Стр. 109 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Жоқ болса, жерден қазам ба?
— Қаз!
Ашуы әбден шегiнен шықса керек, Мылтықбай кенет орнынан атып түрегелдi де,
жындана жүгiрiп барып, қабырғадағы үкiлi домбырасын жұлып ала сап:
— Әй, — деп тiзеге сап, бiр омырып, оны есiк жаққа қарай лақтырып жiбердi.
Патшайымның көзiне жас құйылып кеттi. Бiр кезде өзi сыйлаған қымбат мүлiктiң
быт-шыты шыққанын көрiп, ыршып түстi.
— Әй, саған не болды? — дедi жан даусы шыға.
— Маған, мiне, мынау болды, — деп Мылтықбай жындана жүгiрiп барып, төргi
бөлменiң бiр қабырғасын ала сiресiп тұрған көп кiтапты бiрiнен соң бiрiн ашық тұрған
есiктен сыртқа лақтырып, бiр жерге үйе бастады. Қолына жабысқан Патшайымға әл
бермедi. Кiтаптарды үйiп болғасын, сарайдан бiр шелек жермай алып келдi де, үюлi
кiтап үстiне ақтара салды. Сосын шырпы жағып, оны кiтаптың ортасына қарай
лақтырып жiбердi. Сол екен, лезде сарғыш жалын лап ете түстi.
— Қап-әй! — дедi Патшайым шошынып.
— Қап! — дедi Набат та үркiп.
Мылтыкбай бұларға көз салмастан, жөнiн айтпастан, сыртқа атып шықты да, гараж
жаққа кеттi. Ол көптен кейiн барып келдi. Самсоз калпы, газетке оралған буманы үстел
үстiне қойды:
— Мiне, әкелдiм.
Набат сол арада мына отбасына шолақ дәулеттiң кiрген бiр сәтiне куә боп тұрып,
жұптыларды мәңгi байланыстырып тұратын, тiршiлiкте еш нәрсе орнын толтыра алмас
бiрдеменiң тырс етiп үзiлiп кеткенiн анық сездi.
26
Елекеш қатты шошыды. Набат кеткен бойда, еш кiсiнi қабылдамай, арғы-бергiнi
таразыға салды. Ақыры неде болса деп, мұның алдын алғанды жөн көрiп, түс ауа
Мылтықбайдың үйiне келдi. Патшайым жаңа сатып алынған мебельдi екi-үш ауыл
жiгiтiн көмекке жауып, үйге кiргiздiрiп жатыр екен. Ол Елекештi көрiп, бiр түрлi
қысыла қызарып, күлiмсiреп сала бердi.
— Ау, тақтай алғансыңдар ма? — дедi Елекеш даусын жорта көтере сөйлеп.
— Иә.
— Құтты болсын.
— Айтсын.
— Сенде бiр шаруам бар едi, — деп, Елекеш салмақты тартып, Патшайымды оңаша
алып шықты. Сосын екi оқты боп тұрып: — Сенен бiрдеме жайында сұрасам ба деп ем,
— дедi.
— О не?
— Осы алты айлық баланы алдырып тастауға бола ма?
— Неге, — дедi Патшайым тiксiнiп. — О кiм едi?
— Құрдасың ғой.
— Ау, босана берсiн де.
— Өзiм де солай дедiм. Тек әйелi түспегiр бұ заманда кiсiнi тыңдай ма? — деп,
Елекеш өтiрiк кейiстiк бiлдiрген болды. — Дұрыс екен, — дедi сосын кiмге айтқаны
белгiсiз.
Директор содан аяңдап отырып гаражға келдi. Жөнделiп жатқан машиналарды көрдi.
Санибек барын салыпты. Жылда жауын-шашынның астында қап, кузовтарын дат
басқан үш-төрт қомбайн қайтадан сырланғасын, ұстаханадан жаңа шыққандай бет-аузы
жылтырап тұр. Елекеш Санибектiң iскерлiгiне ырза боп, жiгiттермен кеуiлдене
сөйлесiп, соңғы машинаға жақындай бердi. Анықтап қараса, қомбайн әлi толық