Стр. 13 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

етiңдi борша қып тыраштана бер, бәрi бiр атаққа шығып, абырой ала алмайсың»,—
дегендей. Сонда да өзi қарашыл. Мектептегi балалардың iшiнен басқаға илiкпей, бұған
кеп, альбомына өлең жаздырып алады. Мереке сайын сыртына әлдеқандай битаныс
алқызыл гүлдi құшақтап, жырқылдай күлiп тұрған жалбыр шашты қыздың сүгiретi бар
ашықхат сыйлауды қаза жiбермейдi. Тек жазатын сөзi бiреу: «Кластасым Тоқшылыққа
кластасы Набаттан ескерткiш». Соны оқып отырып, Тоқшылықтың өне бойына аяз
жүгiргендей болады. Салкын, құдды мұзханаға кiрiп кеткендей. Сонда оныншыға
көшкен жылы екеуiнiң арасында алым-берiм әңгiме болды. Набат физикадан үйренем
деп, бұл отыратын партаға көшiп алды. Ендi көп баланың көз құрты боп жүрген
аржайы бойжеткеннiң дәл қасына, оң бүйiрiне жылу табы тиiп тұрғанына iштей қуанса
да, қараптан қарап қысылатын болды. Сол қысылу, сол қызарақтаумен мектеп те бiттi.
Дәл сол жылы Алматыдан шығатын етектей-етектей газеттерде жастардың өз
ауылдарында қой бағып қалып жатқан жайы тасырта дәрiптелсiн кеп. Сол сөз мұның
мектебiне де тарады. Емтиханды тапсырып бiте бергенде, жиылыс ашыла қалсын. Онда
Набат сөйлей қалсын. Ол тақылдап: «Өзiмiз туып-өскен ауылда шопандар бригадасын
құрайық, бiр-екi жыл жұмыс iстеп. Өмiрдiң ащы-түщысын татайық», — деп жар
салсын. Ел гу-гу. Әр жерде күбiр-күбiр әңгiме. Оқушылар әрi тарт та берi тарт деп,
ұстараның жүзiнше ауып тұрғанда, жатыпатар Жұманов Жеңiсбек сөйлесiн. Ол кеп
Набатқа көпшiк қойсын. Көпшiлiк осылайша шуласып жатқасын, бұл тiс жарып ештеңе
дей алмаған. Оның үстiне кәмелеттiк аттестатты мектеп бермей қойды. Сосын бұны
мен бiрнеше баланы шопандар бригадасы жинақталғанша, қойшыларға жәрдем бере
тұрыңдар деп, Қарақұмға жiбердi. Бұл содан қойшы ауылда екi айдай боп, ауылға арып-
ашып, қайтып келсе, бригада түгел, зымбылдық та жоқ. Балалар бет-бетiне кеткен.
Набат әкесiнiң жанында салы орып жүр. Жұманов болса, Алматыдағы институтқа түсiп
ап, «Қазақстан» сигаретiн бiр езуiне қыстырып, ыржия күлiп тұр. Тоқшылық сонда
барып бармағын тiстеген. Набатқа барып сырын ақтарған. Жүзiн күн шалған қыз
аяғымен жердi шұқылап тұрып: «Өмiрдiң жықпылын бiлмейдi екенбiз ғой. Кәзiр өзi...»
— деген. Өзi жақында Қызылордаға барып, институтқа түсем деп емтихан тапсырып,
бiрiншi сабақтан-ақ құлап қайтқан едi. «О не жықпыл? Өмiрде де жықпыл бола ма?» —
деген бұл таңданып. «Неге болмасын. Жыкпыл болғанда. Өмiрде болсын», — деген
Набат. Сол күннен бастап екеуiнiң арасында не әрi жiбермес, не аса жакындатпас бiр
арқан тартылған. Екеуi қоңыр қаздай тiзiлiп киноға барады. Отырыспада қоңыр қаздай
тiзiлiп катар отыра қалады. Клубта би бола қалса, екеуi колдарын ербеңдетiп, тайрақтап
би билейдi. Белдерiн бұраңдатып, әрлi-берлi итiнiп, құлайтынша шалқалақтап барып
қайта түзелiп, бiр-бiрiне жете алмай, не аулақ кете алмай дiңкелерi құриды. «Жолдас-
жолдас» ойынында бiр-бiрiн бермей, «ханнан» неше түрлi жазаның көкесiн тартып
жатады. Бiрде Набатты алакөз Майнаққа бермеймiн деп, қылғынып есек боп ақырғаны
да бар. Екеуiнiң осындай үйiрсектiгi ауыл-үй арасына өсек боп та тарап болған. Соны
шешесi де бiлетiн сияқты. Кейде шәй үстiнде: «Шал-ау, бiз кәртейдiк, қашан келiн
алып, қолымыз ұзарады екен?» — деп қояды. Ол аздай, Әзберген анда-санда бас сұққан
сайын, шешесi Набаттың оқу жайын қазбалап сұрайды. Сүйтiп жүргенде бiр күнi
совхоз жиылысында Набат күрiш егiсi жайлы тақылдап сөйлей қойсын. Оны совхоз
басшылары қоштай қойсын. «Мiне, сөз. Бiзге осындай белсендiлiк жетiспейдi», — десiн
Елекеш алтын тiсiн көрсете күлiп. «Комсомол деп осыны айт!» — десiн тәпелтек
парторг Құлбасв. «Жұмысшы кадрларын көтеру керек», — десiн ауыл совет
председателi, жуан сары көрi қыз Дәмегүл суық жымиып. Оған аңқылдақ Әзберген шал
мәз болсын. Осы жақсы шырай, бәлек ықыластың iзi суымай көрiне қалсын. Арада көп
уақыт әтпей Набат жолдама алып, Қырым ассын. Қара теңiзге үңiреңдеп үңiлiп тұрған
құлама жарлардың басына шығып, орамалын желбiретiп, қараша қыз шаттана күлiп,
суретке түссiн. Бiрде теңiздi тiзесiне дейiн кешiп барып, аш мықынын қынаған екi елi
шүберекке қолын таянып, күн күйдiрген екi санын жарқырата көрсетiп, берi бұрылып
қарап түссiн. Бiр суретке жалпақ сауырына сұлаған жуан қос бұрымын қолына ұстап,