Стр. 134 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Кешке.
— Жоқ, оны қой. Ол Бәйдештi шақырып жатқаның емес пе? Әуелi алдымен маған
жуып ал.
— Көрiмдiгiң бар ма?
Әбду тосылып қалды. Лезде ес жиып:
— Ол ендi... болады ғой, — деп мiңгiрледi.
Сол арада Мылтықбайдың басына бiр ой түсiп, оны үйiне алып келдi. Екеуi iшке
ендi. Әбду бұл жолы жайнап тұрған үй iшiн көрiп, бұрынғыдай емес, табалдырықтан
бiр түрлi имене аттады. Қызыл ала төсенiштi аяғымен ақырын басып, төрге озды.
Жұмсақ креслоға шалқая отырып, кабырғада тұтылған кiлемге тамсана көз тастап
қойды. Сосын алдындағы сырты жылтыраған кiшкене үстелге қолын қоя сап, iзiнше
керi тартып алды. Үстелдiң жылтыр бетiне арбиып түсе қалған саусағының iзiне кiнәлi
кiсiше жымырая қарады.
Мылтықбай оны байқап, iшiнен сылқ-сылқ күлдi. Патшайым да мына құрдасты
дүние-мүлiктiң пысы басқанын аңдаса керек, әйелдiгi ұстап, iштей мақтанып,
насаттанып калды. Ол қысылып-қымтырылған сайын, Патшайым марқайып, әлсiн-
әлсiн тоңазыған еттi алтын шанышқымен Әбдудiң алдына итерiп қояды.
— Алсайшы.
Әбду инабатпен қолын кеудесiне қойып:
— Рахмет, көп алдым, — дейдi.
Шәй үстiнде Мылтықбай армян қоньягының ирек жазуын құрдасына бүйiрлете
көрсетiп, тығынын аша бердi де, қайтадан жауып, әрi алып қойды.
— Кәзiр жұмыс уағында iшуге болмайды.
— Оған не дау бар, Мәке, — деп, Әбду баяғысына басып, еркiн қалжыңдай бердi де,
кенет пышақ кескендей кiлт тиылды.
— Иә, айта бер, — дедi Мылтықбай шалқайып.
— Мәке, сен бар ғой ендi... тойыст, сiз... кандидат болып ал.
— О да ойда жоқ емес.
— Бiрақ бар ғой... — Әбду жымиды. — Кандидат болсаң, атыңды бүкiл Қазақстан
бiледi. Сонда... Мылтықбай... мылтық деген есiмiң ұят болмай ма? Әрине, ұят болады.
Сен бар ғой, мына атыңды өзгерт.
— Сонда не деп? — дедi де Мылтықбай тiлiн тiстей қойды. Мына қудың
мысықтабандап отырып, аранға апарып жығарын жаңа сезген едi.
— Оның не дерi бар? Сен атыңды Мылтықбай емес, Атомбай қой. Атом бомбасы
деген, ойбай-ау, сұмдық емес пе?
Мына сөзге не күлерiн, не ашуланарын бiлмеген Мылтықбай қып-қызыл боп, лезде
түтiгiп бара жатты. Сол арада өмiрi жұрт көзiнше мiнез көрсетпеген Патшайым тас-
талқан болды. Ол қолындағы алтын шанышқыны үстел үстiне атып ұрып:
— Әй, сенiң осы еркектiк намысың бар ма? — дедi күйеуiне шәңкiлдеп. — Сенiң
жуас екенiңдi бiлiп, бiздi ит те, құс та басынады. Мынау нағыз асыңды iшейiн,
дастарханыңа құсайынның керi ғой! Намысың болса, мынаны үйден қуып шық! — Ол
Мылтықбай қозғала қоймағасын, орнынан атып тұрды да, Әбдуге қарап: —Шық! —
дедi есiктi қолымен нұсқан.
— Пәке, немене құрдасыммен де қалжыңдатпайсың ба? — дедi Әбду ыржиып.
— Бол шық! Ақымақты тапқан екенсiң! Биыл саған курорт кiтапшаңды толтырып
берсем бе!
Сол екен, Әбду қайқаңдап сала бердi. Жылда курортқа барарда Патшайымға
анықтама толтыртып алатын. Ендi содан қағылғандай көрiп:
— Пәке, кешiр. Мiне, шығам, — деп сыртқа шыға бердi.
Сол кезде барып, Мылтықбай батырлығы ұстап:
— Әй, мынау ит кiмдi қорлайды-ай! — деп, оның соңынан тұра жүгiрдi. Көшеге
шыққасын Әбдудi желкесiнен бiр қойды да: — Кешкiсiн осыны айтатын болсаң, бала,