Стр. 158 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Өй, қайдағы жазу?! Ол ана әнжi Қадишаның азғырып, жеңгетай боп iстеп жүргенi
ғой, — деп, Әбду көпшiкке қисая кеттi. — Ақылы бар адам ондай есiк көргендi ала ма?
Қашан бiреуге қатын болған жәләб басқа бiреуге қатын боп қатырыпты? Iжқашан да.
Ол ертең-ақ етi үйренiсiп алғасын суық жүрiсiн қайта бастайды. Өмiрде сондай
жәләбтардың жолы болғыш-ақ. Ал ұяты, тәрбиясы бар жақсы қыздар отырып қала
бередi. Сондықтан да өтетiн кезде өтiп қалу керек қой.
Сол арада Кәмпит сөзге араласып:
— Әй, Әбду, жастардың арасына кiрiсiп нең бар? Кiмдi алам, кiмдi қоям деген
әркiмнiң өз шаруасы емес пе? Бәндә шiркiн тiршiлiкте ненi армандамайды? Оның бәрi
орындала берсе, сонда не болады? Әркiм маңдайына жазылғанын көредi де, — дедi.
Әбду жалт бердi:
— Өй, ондағы менiң диалам қанша? Менiкi жәй… былай әңгiме болсын дегендiк
қой. Болмаса о бала неге ана жұрттан шыққан Үрзия сайқалды әже қылып неге
алмайды?
Набат самсоз.
Аздан кейiн Әбду мен Майнақ ауылға қайтты. Жол үстiнде Әбду Майнаққа:
— Бала, ана Нестайды қой. Әкесi домбыра тартатын желөкпелеу кiсi ғой. Онан да
мынау қол. Аздан кейiн депутат болады. Сосын қалада тұрасыңдар. Со кезде сәлем
берудi ұмытып кетiп жүрме, — деп, жырқ ете қалды. Сосын Майнақтың үндей
қоймағанын көрiп: — Бала, әркiм өз жайын бiлу керек қой. Ана жаңғыз шешеңнiң қай
бiр асып-тасып бара атқан дәулетi бар? Қыз айттырып алуға шамаларың қайда? Онан да
сәтi түсiп қалғанда, бiр көсiкке бiр тесiк жайыз. Одан өлген адамды әлi көрген жоқпын.
Ал ана Тоқшылықлар махаббат-сахаббат деп ай далада лағып жүр. Ондай нәсте өмiрде
болмайды. Құр сөз ертең тамақ бола ма? Онан да салулы төсек, салқын үй осы дұрыс.
Бала, солай, — дедi.
Екеуi совхоздың орталығына келгенше үндеспедi.
4
Орақ науқаны жақындаған сайын Елекеш дызығып бiттi. Совхозда тұратын
әйелдердi тiзiмге алып, қолдарына орақ ұстатып, екi бригада құрды. Сосын Жиениге
барып, жоғары кластардың оқушылары қолқабыс етсiн деп жағдай айтты. Жиени
ойланып тұрып:
— Болсын, — дедi. — Басшысы етiп Мылтықбайды...
Осы кезде кеңседе шахмат ойнап отырған Мылтықбай орнынан атып тұрып, арықша
келген жұдырығымен үстелдi бiр қойды:
— Жылда-жылда мен барам. Немене мен тоқалдан тудым ба? Барсын басқалар!
Мектеп оқушыларын басқа мұғалiм алып баратын болды. Оған көмекшi ретiнде
Мылтықбай белгiлендi.
Елекеш сол күнi совхоз миманханасының жанынан салынған асхананы тездетiп
Есентайға көшiрдi. Прорабпен ақылдасып, ұзын тақтайлардан үстел, орындық
соқтырып, егiн басына апарып орнатқызып, асхана жасатты. Ал, комбайншыларға
тамақ жеткiзiп тұруды Әбдуге тапсырды.
Ертеңiне орақ басталды. Елекеш күрiшшiлердi жиып ап, қысқаша сөз сөйледi. Оны
Құлбаев қоштап, партияның өздерiне жүктеп отырған мiндеттемесi жайлы бiр қыдыру
айтып өттi. Сосын күрiшшiлер атынан Набат сөз алып, биылғы мiндеттеменi орындау
жағын, ол үшiн бiр дәндi де желге шашып ысырап қылмау керектiгiн айтып өттi. Одан
кейiн Мыңбаев ортаға шығып, биыл көзге түскен орақшыларға сонау Сарыағаш,
Кисловодск, Ессентукидегi санаторийларға баруға жолдама берiлетiнiн, жұмысшылар
қомитетi тарапынан қаржы бөлiнгенiн айтып, сөзiнiң соңын ұранмен бiтiрiп, екi
алақанын сарт-сұрт ұрды. Жұрт сиректетiп қол соқты. Артынша бiрiншi боп орақты