң етегiн көрсеттi. — Ана лапардайдан не маза табам дейсiң? — деп, жалына-
жалбарына қарады.