Стр. 94 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

93
— Әй, сампылдаған Сағира жеңiше, жарайсың! — деп айқайлады. Сосын жiгiттерге
бұрылып қарады: — Қорықпаңдар! Бұлар да бiз сияқты жаны бар адам емес пе? Ендi естерiн
жиғызбайық! Ұрыңдар!
Жiгiттер тағы да лап қойды.
Казактар бұ жолы қатарларын бұзбай, затворларын сарт-сұрт еткiзiп мылтықтарын
кезенiп тұра-тұра қалысты. Сәлден соң мылтықтардың үңiрейген ауыздарынан от жарқ-жұрқ
ете қалды. Күн күркiрегеней боп, бiр қорқынышты дыбыс шықты. Соның артынша алдыңғы
жақта келе жатқан үш-төрт жiгiт кенет сүрiнiп кеткендей боп, екi қолдарын алдарына қарай
созып барып, жерге құлап түстi. Екiншi залп он шақты жiгiттi ұшырып түсiрдi. Жаңа ғана
әруақтанып келе жатқан жiгiттер, құты қашып, жалт бұрылып, алды-арттарына қарамай керi
қаша бастады. Соны көрген Фитингоф қатты айқайлады:
— Мына жабайыларды қырыңдар! Атыңдар!
Жазалаушы атты казактар қазақтардың сасып қалғанын көрiп, ендi атуды қойып,
қынатарынан қылыштарын суырып-суырып алып, iлгерi ұмтылды. Олар қашып бара
жатқандардың жеткенiн жеткендей сыртынан қиялай шауып түсiре бастады. Аздан соң
аязды ауада адам қанының жылы, дымқыл, көңiрсiген исi шықты. Атты казактар оған
қараған жоқ, жiгiттер мен қатын-қалаштарды шаба бердi.
Жiгiттер қашып барып, бiр қараүйдi паналап, шеп құрып, айнала қорғанбақ болды.
Шайқыслам қатты айқайлап:
— Дөңгелектене тұрыңдар! Келгенiн жандарыңа жолатпаңдар! — дедi.
Фитингоф атымен шауып осы кезде жеткен едi. Ол пистолетiн кабурасынан суырып ап,
мыналарға басшы боп жүрген Шайхысламды көздеп атып жiбердi. Бiрақ оқ тимей, қараүйдiң
киiзiн тесiп өттi. Мұны көрген казактар жан-жақтан анталай қамап келiп те қалды. Құр қол
қазақтар жалаңдаған қылыштан сескенiп, асып-сасып, қараүйге кiрiп-кiрiп кетiстi. Сосын
iшке кiрмек болған жазалаушыларды сойылдарымен ұрып, кейбiреуiн ұшырып түсiрiп,
жандарына жолатпады. Олардың мына қалпы ұялы қасқырдың ортасында қалған, неге болса
да қайыл арғымақтың түрiндей едi.
Олардың оңайлықпен берiлмесiн бiлген Фитингоф қылышын жоғары көтерiп:
— Үйдi өртеңдер! — деп бұйрық бердi.
Бiр-екi казак жүгiрiп барып, биылғы егiннен қалған, сарғайып кеткен, қорада жатқан
сабанды құшақтап әкеп, қараүйдi iргесiне қоя бастады. Аздан соң сары сабан керегенiң
белуарына дейiн жетiп, тау боп үйiлдi. Бағанадан берi ызасы кеп, боқтап жүрген Нахаев
атынан түсе қап, лампасты шалбарының қалтасына шақпағын ап, сабанға жақындап келдi
де, Фитингофтың бетiне ыржия бiр қарап, үлкен бiр ерлiк көрсеткендей пiшiнмен, шақпақты
бiр бiрiне шақ-шақ еткiзiп ұрып қалды. Лезде кiшкене әлсiз көгiлдiр ұшқын жылт-жылт еттi,
бiрақ бiлте бықсып, тұтана қоймады. Нахаев шақпақты қайта-қайта соқты. Аздан кейiн
көгiлдiр әлсiз ұшқын қоюлана түсiп, бiлтенi тұтатты. Бiлте бықсып жанып барып, лап ете
қап, лезде сарғыш жалынға айналды. Нахаев қоқырайып тұрып, бiлтенi сабанға тигiздi. Күн
көзiнде жатып, әбден қураған сабан сытыр етiп жана түстi де, бықсып барып, iзiнше лап ете
қалды. Содан соң сабанның бiр бүйiрi iшiне омырыла қарая түсiп, лапылдай жанып,
будақтаған қара түтiндi жоғары көтердi. От өрши келе киiзге, шиге тиiп, керегенi бойлап
жана бастады. Аздан соң от қараүйдi түгелдей қоршап ап, сатырлай жанып, лапылдаған
өртке айналды. Жалын сарғыш тiлiмен шатыраққа жете бергенде, iштегi кiсiлер көз
ашырмас ащы түтiнге тұншығып, қақалып-шашалып, қолдарымен ауыздарын басып,
амалсыздан сыртқа атып-атып шыға бастады. Оларды күтiп тұрған казактар қылышпен бiр-
бiр шауып, сұлатып түсiре бердi. От әбден күшейгенде барып үстiндегi iшi әр жер-әр
жерiнен жана бастаған Шайхыслам шыдамай, iштен сыртқа атып шықты. Өзiнiң түрi әлем-
тапырық боп кетiптi. Қолында сойылы жоқ оны казактар қылыштарымен шабайын дегенде,
Фитингоф айқайлап:
— Мына разбойниктi... тiрiлей ұстаңдар! — деп бұйрық бердi.
Казактар құр қол шыққан Шайхысламның төсiне найзаларының ұштарын тiреп, оны
керi шегiндiре бердi. Өңменiне найза ұшы кiрердей боп келе жатқан Шайхыслам шегiнiп
келе жатып, бiр арада жусанның түбiртегiне сүрiнiп кетiп, шалқ ортасынан құлады. Басынан
тымағы ұшып түстi. Дәл осыны күтiп тұрғандай атты казактар бас салды. Олар апыр-топыр
жүгiрiп кеп, мұның үстiне қона түстi. Шайхыслам бiр жiгiттей қайратты болатын, ол үстiне
қона түскен екi жiгiттi көтере-мөтере орнынан тұра бергенiнде, көзiне қан толып кеткен
Нахаев ұзын бойы сереңдей жүгiрiп кеп, оны тақымынан бiр тептi. Шайхыслам ерiксiз
тiзесiн бүгiп, шөге бердi. Екiншi тепкi оның басынан кеп тидi. Көзiнiң оты бiр жарқ ете
қалған Шайхыслам көз алды қарауытып кетiп, екi қолы жайылып, қасат қардың үстiне құлап
түстi. Содан кейiн атты казактар ырсылдап, боқтап жүрiп, оны басқа-көзге қарамай тебе
бастады.
Аздан соң атты казактар ауылдың барлық қатын-қалаштын бiр бөлек, ер-азаматтарын
бiр бөлек қойша иiрiп қойды да, дарияның жағасында өсiп тұрған, жапырақтыр ұшып,