Стр. 221 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

Стаканды аузына ендi апара берген қортық кiсi оның бетiне бiр түрлi боп қарап
тұрып:
— О нағылған қонцерт? — дедi. — Бүгiн ана типографияда боп... — Қортық кiсi
бiлдiрмей, Әбдудiң аяғын аяғымен басты.
— А-а, солай ма? Мен сенi бiреумен шатастырған екем ғой. Бәсе-ау, өзiм де бұ қалай
деп ем. Кәне, тарттық! — дедi де, Әбду стаканын оның станымен соғыстырды да,
арақты iшiп қойды. Сосын мұрнын тыржирып тұрып: — Айтпақшы, әкел пленканы!
Күйдiрем.
— Дорогой, қой, о не дегенiң? Бұ деген естелiк қой. Ертеңдерi ол суреттi шығарып,
өзiңе салып жiберем.
—Шының ғой?
— Сен менiң өтiрiк айтқанымды қашан көрiп ең? Шыным.
— Байқа, болмаса бар ғой ана Нинаға... — Ол осы кезде асханадан салат алып келе
жатқан Нинаны көрiп, сөзiн кiлт үздi. — Сен бар ғой нағыз фотожурналиссiң. Сенiң
iскерлiгiңе кiсi таңғалады. Молодец!
— Рахмет, рахмет, — дедi қортық кiсi Тоқшылыққа қарап, көзiн қысып қойып.
— Мен бар ғой... Нинамен екеуiңнiң татулықтарыңа қызығам.
— Рахмет.
— Молодец!
Бiр кезде Әбду сағатына қарап:
— Ойбай, кеттiк! Пойыз келетiн уақыт боп қалды, — деп орнынан асығыс-үсiгiс
тұрды да, сыртқа ата жөнелдi.
Қортық кiсi бұларды «Жигулиiмен» вокзалға әкеп тастады. Кетпес бұрын Әбдумен
екеуi оңашаланып, бiр-бiрiнiң иықтарына ұрысып, мәз-мейрам болысты. Ол үйiне
қайтып кеткесiн, Әбду мұның қасына келдi де, ыржия күлiп тұрып:
— Сола-а-ай, бала! Ымпыл-жымпылсыз күн көру қиын. Ендi ол қимылдап көрсiн, —
дедi.
— Қимылдағаны қалай?
— Өй сен де бiр! Қималдау деген қимылдау да! Мен, бiрiншiден, оның кеуілiн
ауладым. Екiншiден, жаңа шыға бере, қызметiмдi жуғаным деп, была-а-ай, Нинаның
қолына жерма бес сомды қыстыра салдым. Бұдан кейiн, ол оңбаған... — Әбду
жұдырығын түйдi, — суреттi шығарып көрсiн!
Тоқшылық не дерiн бiлмедi.
19
Набат төсегiнен денесi ал-сал боп тұрды. Екi қары көтертпей, салдырап қалыпты.
Тұлабойы ал-сал боп, қозғалтпайды. Оның үстiне күн санап жетiсiп келе жатқан шарана
өзiнiң мұның өне бойынан нұр алған, ертең мына жарық дүниеге шыр етiп шыға
келетiн тiршiлiк екенiн екенiн байқатқысы келгендей, бiресе жиырыла қап, бiресе
қыбыр-қыбыр етiп, бiресе тып-тиыш бола қап, түнiмен бұған маза бермей шығады.
Бүгiн Набат таң ағарып атқанша кiрпiк iлмей шықты. Ақыры болмағасын, таң
қараңғысы сейiлiсiмен, айдары дағарадай қораздың шақырғанын естiп, орнынан тұра
бердi де, шалқасынан жатқан Майнақтың дем алғанда бiресе жоғары көтерiлiп, бiресе
төмен түсiп жатқан, кебеже сүйегi ырсиып көрiнiп тұрған, көсенiң иегiндеп тып-тықыр
әлсiздеу төсiне көз салды. Сол екен есiне Елекештiң ожар да омыраулы жүн-жүн төсi
түсе кеттi. Набат соның тегеурiнiне төтеп бере алмай, кеудесiн қыдықтаған жүннiң
әсерiне берiлiп, басқа бiр кiсiнiң ыстығын жанымен сезiп, екi тәннiң бiр тән болғандай
бiр-бiрiмен сұғына қауышқан сәтiнiң ләззатына балқып, дел-сал боп жата берген едi.
Сондай кезде өзiнiң одан анағұрлым жас екенiн де, мынадай ләззаттың соңының
ертеңдерi неге апарып ұрындыратынын да ойлаған жоқ. Керiсiнше, жисмi тәттi дәмдi