— Бар, бар! Кет дегесiн кет! Өшiр қараңды!
— Ә, солай ма, — дедi Балғынбай ызбарланып. Түрi қап-қара боп, белiне қыстырған
қамшысын ала сала, iлгерi ұмтылды. — Бүйтiп... боғыңмен жасты бәтшағардан сөз
естiгенше, ит жеккенге-ақ кетейiн! Өй, әкеңнiң аузын...
— Әкеге тiл тигiзбе! — дедi Елекеш адырайып.
— Тап әкеңнiң аузын... Сен немене ана жаман Тiлемiстен тудым деп пе ең? Сенiң
әкең, ана Көптiлеу! Өй, иттен дөреген! — деп, Балғынбай қалшылдап кеп, Елекештi
қамшымен қақ бастан тартып жiбердi. Екiншi рет сiлтенген қамшы директордың басын
жарды. Не iстерiн бiлмей абдырап қалған Елекештiң самайынан жылып аққан
қарақошқыл қан көрiндi.
Жұрт шу ете қалды.
— Әй, қойыңдар!
— Бала боп кеттiңдер ме?
— Ақсақал, саған не көрiндi? — деп, Әбду айқайлап кеп, Балғынбайдың қолына
жармасты.
— Әй, пәдәрiңе нәлет! — деп Балғынбай Әбдудi қағып жiберiп, жерге мұрттай
ұшырып түсiрiп, қамшымен бiр тартып өттi.
Әбду орнынан тұра сап, өлермендiкке басып, Балғынбайдың қолына қайта
жармасты.
— Ақсақал, бiр ашуыңды бер! Оны ұрғанша, менi ұр! — деп, қырылдай айқайлады.
Ел де қой-қойлап жатыр:
— Ақсақал, қойыңыз!
— Бiр ашуыңызды берiңiз!
— Ақсақал...
Көп кiсi қаумалап, Балғынбайды әзер дегенде аулақ алып кетiстi.
Елекеш төбесiнен жай түскендей боп, бiр орнында сiлейiп тұрып қалды. Жылап
жiберiп, басынан аққан қанды орамалымен сүртiп жатқан Набатқа назар да салған жоқ.
Киiз күйдiрiп басып, қанын тиып, басын дәкемен ораған Нұрсұлуға да, тiлшiге де,
мылтықбайға да қарамады. Қатты қорланып, қап-қара боп тұрды да, қаматты да, тез
есiн жиып, Әбдуге сол арада акт жасатты. Оған куәлерге қол қойдырды. Сосын
Балғынбайды орталыққа әкелiп, ауылсоветтiң кеңсесiне қаматты да, аудандағы
милицияға телефон соқпақ боп, поштаға барды. Трубканы құлағына жақындата берiп,
сәл тоқтады. Сол арада басына бiр ой түсiп, әр жақтан: «Алло, алло», — деген дауысқа
жауап бермей, трубканы рычагқа қоя сап, үйiне келдi. Үйде бiр өзi қалған шешесi шәй
iшiп отыр екен. Елекеш қап-қара боп тұрып:
—Шеше, ана Балғынбай әкең Көптiлеу дедi. Шыныңды айт, мен әкем кiм? — дедi.
Алмашкүл баласына айбықалана қарап:
— Әй, тап аузыңның iшiне ғана с...н! Ана Тiлемiстен сендей маңдайы алты карыс
бала туатын ба едi? Оның несiн сұрайсың? Оның балдары анау Бақай, Шақай, Тұқайлар
ғой! — деп, мұның келiмсiз iнiлерi тұратын Байқожа жаққа қарай қолын сiлтедi.
Елекеш не дерiн бiлмедi. Бiр қызарып, бiр бозарып тұрды да, кенет жалт бұрылып,
есiктi лақтыра жауып, сыртқа шықты. Жолшыбай амандаспақ боп, қолын ала
жүгiргендерге қарамастан, ауылсоветтiң кеңсесiне келдi де, құлыпты ашып, есiктi
айқара ашты. Өзiне адырая қараған Балғынбайға туралап көз салмастан:
— Ақсақал, жұмысыңызға барыңыз! — дедi.
11
Алмашкүл қып-қызыл боп кеттi. Баласының сұрағына жауап бере сала, iшiп отырған
шайына шашалып қала жаздады. Көзiнiң астымен Күлжамашқа қарап қойды. Мына
кеспелтектей келiнiнiң көзiнше бар шындықты қойып қалғанына ендi өкiндi. Сол сәт: