Стр. 97 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

96
салып, шақпағын сарт-сұрт еткiзiп ұрып, өртедi де, лып-лып еткен сарғыш жалынның түп
жағындағы қарауытқан тұсына қарап, ойланып бiраз отырды.
Iшке көмекшi офицер кiрдi. Бұл оның бетiне себебiн сұрағандай кескiнмен қарады.
— Ваше высокоблагородие, господин Фитингоф келiп тұр.
— А-а? — дедi Перонский ұзақ ұйқыдан оянғандай боп, басын көтерiп алып. — Кiрсiн.
Перонский iшке кiрiп, рапорт берген Фитингофты жылы жүзбен қарсы алып, үлкен
үстелiнiң оң жағындағы жұмсақ орындыққа отырғызды да, оның бетiне күле қарады:
— Патша ағзамның ұлы саясатын сәттi жүргiзгенiңiзге рахмет. Ал ендi баяндай берiңiз.
Перонский Фитингофтың сөзiн iшiнен ыңылдай отырып тыңдады. Ол сөзiн бiтiргесiн:
— Осы жайлы рапорт жазыңыз. Iшiне... ана... жазалаған тұсты қоспаңыз. Оның
орнына... былай, үгiт жүргiзiп жатырмыз, елдiң ықыласы бiздiң жақта деңiз, — дедi.
Сәлден кейiн өзiнiң тапқырлығына ырза болған Перонский қайтадан тұрғызылып
жатқан қамалды көруге кеттi. Оны аралап болғасын, қасындағы адъютантына көз салмастан,
бөлмесiне кеп, демалуға кiрiстi.
Бұл ертеңiне, одан кейiнгi күндерi де қамал басына шығып, әр жер-әр жерiнде ойдым-
ойдым қар жатқан, мелшиген далаға қарап, Якуббектiң келетiн жолына көз салып жүрдi.
Бiрақ оның қарасы көрiне қоймады. Сүйтiп жүргенде көкек айы жақындап та қалды. Ақыры
оңтүстiк батыстан жылы жел соғып, бiр күнде сiресiп жатқан қалың мұздың көбесi сөгiлiп,
сатыр-сұтыр ете сынып, дария астаң-кестең болды да кеттi. Соның артынша қызыл су
көбейiп, тiк жарларға тiрелiп, шiрей тола бастады. Ақмешiтке жете бере дария жартылай
шеңбер жасап, орала ағатын тұста мұз кептелiп қалды. Содан соң артқы жақтан дүмелiп
келген қалың сең бiрiнiң үстiне бiрi мiнiп, астыңғы жақтары қарауыта қабат-қабат боп,
үлкен бiр ақ тауға айналды. Содан кейiн мұздың бетiне шыққан қызыл су лықси кеп, тiк
жарларға тiрелгенде, кiшкене қамалды ғарық қылатын сияқтанды. Неваның тазысығанын
Пушкиннiң ”Мыс салт атысы” деген поэмасынан ғана бiлетiн, өмiрi мұндай әлеметтi өз
көзiмен көрмеген Перонский сақтық ойлап, бекiнiстен әскерлердi сыртқа шығарып, жапан
далада шатыр тiктiрiп, бiр-екi аптадай ұстады. Өзi күнде Сырдарияның жағасына барып
жүрдi. Бiр күнi шiрей тасып, Перовскiнiң сол жағындағы жалпақ жазықты басып сап,
қамалға ендi ақтарылатындай боп тұрған қызыл су түн iшiнде сеңдерi қозғалып, сатыр-
сұтыр дыбыс шығып, құдды алып айдаһар жылжыған сияқты боп, төменгi жаққа қарай
лықси жөнелдi. Бұл ертеңiне жағалауға кеп қарап, кешегi жайқын жатқан судың орнында
ескi арнасымен сарылдай, лайыта ағып жатқан дарияны көрдi. Сосын бұл көптен берi ойына
алған шаруасын тез iстеуге кiрiстi. Мамыр айының басында қамалда Елмырзаны қалдырып,
қасына өзiн қорғайтын елу шақты атты казакты алып, Қазалыға тартып кеттi.
Бұл кезде Сыр бойы өзiнiң ажарлы шағына ене бастаған болатын. Ақмешiттен шыққан
бойда ол қызғалдағы, сарғалдағы жайқалған, құртқашаштары көкшiл гүлдерiн ашып та
үлгерген, боз жусанның ұнамды да ашқылтым исi кернеген, көкжиекке дейiн көкпеңбек
тартып, құлпырып сала берген кең даланы көрдi. Анадай жерде киiктер топ-топ боп,
бастарын алдарына салып жiберiп, жөңкiле қашып барады. Жаңа ғана жаңыр жуғандай
мөлдiрей қалған көк аспанның төсiнде қанатын анда-санда бiр қағып қойып, дүз бүркiтi
қалықтап жүр. Анда-санда төбеден темiрдей қанаттарын жылдам-жылдам қағып, ақшыл
бауырлары күн сәулесiне сарғыштана шағылысып, бұлдырықтар зымырап ұшып өтедi. Күн
жылы. Құдды күллi табиғаттың өзi жадырап, жайнап, бiр түрлi кеуiлденiп сала берген
сияқты. Соны сезген Перонский де күймелi арба iшiнде теңселiп келе жатып, бұрын өзiне
таныс емес далаға бiр түрлi боп көз салды. Содан кейiн, бұл жерлер Ресейдiң абызына өткен
соң, бұ жақта да, iшкi Ресейдегi сияқты, губерния, уезд құрылатынын, кәзiр осы жайында
Петербургта сөз болып жатқанын есiне алды. Бiрақ ол қашан жүзеге асады, олардың
басшылары кiм болады, өзi бұ жақта қалады ма, қалмайды ма, — ол жағы әзiрге белгiсiз.
Бұның бiлетiнi, жақында Орынбор генерал-губернаторынан келген бұйрық бойынша,
Қазалы уездi құрылғанша, жастайынан Орынборда болып, орысша үйренген, гимназияда
оқыған, Жаппас руынан шыққан, канцелярияда тiлмаш боп қызмет еткен, етi тiрi пысық
Өтетiлеуов Өткелбайды бастық... то есть, хан сайлау керек. Мұның Қазалыға келе
жатқандағы негiзгi мiндетi осы. Ол кәзiр мұның соңынан ерген екiншi фаэтонда келе жатыр.
Бұл күн түске тармаса бере Қараөзекке жеттi, бiрақ дария тасыған кезде су басып
салған, ол тартылғанда, әлi батпағы құрғай қоймай, лайланып жатқан аралықтан өту
қиындыққа соқты. Әуелгiде соны бiлмеген көшiр фаэтон арбаны зырғытып келген бойда
соған түстi де, бiраз жер жүрiп барып, тiлерсiне дейiн келген батпақтан аяқтарын әзер алып
келе жатқан, жегiлген үш ат мықшыңдап тоқтанған соң, не iстерiн бiлмей, жан-жағына
алақтап қарады. Ол қанша шыбыртқымен сабаса да, аттар арбаны батпақтан тартып шығара
алмады. Сосын басы артық салмақ болмайын деп, Перонский күймеден түсiп, етiгiнiң
қонышына дейiн жеткен батпақты сабырлай кеше отырып, құрғақ жерге шықты. Мұны көре
сап, кейiнгi фаэтоннан асығыс түсе қалған көмекшiлер мен Өткелбай да құрғақ жерге келдi.
Ол жеткен бойда осы Арада Сырдың саласының екi айрылатыны, Қараөзектiң Қармақшыға