— Өзiңдi ойыншық қып тұрған өзiң ғой. Сенi ана Айзада азғырып, маған қақпан
құрып жүр.
— Онда сенiң шаруаң болмасын, — дедi де Күлжамаш серванттың әйнегiн ысыра
жауып, мұның жанына тақап келдi. — Жоқ, сенiң жаңағың нең?
— Ендi менiң басқа не амалым бар? Мына арызды сен рас десең, ертең орнымнан
түсем. Содан кейiн менiң сенiмен бiрге тұратын не ретiм бар? Тастаймын да, қара
жұмыс iстеп кетем, — дедi Елекеш қолын сiлтей сөйлеп.
— Сонда... маған растататын кiм? — дедi Күлжамаш райынан қайта бастап.
— Кiм болсын, аудан. Ертең екеуiмiздiң сояққа баруымыз керек. Сонда сенен
сұрайды. Рас десең, дүнияның бiткенi. Жоқ десең, онда басқа.
— Е, сүйде, — дедi Күлжамаш кенет көзi қуақылана жылтырай қап.
Сол арада Елекеш шыдамай, оны жорта құшақтап:
— Өзiңнiң тентек болсаң да, есiң бар ғой. Ойлансайшы. Ендi... былай, — дедi
жалынып.
— Жоқ, сен әуелi шыныңды айт. Сосын барам.
Елекеш осы арада бiр жағына шығуды ойлап:
— Жақсы, айтайын. Ондай бiр кәтелiк менен өттi. Екiншi болмайды, — дедi.
— Кәте-елiк? — деп сол арада жаңа ғана өзiне қуқылана қарап тұрған Күлжамаш
кенет өзгерiп, барқырап жылап қоя бердi. — Бұл сенiң менi қорлағаның ғой! Өй,
көкiрегiңдi құм басқыр!
Елекеш сасып қап, қолымен оның аузын басып, сыбырлай сөйлеп:
— Өшiр үнiңдi! Ел-жұрттан ұят емес пе? — дедi.
— Сол ұятты ертерек неге ойламадың? — дедi Күлжамаш жасын жұтып, ықылық
атып тұрып.
— Ендi... бiр кәтелiк өттi дедiм қой. Нағылсаң да өзiң бiл.
— Оны сенен сұрамайым.
— Ендi... сен өтiнгенде, менiң бас тартқан жерiм бар ма? Кеше Айзаданы жұмысқа
алдым.
Сол арада Күлжамаш көзiнiң жасын сүртiп тұрып:
— Ендi басқа тiлегiмдi iстейсiң. Болмаса, iжқайда да бармайым, — дедi.
— О немене?
— Ана әке-шешеңдi iнiлерiңнiң қолына апарып таста. Олардың күңi боп жүретiн
жағдайым жоқ.
Елекештiң жүзi табан астында қап-қара боп кеттi:
— Мұның ендi... қатыгездiк қой. Өз туған әке-шешемдi қалай қуам? — дедi.
— Бұл қуғандық емес.
— Ендi не?
— Кенже ұлының қолына шыққандық.
— Жоқ, ол менiң қолымнан...
— Онда iжқайда да бармайым. Барлығы рас деп, тас-талқаныңды шығарам, — дедi
Күлжамаш тез арада жасын тиып, қатайып ала қойды.
Елекеш не iстерiн бiлмедi. Кәзiр мына әйелi көнбесе, ертең не болып, не қоятыны көз
алдына келгенде, жаны ышқынып кеткендей болды. Оның қолына шап берiп:
— Өтiнем. Ақылға келшi, — дедi.
— Ақыл-сақылды қой. Айтқаным айтқан. Ана қақпастарыңды қуасың!
Дәл осы кезде есiк сарт етiп ашылып, iшке Алмашкүл кiрiп келдi. Жүзi өрт
сөндiргендей. Қолында сабауы бар. Үстi-басы жүн-жүн. Шамасы, жүн сабап отырса
керек. Ол Күлжамашқа атып жiберердей боп қарап:
— Әй, жаман бәлекей, сен кiмдi басынасың, а? Кiмнiң отбасында биiлiк жүргiзгiң
келедi, а? Соншалықты сен кiмсiң? Жер бетiнде сен сықылды ұрғашы таусылып қалса
да, мұның не? Сонда мүйiздегенiң бiздер болдық па? — деп қатты айқайлап жiбердi, —
Өй, нәсiлсiз! Сенiң отыңның басына таған болар мен емес. Кәзiр кетем! Құдайға шүкiр,