Стр. 164 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

мақтау сөз айт. Астына көпшiк қой. Жылмиып күл. Қайта-қайта қонақ қыл, сыйласқан
боп, шаруаңды бiтiрiп ал. Кiсiге одан артық не керек? Жұман ақырын күлiмсiредi. Иә,
жұмыр басты пендеге мына тiршiлiкте азғантай шаруасын оңына келтiрiп, дәулет жиса
— сол жетедi. Одан арғы жақты Жұман ешуақытта ойлаған емес. Жұрт талай рет
жиылып, газет оқып, сонау жер түбiндегi Мәскеу, Алматылардағы саяси жағдайларды
сөз етiп жатқанда, бұл iшiнен отбасындағы кiрiс-шығысын есептеп отыратын. «Кiлең
шуылдақ! Дүнияның бар тағдыры қолдарында тұрғандай гүмпидi!» — деп, әлгiлердi
жақтырмайтын. Мұның негiзгi түйгенi — мына тiршiлiкте жәймен жұр, ызалы жердi
баспа. Алды-артыңа дұрыстап қара. Кейде сонысын Шатаман қылжақ қылса, бұл:
«Кейiн түсiнесiң», — дейтiн.
Оған тоқтар Шатаман ба? Ол бiр жолы ел iшiне бұл жайлы қуақы әңгiме таратып та
жiбердi. Сол жылы созхоз қой қырқып жатқан. Елекеш мұны қырқымның есепшiсi
еткен. Жұман сұрыпталып жатқан жүнге қызыға карап, баяғы машығымен ауыс-түйiс
жасап, пайда табам ба деп жүрген. Бiр күнi түскi тамақты үйден iшiп,
қырықтықшыларды машинаға мiнгiзiп, қырқымға келе жатқан едi. Совхоз орталығынан
ұзай бере, темiржолға келдi. Машина темiржолдың бiр бөлшегiн екi иығымен шiрене
көтерiп тұрғандай боп көрiнетiн көпiр астынан өтедi. Бұл кабинада ойланып отырып,
байқамай калған екен. Селк етiп, көзiн ашып алса, көпiрдiң қожыр тастары үстiне
әзiрейiлше төнiп капты. Қашанғы дағдысымен кабина iшiнде басын бұға ашық
терезеден борттағы кiсiлерге: «Бұғыңдар! Бұғыңдар!» — деп айқайлады. Жұрт ду күлдi.
Шатаман шиқылдап, рульдi қоя берiп, машинасын жарға соқтырып ала жаздады.
Осы жағдай есiне түссе, Жұман әлге дейiн қызарақтайды. Iштей бұқпантайлығының
кейде алапасынан құр қалдырған кезi барлығын сезедi. Әсiресе, Кәмпит есiне түссе, iшi
удай ашиды. Әрине, қыздан кiнә болған. Аумалы-төкпелi заманда бұл аңыс аңдады. Көз
жұмбайлық жасап, ыссылай ұрынудан сақтанды. Онысы пайда да болды. Бар қаһарын
бетiне жиып, төнiп келген дауылдан бұқпантайлап аман қалды. Сол кездерi Кәмпиттi
алғанында, не болар едi? Жұманның жон-арқасы түршiгiп қоя бердi. Онда кеше есiгiнде
жүрген ана Досбергендер екi жеңдi түрiп жiберiп, өңешi қызарып, айқайлап шыға келер
едi. Бұл жиылыста қан сорпа боп терлеп, қарсы жауап айта алмас едi. Жұманды үйтiп
қара басқан жоқ. Ол олқылығының есесiн кейiн қайтарды. Әсiресе, көп астық ап, исi
ауданға атақ-дәрiп таратқан жылдары сыбағасын көбiрек қарпыды. Өз үйiн орталықта
ұстап, егiс басына Әзбергенмен бiрге қос боп шықты. Бригадир Әзберген әрлi-берлi
шабады да жүредi. Ал бұл жәйiмен мысықтабандап, ешқандай да қызыл танау болмай-
ақ, бар шаруасын ретке келтiрiп алды. Оны да көлденең көзге көрсетпей жасады.
Жұман қозғалақтап қойды. Сонда кiм ұтты, кiм ұтылды, дедi өзiне-өзi. Әрине, бұл.
Жұман өзiнiң өмiрден түйген осы нәрсесiн балаларының құлықтарына әбден құйған.
«Бұл өмiрде бас пайдасын ойламайтын кiсiнi көрген жоқпын. Ебiн тап та, екi аса. Ретiне
қарай жалпақта, ретiне қарай кекiрей, әйтеуiр, ретiн тап», — деп сан рет қақсаған. Соны
ұқкан балалары, құдайға шүкiр, кәзiр жаман емес. Бiр ұлы Қызылордада, iрi қызметте.
Екiншiсi Шымкенттегi үлкен трестi басқарады. Үшiншiсi ауданда. Кенжесi Жеңiсбек те
түлкi терiсiн соймай сыпыратынның нақ өзi. Анада шопандар бригадасын құрамыз деп,
Жеңiсбек айқайлап, ұран тастап шығып, жұрт көзiне түскен. Дер кезiнде бұл Жиени
бастаған мұғалiмдердi қонақ қып, баласының аттестатын ала қойып, Жеңiсбектi
Алматыға өзi апарып, оқуға түсiрiп қайтқан-ды. Ал, ана Тоқшылық... Жұман мырс еттi.
Есiне Досберген түстi. Әсiресе, оның ана бiр жылы құрғақшылық боп, егiн шықпай
қалған кезде айтқан сөзi ойына сап ете қалды. Құдай-ау, ол сонда не деп едi? Иә, былай
екен ғой. «Мұны... бiлмей отыр». Неге бiлмесiн, деген Жұман сонда iшiнен. Бiлгенде
қандай?! Мүмкiн, оған осы керек те шығар? Жұман iшiнен өзiмен өзi сөйлесiп,
жымырая күлген. Екi елi ауызға төрт елi қақпақтың жоқтығы... Ол тағы да мырс еттi.
Досберген қалың Сiбiрге саңырауқұлақ теруге кеттi. Әзберген уақытша атқа мiндi.
Оның орнына келген жаңа басқармамен бұл ыңғайласып ап, қойманың кiлтiн ұстады.
Қойма дедеген — сары алтын. Бұған алтыннан қолына жұғып қалар тозаң да жетiп