Стр. 107 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

болды. Ендi ол мұның уысынан құтылып көрсiн. Шын сүйсе, директор неден болса да
тайынбай, әйелiнен қол үзiп, шыға келедi. Сосын мұның қашаннан арман еткен нәрсесi
қалпына келмей ме? Дүния, мал-мүлiктiң тақсыретiн тартпай, қатарынан кем болмай,
тiршiлiк етпей ме? Әйелге одан артық не керек? Егер ол алмаса ше? Неге? Жоқ. Елекеш
мұны жақсы көредi. Бұл да оны онша сүймесе де, ұнатады. Сонда сүйiскен жандардың
мынадай мамыражай заманда табыспауы мүмкiн бе? Мүлдем, мүмкiн емес. Тек ол үшiн
Елекештiң табандылығы керек. Анадай ожар кеудесi бар жiгiт ешуақытта жеме-жемге
келгенде жығылмайды. Соған кеуiлiн ұйытқан Набат уһ деп демiн бiр-ақ алды.
Майнақ орнынан тұрып, анадай жерде салыны суарып жүрген Балғынбай мен
Нестайға қарады. Набат та түрегелiп, көйлегiнiң етегiн жөндеп қойды. Сосын көлденең
көзден қысылып, Балғынбайдардiң жанына барды. Iрi Сүйектi кiсi жұмысты апырып-
жапырып iстейдi екен. Дәу кетпенiмен арықтың аузын бiтеп жатыр. Қасында Нестай
сылдырап ағып жатқан суға жаңа түскен жас топырақты жалпақ бас күрекпен таптап
жатыр. Қыздың ақ құба жүзiн күн шалып, әр жерiне теңбiл-теңбiл таңба түсiптi.
Маңдайындағы балапан шашы сарғайып кетiптi. Жұқалау ернi аздап жарылыпты.
Набат оған қарағанда өзiнiң әлi қыз салтанатын жоймағанын iштей қуана сездi.
— Балам, жәй жүрсiң бе? — дедi Балғынбай бұған тiктеп қарамай.
— Салыны қарап шығып ем.
— Дұрыс болған екен. Бұл деген көп күтiмдi кәжет етедi. Мойынға алғасын,
сүйтпесең, қиын ғой.
— Күн жанып кеттi, — дедi Майнақ себепсiзден себепсiз.
— Жанатын кезi емес пе, — дедi Балғынбай маңдайынан шұбырған терiн сүртiп
тұрып.
— Осы сiз неге атақ шығармайсыз, а? — деп, Майнақ кенет түйеден түскендей етiп
қойып қалды.
— Менiң атақ не теңiмдi алған? Мына қылшылдаған жас сендерге бердiк, — деп,
Балғынбай кеңк-кеңк күлдi. Қалың ернi жайыла керiлгенде ар жағынан әлi бүп-бүтiн ақ
тiстерi қаладай боп көрiндi.
— Неге? Сiз әлi дiңкәләп тұрған жоқсыз ғой.
— Қой бала, қартайған менi қалжақ етiп нағыласың?
Қалжақ деген сөз Набатқа жаман тидi. Бұл оған арнап айтылғандай көрiндi. Жүзiне
ыза шауып, бiрдеменi сылтау етiп, жүре бердi. Жолшыбай мына жағдайын әзiр
Елекешке айтпау керек деп шештi.
Үйiне келсе, әке-шешесi, Қанат пен Нұрсұлулар шай iшейiн деп жатыр екен. Набат
қолын жуып, шешесiнiң қасына кеп тiзе бүктi. Паңқып отырған әкесiне мүсiркей
қарады.
— Құрсын, айтары жоқ, деректiр болғасын ненi аясын, бәрiмiздi жарылқап тастады.
Бiр қойды бөктерiп сойып, арқамызға бiр-бiрден шапан жапты, — дедi Әзберген есе
сөйлеп.
— Өздерiңдi әбден сыйлапты ғой, — дедi шешесi қулана күлiп.
— Ана Бәйдеш дейтiн алым бала да келiптi. Соның көзiнше Жұман мен Балғынбай
шекiсiп қала жаздады.
— Ау, оларға не жетiспейдi? Алапа ма?
— Жоқ, басқа әңгiме. Жұман айтады қолыңнан келсе, дүния-мүлiк жиып қал деп.
Балғынбай оған қолын бiр сiлтейдi. Шынында да, сол дүнияңда не тұр? Онсыз да аштан
өлмей, көштен қалмай келе атқан жоқпыз ба? — дедi Әзберген шоқша сақалы шошаң-
шошаң етiп.
— Оған не сөз бар? — дедi Кәмпит кесесiн қолына ала берiп.
Әлi ажары қайта қоймаған ол Әзбергенге бiр рет көз тастады да, артық тiс жармады.
Оның қашанғы әдетi осы. Жаратылысынан тәкәппар Кәмпит iштегi наразылығын
сыртына шығара бермей, қанша ренжiсе де, iштен тынатын. Соны Набат сезедi.