Стр. 209 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Сол совхозға барғаннан...
— Әй, сен бала, осы не iстеп жүрсiң, а? — дедi Елекеш ендi ақырып. — Жұмыс
iстейтiн болсаң, дұрыстап iсте. Болмаса, жөнiңе тайып тұр! Маған сендей
жалқаулардың көк тиынға керегi жоқ!
— Елеке, абайлап сөйлеңiз, — дедi Тоқшылық түсi бұзылып. — Көп болса, кеткен
күнiме айлық жазбай-ақ қойыңыз. Сосын сiз маған кет демеңiз. Осы сөздi тағы да
айтыңыз, тура ауданға барам.
Елекеш сәл-пәл басылып қалды. Сонда да өңiн алдырмай:
— Ендi сендер сүйтесiңдер, — дедi ренжiп. — Немене сол аудан мен бармай жүрген
жер ме? Мен айтсам, жұмыстың бабын ойлап айтам. Сосын, бала, — дедi ол кенет
жұмсара түсiп, — жасы үлкен кiсi артық-ауыс сөз айтты екен деп көгереңдей берсең,
ешуақытта келе болмайсың.
Сол арада әлденеге Балғынбай:
— Қарағым, ағаңның бiр ауыз сөзiн iлгiштеме, — деп, елпiлдей түстi.
Тоқшылық шалдың жүзiне алғаш рет таңырқай қарады. Аздап жек көрiп те кеттi.
Сосын iшiннен: «Мұнысы несi?» — деп сәл-пәл ойланып қалды.
Елекеш мүлдем жұмсарып:
— Бала, ертең бiздiң жасымызға жеткенде, осы басыңнан да өтедi. Немене бiздi
мәңгi жасайды дейсiң бе? Жеткiншек iнiлер сендерге ертең осы бар орынды бермеймiз
бе? Сонда, бала, бiлесiң, — дедi. Сосын сәл кiдiрдi: — Әкең қалай, тәуiр ме?
— Бiр қалпы.
— Немене соған бара атырсың ба?
— Иә.
— Онда... — Ол кейiн бұрылып, Майнаққа қарады. — Әй, Майнақ, мына баланы
совхозға апарып таста да қайтып кел, — деп, керi бұрылып жүре бердi.
Тоқшылық не дерiн бiлмедi. Сосын бойын шалқақ ұстап кетiп бара жатқан
директордың толық тұлғасына таңырқай қарады. Оның қасында ебедейсiздеу қозғалып,
әлдененi айтып, Балғынбай кетiп барады. Iрi кiсiнiң жампаңдағаны онша жараспайды
екен. Тоқшылық сол арада қасынан өтiп бара жатқан Нестайды көрiп қалды. Қыздың ақ
құба жүзiне бiр түрлi жатырқай көз салды. Сосын жалт бұрылып, машинаға кеп мiндi.
Майнақ кеуiлсiз екен. Жолшыбай Майнақ екеуi онша ашылысып сөйлесе қойған жоқ.
Бiраздан соң барып Майнақ:
— Сен немене маған өкпелеп жүрсiң бе? — деп күңк ете қалды.
— Жоға.
— Сен мына темiрдi менен тартып алды деп ойлап жүрген сияктысың. Мен үйтiп
нағылайын? Немене оны әкемнiң басына сайғақ етiп қоям ба? Өзi... берiп жатқасын... —
Майнақ әрi карай үндемедi.
Тоқшылық та онша ашыла қойған жоқ. Iштей Балғынбайдың жаңағы қылығыын
таңырқай еске алды. Неге адам баласы тез арада өзгерiп шыға келедi, дедi, әлде соған
мұқтаж ететiн бiрдеме бар ма? Болса, ол не? Әлде кiсi ұзақ уақыт бойы өзiн тежеп
келген кажыры тозып, алдамшы бiр үмiттiң соңынан қуып жүргендей боп, қажи
бастайды ма екен? Әлде осы арада мына шым-шытырығы көп өмiрдiң бiр құпиясы
жатыр ма?
Майнақ тағы да күңк еттi:
— Бала, сен өзiң ақылды екенсiң. Кәзiр қатын алудың түкке де керегi жоқ.
— Е, неге?
— Сен оны сұрамай-ақ қой.
— Сонда қалай?
— Өй, қойшы оларды! — деп Майнақ қолын түңiле бiр сiлтедi.
Тоқшылық оның Набат жайлы айтқысы кеп отырғанын байқады.
Әлден уақыттан соң Майнақ бұған тағы да бұрылып: