Стр. 205 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Келiн не дейдi? — дедi.
Елекеш Күлжамашқа жалбарына қарады. Әйелi бiлем-бiлем бұғағы дiр ете түсiп:
— Ол… елдiң шатты-бұтты сөзi ғой, қайнаға. Ондай нәсте болған жоқ,— дедi.
— Мiне, осы бетiң дұрыс. Содан танба.
Елекеш Күлжамаштың бiлемденген қыртыс-қыртыс бұғағына алғаш рет
тыжырынбай қарады. Ырза боп кетiп, оған шай құйылған кесенi өз қолымен алып
бердi. Сосын қалтасынан қалың конверт алып, сырты жылтыраған тумбочканың
тартпасына сұға салды…
Содан кейiнгiсi Елекешке түс сияқты. Мына жерден шығып, басқа бiр үйге барды ма
қалай. Ақ сары кiсiмен жалпылдасып амандасты ма қалай. Жеңгейдiң қолын қысып
жатып, быртиған саусағына киген не кигiзген алтын сақинаны сездi ме қалай. Сосын
жан қалтасындағы шытырлаған бiрдеменi оның алақанының арасына сұға салды ма
қалай. Жымың ете түскен бурыл шашты жеңгейдiң оң қабағын бере, қонақүйге
шақырғанын естiдi ме қалай. Ақ сары кiсiнiң алтын тiсiн көрсете өзiне қарап, бiр рет
жымиды ма қалай. Әйтеуiр, бiлмейдi. Басы дың-дың. Елекеш таң ата бiр-ақ оянып, жан-
жағына қараса, миманхананың серiппесi солқылдаған керуетiнде жатыр. Иық тұсынан
Күлжамаштың тоқ бұғағы бiлемденiп, таңғы жарықта бозарып көрiнедi. Елекеш кенет
тыжырынып, басын көтере бере, iркiлiп қалды. Сол арада түндегi уақиға есiне түсiп,
мән-жайды ендi ұғып, кенет еңкейiп барып, әйелiнiң қыртыс-қыртыс бұғағынан... сүйiп
алды.
Ол аздан соң орнынан тұрып, ысылдап-пысылдап жуынып, сүлгiмен жақсылап
сүртiндi де, көйлегiн киiп, галстугiн тақты. Күлжамаш демдеген шайға қанып алғасын,
аупарткомға келдi.
Есiк алдында Қаласбай мұртынан күлiп тұр:
— Ау, бүгiн тазысы түлкi алған жiгiттейсiң ғой.
— Е, алса несi бар, — дедi Елекеш райланып.
— Ал, ал. Құдайдың айдалада тегiн жатқан түлкiсiн тазы болар жiгiттен қызғанамыз
ба? Кеуiл жетсе, бәрi жетедi.
— Әп-бәрекелде! Осы кiсiлердiң барлығы сiздей боп келе берсе, мына жер бетiне
жұмақ әлдеқашан орнар едi, — деп Елекеш өтiрiк езу тартты. «Осы маған нағып үйiрiле
қалды? Бiрдеменiң иiсiн сезiп жүрмесе не етсiн?»
Қаласбай кенет салқын тартып, жан-жағына алаңдай қарап қойып:
— Жағында бiзге Бәйдеш келген, — дедi.
— Бiлем, бiлем.
— Өзi бiр... оңды жiгiт екен. Ол жайлы ана кiсi де сұрастырып калды.
— Не дейдi? — деп Елекеш шынымен таңғалды.
Қаласбай кенет сөздiң бетiн басқа жаққа бұрды:
— Ал, күрiш қалай?
— Жаман емес.
— Рекорд бола ма? — деп, ол мұны бүйiрiнен түрттi. Күлкiден жұмыла берген екi
көзi iндiгешке ұқсап кеттi.
— Болғанда қандай!
— Соған мен де тiлектеспiн. Қатар жүрген азамат емеспiз бе? Әбiрей бәрiмiзге ортақ
дегендей. Бала, жарайсың, саған ырзамын.
Бюро уақытында басталды. Хатшы күрiш жайын ұзақ сөз етiп, Қаласбай мен мұның
совхозын мақтап өттi. Жақында өзiнiң егiс араламақ ойы барлығын да ескерттi. Сосын
дарияның арғы бетiндегi колхоз-совхоздардың орақты кешеуiлдетiп отырғанын,
техниканық бұзыла беретiнiн, кейбiр бас инженерлердiң қолынан iс келмейтiнiн
сынады. (Елекештiң есiне Әбжан түстi). Ондайларды тез арада басқа орынға ауыстыру
керектiгiн айтып өттi. (Елекеш Жалпақбайға қарады). Хатшы сосын аудан қамбасына
астық тасу барысына тоқталды. (Елекештiң көз алдына, қырман, өрт, Набат келдi).
Ақпарларға қарап отырып, шаруаның әлi де мардымсыз екенiн, қалайда күздiң қара