Стр. 175 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Әй, қоясың ба осы, жоқ па? — дедi Әзберген әкiреңдеп.
— Қоймағанда кәйтесiң? — дедi Кәмпит сұрлана түсiп.
— Жоқ, осы қоясың ба? — деп Әзберген орнынан көтерiле түсiп, керегеде iлулi
тұрған қамшысына қолын созды. — Әлде жон терiңнен қайыс алайын ба?
— Алып көр, ындық өткiзiп жiберейiн.
— Ойбай-ай, мына тап жауының қызының қорлығы өттi-ау! — деп, Әзберген
орнынан ұшып түрегелдi. — Мен кәзiр сенi ана аштан өлген әкеңе табыстырайын!
— Әкемнiң садағасы кет! Оның басқан iзiне тұрмайтын жаман неме...
Әзберген жындана ұмтылып барып, қамшыны ап, кемпiрiне тап бердi. Сол арада
Қанат ытқып кеп, әкесiнiң қолынан ұстай алды.
— Қой, көке, не болды қоян жылғы дауды даулап? — деп ол әкесi мен шешесiнiң
арасына кеп тұра қалды.
Әзберген оған болмай, бұлқынып едi, Қанат қолын жiбермедi. Шал ендi қап-қара
боп:
— Өй, жатыры оңбаған! Сен де ана боржой нағашыларыңа тартқансың ғой! — дедi.
— Саған тартса, келiсер! Баласының азамат болғанымен шаруасы жоқ сендей
нәсiлсiзге құсаса, қатып кетер, — дедi де, Кәмпит орнынан тұрып жүре бердi.
Әзберген мұның соңынан:
— Әй, сенi ме, сенi! Осыдан тұра қал, бай-құлақтың құйыршығы! — деп айқайлады.
Кәмпит оның сөзiн тыңдаған жоқ. Сыртқа шығып, қылтиып шығып келе жатқан
күнге қарап, бүгiн де ыссы болатынын шамалады. Шәй iшпестен, қолына қабын алып,
қауындық жаққа кеттi. Жолшыбай оған Балғынбай қарсы ұшырасты.
— Ау, балаңды кетiп қалған дей ме?
— Солай боп тұр.
— Қыз бала деген қонақ қой. Барған жерiнде баянды болса, со жарамай ма?
— Жарайды ғой.
— Өзiнiң... былай, жақын арада кетем деген ойы жоқ сияқты едi. Жас болғасын,
алып-ұшып тұрған кеуiл... балалық қылды ма дейiм…
— Ендi бұйырғаны со да...
— Бұйырғаны?
Кәмпит бiр түрлi боп күлген Балғынбайдың жүзiне таңғала қарады. Сосын көзiн
тайдырып әкеттi. Бұл осы сүйекгi арса-арса шалды жiгiт кезiнен бiлетiн. Өзi майда-
шүйде сөзге жоқ. Ендi мұның да бiр енiн iшiне бүгiп тұрған қалпын аңдап, сәл-пәл
қуыстана түстi. «Мынау қызды өзi келiсiп қашырып жiберiп отыр деп тұрған жоқ па?»
— деп бiр ойлады да, iзiнше: «Жоқ, әй, үйдеп нағылсын? Жәй күлгенi шығар», — деп,
әлгi ойынан тез қайтты.
— Оның несiне күлдiң?
— Жәй. — Балғынбай ауыл жаққа қарап қойды. — Бұйырғаны болса, онда... сенiң
шалың соқты ғой.
Кәмпит артық ештеңе деген жоқ. Көп кiдiрмей, қауындықтың басына келдi.
Бақшалық үстiн торлама, күләбiнiң әдемi жұпар исi алып кетiптi. Қалың пәлек
арасында бiр бүйiрiн күнге берiп, теңкиiп-теңкиiп жатқан сары ала қауындар көздiң
жауын алады. Кәмпит соларға қарап отырып, баяғы бiр кездегi уақиғалар есiне түсiп,
аздап күлiмсiреп қойды. Ол кездерi бұл он үш-он төрттегi бала қыз едi. Әкесi қаптаған
малын Қырға жайып, жаз болса, сонау Ырғыз бойын жайлап отырады. Ол жақта
Шөмекейдiң Тоқа руы бар. Әке–сiнiң солар нағашылары. Ырғыздың жерi құмақ, шағыл
боп келедi. Жал-жал шақылдардың арасында күмiстей мөлдiреген, ойдым-ойдым көл
көп. Бала бiткен күн ысыса болды, сол көл–дерге барып ап, шолпылдап суға түсiп
жатады. Қыздар бiр бөлек түседi. Күндiз суға түсе-түсе күнге күйiп кеткен бозбалалар
кеш түсе ақсүйек ойнайды. Ырғыз бойының түнi қандай әдемi. Сонау аспан түрiнде
жарық ай тамылжып тұрады. Себездеген алтын нұр жалт-жұлт ойнап, сиқырлы
көбелектiң қанатынша құбылып, тиыш жатқан құм бойын тылсым бiр сырға көмiп