Стр. 16 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

неге ат-тонымызды алып кашамыз? Ау, ру деген ата-бабамыздың тарихы емес пе? Ол
бiздiң фамилиямыз. Оны бiлгенде не тұр?
Тоқшылық қарсы айтар дәлел таппай, екi иығын қиқаң еткiздi де қойды.
— Мәселе оны бiлгенде емес, — дедi Елекеш сөзiн жалғастырып, — бар гәп бiр
рудың сойылын соғып, басқа ағайынды ала көруде жатыр. Мен мұны ешуақта
қолдамаймын. Ау, өзiң айтшы, мысалы мен өз руымды қолдасам, басқа кiсiлер сонда,
немене бiз тоқалдан тудық па десе, дұрыс емес пе? Әрине, дұрыс. Жоқ, бұл болмайды.
— Ол әдейi тоқтап, әп-сәтте тұнжырай қалған жанарын бұған қарай самарқау тастады.
— Солай, бала. Бiр көргеннен байқап тұрмын, әлi бастықпаған екенсiң. Ничего. Өмiр
өзi әлi-ақ бас үйретiп алады. Қалай, әкең пақуатты ма?
—Шүкiршiлiк.
— Кемпiр-шалың қартайды дегендей. Олардың қолын қашан ұзартасың? — дедi ол
тағы да бастапқы ойнақы қалпына түсiп.
— Әй, ағай, оған әлi ерте емес пе?
— Неге? Ерте деп iжүрiп. Өз қатарыңнан қалыс қалу мүлдем оңай. — Елекеш әлдене
есiне түскендей тұнжырай бастады. — Кезiнде бiз де сүйдегенбiз. Ендi мiне сiлеусiн көз
сұлулардан қағылып, битбалақ бiреудiң етегiне шырмалып отырғанымыз. Бала, солай,
игiлiктiң ерте-кешi жоқ деген.
— Ағай, әлi ояғын ойланған жоқпын. Оқуға барсам ба дейiм, — дедi Тоқшылық
директордың жылы шырай көрсеткенiне өзiнен-өзi елiгiп.
— Оқуға? Ау, ол дұрыс қой. Бiрақ казiр көземелдейтiн бiреу-мiреу болмаса, жұмаққа
барып гүмп ете түсу қалған.
— Неде болса маңдайымнан көрсем дейiм.
— Маңдай дейсiң бе? Ендi ол өзi... — Директор аздап кынжылыс бiлдiрдi. — Ол
өзi... дiншiлдiк пе, ырым ба, қалай, а? Бұрындары шалдар келешекте көрер ырзық-
тауқыметiңнiң бәрiн маңдайыңа жазылып қойылатын дейтiн. Сонда шыр етiп дүниеге
келген пенденiң басщасынан кещесiне дейiн алдын ала жасалған жоспармен өмiр
сүретiн болғаны ғой? О қалай, а? Бұл жазмыштан озмыш жоқ деген бе? Ау, үйтерiмiз
бар, сонда ата-бабамыз неге жақсы өмiр сүрсем деп тiршiлiк түрiн өзгерткен? Кәзiрде
де сол үшiн жарғақ құлағымыз жастыққа тимей, шапқылап жүрген жоқпыз ба? Егер
соның бәрi жай нәсте боп, маңдайыма не жазылғанын көретiн болсам, сонда мына ит-
ырқылжыңның не керегi бар? Жо-о-оқ, мен оған көнбейiм.
— Сонда қалай? — дедi Тоқшылық таңданып.
— Оның не қалайы бар? Мен бақыт үшiн таласам, тартысам. Күн-түн демей еңбек
етем, сүйтiп маңдайыма не керектi өзiм жазам. Бiлдiң бе? — Директор ыссылай кетiп
қалғанын жаңа байқағандай, алдындағы қағазға көз қиығын тастады да, қайтадан
салқын тартты. — Иә, солай, — дедi ол ерiне сөйлеп. — Сендер әлi жассыңдар ғой.
Сендерге бұлай деу, жердегi жоққа сенiп, қиялдағы бiрдемеге алаңдау онша жараса
бермейдi. Ал, сенi шақырған шаруам мынау едi. Осы сен машина айдауға қалайсың? —
деп, ол сынай қарады.
Тоқшылық аздап абыржыды:
— Берсеңiз, айдаймын ғой.
— Айдағанда, былай. — Директор тағы да бұған сынай қарады. — Өзiң бiлесiң, ел
басқарғасын қиын, кейде ерте тұрып, кеш келесiң. Кейде тiптi өрелi таңды көзiңмен
атқызатын кезiң де болады. Соған шыдамасаң, қиын. Ана Шатаманды бiлесiң ғой, иә,
сол, бiр жыл бойы миымды қатырды. Бара сал, әкеле сал десең, шiренiп отырып алады.
Нағыз қырсық. Сосын өзi, ептеп, былай ауған ба, қалай. Ылғи жүрген жерiнде
қалыңдығы екi елi келетiн бiр кiтапты оқиды да отырады. Менiңше, сол қызылкөз
қияли бола бастаған. Сосын амал жоқ, мен оны жұмыстан шығардым. Өзi, былай кiтап
дегеннiң iзiне абайлап түспесе, қиын ғой. Ол жағына сен қалай едiң?
— Кiтап па? Оны... жаксы көрем, — дедi Тоқшылық сасқалақтап.