Стр. 130 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Ендеше менiң жағдайымды өзiң бiлесiң, түбi бiрге түртпейдi демей ме?
Мынадан... — Елкеш қысқаша айтып өттi.
— Көрейiк!
Елекеш мақұл деп құйқылжытқаннан гөрi, осылай көрелiк дейтiн кiсiлерге қаттырақ
сенетiн. Әбду шығып кеткесiн, Құлбаев пен Мыңбаевты шақырып ап, бүгiнгi болатын
партия жиналысы жөнiнде сөйлестi. Өзi бiр ұсыныс енгiздi.
— Өздерiңiз бiлесiздер, бас инженер жақсы жiгiт, жақсы жолдас, — дедi Елекеш. —
Бiрақ былбыр. Техника әлi жөнделiп бiткен жоқ. Соның алдында қамшы салсақ
кәйтедi?
— Салайық, — дедi Мыңбаев елден бұрын.
— Ендеше сiз сөйлеңiз. Жалтақтамай сынаңыз. — Елекеш сосын Құлбаевқа
бұрылды. — Сiз осы мәселенi жиылыстың соңына таман қойсаңыз.
Кешкiсiнгi жиналыста Мыңбаев Әбжанды қатты сынады. Содан кейiн шығып
сөйлеген Құмай да бiраз сын айтты. Бiр механизатор сөз алып, қағазына қарап түрып,
бас инженердi бiраз түйредi.
— Ал, ендi Әбжанның өзi не дер екен? Мүмкiн, жолдастар кәте сынап жатқан
шығар, — дедi Елекеш өзiне жапақ-жапақ қарап қойып отырған Әбжанға көз қырын да
салмастан.
Әбжан орнынан тұрды. Екi аяғына кезек мiнiп, жұртқа қарап ыржалақтады.
— Ал, не дейсiң? — дедi Құлбаев оны жақтырмай.
— Не дейiн. Кемшiлiксiз жұмыс бола ма? Одан қорытынды шығаруға тырысам, —
дедi Әбжан мiңгiрлеп.
— Қашан?
Әбжан екi иығын қиқаң еткiздi. Ол отырысымен, Мыңбаев қайта сөйлеп, бас
инженердi майдалап iредi. Содан кейiн Елекеш сөз алды:
— Жолдастар, — дедi ол даусын қаттырақ шығарып. — Бәрiмiздiң түтiп жүргенiмiз
бiр жүн. Бұл арада жеке бастың ештемесi жоқ. Мен жаңағы Мыңбаев жолдастың сынын
дұрыс деп ойлаймын. Солай кемшiлiктi көрген кезде, жасырмау керек. Өздерiң
бiлесiңдер, шаруашылық деген оңай емес. Оған iскер, батыл кiсiлер қажет. Әбжан,
сенiң бiлiмiңе, жақсы азамат екенiңе ешкiмнiң дауы жоқ. Сенiң кемшiлiгiң — өте
жұмсақсың. Былай, аздап ширау жағын ойламайсың ба? Дегенмен, жолдастар, Әбжан
әлi жас, келешегi алда. Аудандағы жақсы мамандарымыздың бiрi. Мүмкiн, бүгiнгi әдiл
сыннан дұрыс қорытынды шығарар. Менiңше, жас маманды тағы да бiр ай сынап
көрелiк.
Жұрттың ұйғарымы да осыған сайды.
Жиылыс тараған соң, Елекеш Әбжанды кеңсесiне шақырып алды.
— Ендi... өзiмiз болғасын, — дедi Елекеш сөзiнiң соңын жұтып. — Мына шалдар
деген де жайына қарап жүрмейдi. Өзiң немене, шаршап жүрген жоқсың ба?
— Аздап.
— Ендеше Кавказға барып, демалып қайт. — Ол тартпасынан путевка шығарды. —
Мынаны Мыңбаевтан шаққа дегенде сұрап алдым. Мыңбаев мұны Санибекке бермек
екен. Келгесiн, тағы да ақылдасармыз.
Екеуi сыртқа бiрге шықты. Әбжан жөнiне кеткесiн, Елекеш үйiне бiрден қайта
қоймай, далада аздап сейiлдегендi жөн көрдi. Қараңғыда Әбжанның қарауытып жоғала
бастаған тұлғасына қарап қойып: «Қолынан шаруа келмейдi. Не жұмыс iстейтiндерге
орнын бермейдi. Не iстеу керек, а?» — деп, тығыраққа тiрелiп, бiраз тұрды.
Терiскейден ескен салқын самалға кеудесiн тосып, қолын артына ұстап, кең көшеде
әрлi-берлi жүрдi. Кинодан қайтқан қыз-бозбалаларға сыртынан қарап, әлденеге сүйсiнiп
қойды. Сосын аспанға көз салды. Жетi қарақшының сонау терiскей жақтағы
қарауытқан төбелердiң үстiне құлармандай боп төнiп барып қалғанын көрiп, ертеңгi
шаруасы есiне түсiп, үйiне бұрылды. Кiсi бойынан асарлық қақпаның есiгiн аша берiп,