— Ана қортық месқарын ба?
— Дәл өзi.
— Жүр онда, кеттiк!
Әбду жолшыбай бiр дүкенге кiрiп шығып, бiр-екi бөтелке мен және бiр сырты қалың
қағазбен оралған бiрдеменi сатып алды да, көшеден өтiп бара жатқан бiр көлiк тi ұстап
ап, Жосалының батыс жағындағы бiр үйге келдi. Сосын машинадан түсе сап, терезеден
шамы жылтырап тұрған брi үйдiң шарбағына арсалаңдай кiрiп, арғы жақтан шыға
келген бiр ақ сары келiншекпен сүйiсiп амандасты. Сосын аяқ киiмiн есiк алдына
тастай сап, төрге шықты да, үстел үстiне әкелген бөтелкелерiн тарс еткiзiп қойды.
Iзiнше қолынадағы ораған затын жайып, семiз қаязды ортаға жайғастырды Оны көре
сап, орыс әйел көзi жарқ ете қап, екi қолын екi алақанын бiр бiрiе түйiстiре ұсатп:
— Ой, ты Абду! — дедi. — Мұны қайдан алып жүрсiң?
— Оны нағыласың? Одан да, Ниночка, тездетiп пышақ әкел! Мына балықты
жәукемдеп тастайық, — дедi.
Нина көзi жарқ етiп, кухнядан пышақ, тарелке, шанышқы әкелдi. Сосын
Тоқшылықты Әбдудiң қасына зорлағандай етiп отырғызды. Өзi шәй қойып кеп,
орындыққа жайғасып, қаязға тиiстi. Ара арасында жарқ етiп күлiп қояды. Өзiнiң
аршылған ақ жұмыртқадай жүзi мүлдем аппақ екен. Тырсиған төсiн әзер жасырып
тұрған жiбек көйлектiң жоғарғы жағынан күн шала бастаған толық омырауы көз
арбайды.
Әбду жымыраңдай күлiп:
— Ниночка, күйеуiң қайда? — дедi.
— Бағана типографияға кеткен, — дедi ата-бабасы Жосалыға баяғыда кеп, жерсiнiп
қалған казак-орыстың қызы, жастайынан қазақтармен араласып өскен Нина қазақша
судай сөйлеп.
— Солай ма, — дедi Әбду тарқылдай күлiп. — Әй, әйелдер-ай, сендер осы не болса
соған алдана бересiңдер!
— Не, не? — дедi Нина кенет жүзi кiреуке тарта қап.
— Өй, ол дегенiң жаңа концертте жүр ғой. Сосын ол құрдасты қатырайын деп... сенi
былай... айналдырайын деп... осылай қарай тарттым!
— Сола-а-ай ма? Мен оған алдағанды көрсетейiн! Сейчас мы с тобой так закрутим
любовь, — дедi де, Нина зорлана күлiп, орнынан тұрып, кухняға кеттi. Аздан соң шәй
әкелдi.
Әбду Соны көрiп, тырқылдай күлiп:
— Ал, ендi мынаны алып қояйық, — деп бөтелкенi ашып, арақ құйды. — Кәне,
Нинаның ажары тозбай, одан ешбiр әйел озбай жұруi үшн алып тастайық! — дедi де,
өзi орныан тұрып, стаканды басына бiр-ақ көтердi. Сосын: — Кәне, закуска! — деп,
Нинаның бетiнен шолп еткiзiп бiр сүйдi.
Тоқшылық та алып қойды. Олар екiншi тосты ендi ала бергенде, сыртқы есiк
сықырлағандай болды. Iзiнше iшке қортық фототiлшi кеп кiрдi. Ол Әбдудi көре сап,
құшағын жайды. Екеуi сүйiсiп амандасты.
— Әй, қайдан жүрсiң?
— Қайдан болсын, қонцерттен де, — деп Әбду орнына отырды. — Сен құрдасқа
былай... қуанышымды айта кетейiн деп...
— О не қуаныш?
— Дәдең... бүгiннен бастап... — Әбду жөнiн айтты.
— Құттықтаймын, дорогой. Дұрыс екен, — дедi қортық кiсi әңгiрлей сөйледi де, бiр
орындықты дырылдата сүйретiп әкеп, үстелдiң жанына кеп отырды. Сосын қаязға көзi
түсiп кетiп: — Әбду, осы сенiң таппайтының жоқ! Мынау немене? Маған қарамай алып
қойғансыңдар ма? Мен енi... — деп, ол бөтелкенi алып, өз стаканына арақ құя бастады.
Сол арада Әбду дым бiлмегендей боп:
— Қалай, қонцерт бiттi ме? — деп сұрады.