Стр. 99 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

98
—Түсi игiден түңiлме деген. Өзiнiң түсi жылы. Кәпiр болса да мұсылманнан iж кемдiгi
жоқ.
— Қой, үйдеме. Кәпiр — кәпiр, мұсылман — мұсылман.
— Әй, мына Жәнiбек молла қайдан шыға келдi?
— Әй, байқаңдар, мынаның төбесi тесiк болып жүрмесiн...
— Ха-ха-ха-ха!
— Не десең де, мынауың тәуiр ұлық екен.
— Онан да тиыштығы болсын де. Содан артық бiзге не керегi бар? Ақ патша ма, көк
патша ма, — бiзге кiм билесе де бәрi бiр емес пе?
— Мұсылман деген Хиуа мен Қоқанды да көрдiк қой.
— Ендi бұларды да бiр байқайық.
— Осы... былайша шапан жаба берсе, бұлардың сатып алмайтын кiсiсi қалмайды.
— Өздерiнiң шапаны... соншама көп пе екен?
— Өй, сен соны ана ақ патшаның өзiнен сұрасайшы.
Перонский самбырлап сөйлесiп, қарқылдап күлiп жатқан жұртқа қарап қойып, ештеңе
түсiнбесе де, олардың өзiн ырзашылықпен қабыл алғанын iшiнен сездi. Сосын алдындағы
француз шампаны құйылған бокалға қолын созды.
Ол ертеңiне Ақмешiтке суыт жүрiп кеттi.
4
Шәки соңғы кездерi шаршағанын сезе бастады. Анада қызыл тiлге ерiп, өзi көрместей
боп кеткен Ережептiң ауылына қалай көшiп алғанын байқамай да қалған едi. Оның үстiне
шешесi жаңғыз баласының досқа күлкi, дұшпанға таба боп, күшiккүйеу атанғанына
арланатын сияқты. Онысын сыртына шығарып айтпаса да, шешесiнiң қасы мен қабағынан
Шәки соны аңдаған-ды. Ақыры мына бiр жағдай қамшы боп, қашаннан бiр бет жiгiт тез
шешiп, қайта аударыла көшкен едi. Бiрақ одан жағдайы жөнделiп кете қойған жоқ.
Ережептiң берген азын-аулақ малы бұған құт болмады. Оның екеуiн қасқыр тартып кеттi.
Ендi, мiне, бұл Ережептiң соңына ерiп, ауыл-ауылды аралап, салпақтап жүр. Әсiресе, атты
казактардың ауылдарға салған кешегi ойранынан кейiн жұрттың көзiне көрiнiп, мәмiле айту
деген өте қиынға соқты. Баяғыда ана Мiрәлiнiң айтқанына көнiп, айдауына жүрген
кездерiнде бұл талай рет даулы жерге басын сұқты. Соның ақырында ұятқа бұл батты. Ендi
жасы қырыққа тақалып қалғанда, кiм көрiнгеннiң қолшоқпары болу оңайға тиiп жүрген жоқ.
Өткенде бұлар Қазалыдан шығып, Төретам маңындағы Шөмекейлердiң ауылдарын
аралады. Ережеп қашанғы әккiлiгiне басып, ақсақалдарды Перонскийге барып сәлем
берiңдер, орыстар сендерге тимейдi деп үгiттеп бақты. Шалдар төменгi жақта болған
уақиғаның бәрiн естiп-бiлiп отыр екен. Бiр қапсағай денелi, жасы жетпiстi алқымдап қалған,
шұбар бет кiсi мырс етiп:
— Бала, сен өзiң әуелi өз жұртыңды бақпай, басқаны бағуға кiрiскенсiң бе? — деген.
Ережеп сөз төркiнiн түсiнiп, қып-қызыл боп кеткен. Шәки шалдың мұнысын түсiндi.
Өзi Ережептiң айтағымен осы елден талай рет мал ұрлады. Не бiр асыл тұқымды жылқыны
Ережептiң үйiрлерiне әкеп қосты. Соны мына шалдар бiлмейдi дейсiң бе? Бұрынғы заман
болса, мұны ұстап ап, көкесiн әбден көзiне көрсетiп жiберер едi. Кәзiр орыс орам алған
заманда олар амалсыздан бойсұнған боп отыр. Ережеп соны түсiндi де, бойын жинап:
— Ақсақал, бұл ел де өз елiм. Оның қамын ойласам, не айыбы бар? — дедi қарап
отырмай.
Сонда әлгi кiсi тағы да ащы мырс етiп:
— Оған не сөз бар? — деп қасындағы шалды тақымынан басты. — Баяғы Дадабек
сарттың кезiнде екi жеп биге шығып едi. Ендi ақ патшаның ауқымымен үш жегелi отыр-ау!
Шалдар мырс-мырс күлiстi. Ұялғаннан Шәкидiң бетiнен оты шықты. Содан кейiн
олардың сөзi жараспады. Ережеп Қазалыға қайтып келе жатып, әлденеге өз-өзiнен
ызаланумен болды. Мұнымен адам екен деп жөндеп те сөйлеспедi. Оның бұ қылығы мұның
жынына тидi. Сол арада қашанғы ақкөздiгiне басып, қолын бiр сiлтеп кетiп қалғысы кеп
тұрды да, ақырын байқамаққа бел буды.
Содан Қазалыға келгесiн де Ережеп бұған кiсi екен деп қарамады. Захваткинмен екеуi
әлдене жайлы сөйлесе кетедi. Бұл болса, кiлең атты казатардың ортасында қалады. Олардың
тiлiн бiлмейдi. Бiлген күнде де, кешегi Аманөткел маңындағы ойранды естiген мұның
тiлдесуге ары бармайды. Сосын томаға-тұйық, өзiмен-өзi боп отырғаны. Ақыры оның iшi
пыса бастады. Ережептiң Қазалыдағы шаруасы бiтпей қойды. Бұ кездерi Қазалының
терiскейiндегi қалың құмға жақындап қонған ауылына барып қайтқысы кеп мейлi ауа бердi.
Бiрақ Ережептiң әзiр қозғала қоятын түрi жоқ.