Стр. 204 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

баласыз емеспiз! Сендей керауыздың былапытын естiгенше, қаңғырып өлгенiм жақсы!
Өй, иттен дөреген! — деп ол қатты ашуланып, қолындағы сабаумен Күлжамашты қыр
арқадан тартып-тартып жiбердi. — Өй, жаман!
Күлжамаш жаман дауыспен барқырап қоя бердi. Елекеш ытқып барып, ортаға түстi:
— Қойсаңдаршы! Елден ұят қой.
— Өй, қасиетсiз! Сол ұятты мына жаман қатынға төктiрiп қойып! — деп, мұны да
сабаумен салып-салып қалды.
Елекеш қолымен басын қорғады. Алмашкүл одан әрiге бармай:
— Ертең кетем! Ендi қолдарыңда тұрмайым! — дедi де, Елекешке қарады: — Сосын
ана жаман қатыныңа жалына бер! — Ол сыртқа шығып кеттi.
Елекеш қатты қорланды. Ашу үстiнде бiр ойға нық бекiп, барқырап жүрген
Күлжамашты жағасынан ұстай ап, қабырғаға тақап, қылғындырып тұрып:
— Қоясың ба, жоқ па? — дедi.
— Ойбай, өлдi-i-iм, — деп Күлжамаш көзi шарасынан шығып.
— Бүйткенше, сенi өлтiрiп-ақ тынайын, — дедi Елекеш тiстене сөйлей.
— Құтқар! Өлдi-i-iм!
— Сосын... сотталып-ақ кетейiн.
— Жiбер!
— Мен сенi жiберем.
Күлжамаш тырмысып көрiп едi, қуатты қол оны тырп еткiзбедi. Сосын ол жан
ұшырып, даусы қырылдап:
— Ме-ен қойдым. Жiб-е-ер, — дедi.
— Ауданға барасың ба?
— Бар-рам.
— Бәрi де өтiрiк деп айтасың ғой?
— Айтам.
— Осы уәдеңнен тансаң, бар ғой, айтпады деме, оңдырмайым, — деп, Елекеш оны
босатып қоя бердi.
Күлжамаш ауырып қалған тамағын қолымен сипап, жылап отыр. Елекеш ендi
қаһарына мiнiп:
— Ауданға кәзiр барамыз. Тез киiн! — дедi.
Күлжамаш қайтадан бұрқылдап жүрiп, киiне бастады. Суық сумен бетiн жуып,
мақтамен аузы-басына пудра жақты. Сол екен, бет-аузы шаң-шаң боп шыға келдi.
Соған қарап тұрып, Елекеш күлiп жiбере жаздады. Бағанағы қатты райынан сәл қайтып:
— Байқа! Тайқақтайтын болсаң, қайтар жолда дайраға лақтырып жiберем, — дедi.
— Жарайды. Бишара көндi, бетбақ жеңдi…
— Сосын... аузыға берiк бол. Әгәр бiреу-мiреуге солай едi деп айтсаң, жоқ қылам.
Күлжамаш үндемедi. Ол киiнiп болғасын, Елекеш әйелi ашуын бассын деп, аз
отырды. Сосын оған жылы қарап:
— Өздерiң де қызықсыңдар. Кiсiнiң жынына тиiп, — дедi. — Одан да бағанадан берi
үйткенде қой. — Ол әйелiн арқасынан қақты. — Ақылың бар емес пе? Менi
сүрiнткеннен саған келер пайда не ? Ал, кеттiк.
Ол машинаға мiнбес бұрын Майнаққа ештеңе сездiрiп алма деп, Күлжамашқа
ескерттi. Кәзiр ендi содан кәуiптенiп келедi. Күлжамаш тiлi қышып, Майнаққа қайта-
қайта тиiсе бердi.
Майнақ қап-қара боп үндемедi.
Елекеш не дерiн бiлмедi. Неде болса деп, мойнын iшiне тартып, орындықтың
арқалығына шалқайған қалпы отыра бердi.
Машина Жосалыға түн ортасы болмай жеттi. Елекеш миманханадан орын алды да,
Күлжамашты ертiп, вокзал жанындағы еңселi биiк үйге келдi. Қозы карын кiсi әлi жата
қоймаған екен. Төргi бөлмеден шығып, күле амандасты. Бұларды қонақ бөлмеге
кiргiзiп, әйелiне тез дастархан жайдырды. Шай үстiнде ол: