Стр. 223 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

ештеңеге қарар емес, апырып-жапырып барады. Кеше ғана жер бетiн жауып, жайқалып
тұрған атыздар шашын алған баланың басындай тап-тықыр.
Набат блокнотына қарады. Тапсырылған астық пен орылып болған салыны есептеп
шықты. Оған мына орылып жатқан күрiштi қосып едi... Набаттың көзi шырадай жанды.
Тынысы тарылғандай алғына дем алып, еткен бейнетiнiң зейнетiн көргендей боп,
алдындағы жыпырлаған сандарға тағы бiр тесiле, қуана қарады. Сосын iшiнен:
«Рекорд!» — деп, шаттана сыбырлады. Осы бiр сөз абырой мен ажарға әуестеу
келiншек көкiрегiн мүлдем тасытып жiбердi. «Рекорд, рекорд!»
— Немене?
Набат селк ете қалды. Сосын қасына жақындап келген Тоқшылыққа шоши қарады.
Әнеукүнi Тоқшылықтың жықпыл үстiне мылтық алып шыққанын бұның қырағы көзi
шалып қалған едi. Ендi жiгiттiң қулана жымиған түрiнен ұрлығыңды бiлем дегендi
аңғарып, тiксiне түстi: «Қап, Елекешке ескертпеген екем!»
— Жәй, тұрсың ба, бригадир жолдас? — дедi Тоқшылық зәрлi жымиып.
— Сен қашаннан берi мұндай сыпайы бола қалдың? — дедi Набат қияс тартып.
— Онша көп емес.
— Ендеше құттықтаймын, — дедi Набат кекетiп.
— Мен де.
— Кiмдi?
— Сенi.
— Не үшiн? — дедi Набат таңданып.
Тоқшылық орылып жатқан атызды қолымен нұсқады:
— Мынаны көрмеймiсiң? Қып-қызыл байлық қой. Бұл ертең рекорд болады деген
сөз. Айтпақшы, рекордың құтты болсын!
Набат жiгiттiң мысқылдап тұрғанын байқап, қанын iшiне тартып, үндемедi.
— Жалған рекордың құтты болсын, — дедi Тоқшылық мұны ендi отқа
итермелегендей боп.
— Жалған? — дедi Набат даусы қарлыға шығып. Ол өз даусын ту алыстан
естiгендей болды.
— Иә, жалған.
— Мұның несi жалған? — Набат тез ес жиып, иығын қиқаң еткiздi. — Мұның
iждеңесi де жалған емес. Бәрiн өзiм ектiм, өзiм күттiм.
— Солай ма?
— Дәл солай.
— Ендеше омырауыға орден қадалады деп ойлай бер. Сосын делегат боп, астанаға
барасың, үлкен жиылыстарда сөз сөйлейсiң. Бiрақ... — Тоқшылық күлдi. — Судың да
сұрауы бар деген.
— Сол сұрақ саған қарап қалса, жетiскен екенбiз, — дедi де, Набат Тоқшылыққа
қатты ызаланып, бұрылып жүре бердi: «Саған ерегiскенде... ындық өткiзiп жiбермесем
бе?»
Түсте Елекеш келдi. Түрi өрт сөндiргендей қап-қара. Қасындағы Әбду,
Мылтықбайларға мойнын бұрып қараған да жоқ. Келе ол қолында шиыршықталған
газеттi ұстап тұрып, онымен Тоқшылықты нұсқап:
—Шақыр ана оңбағанды! — дедi зiлденiп.
Майнақ Тоқшылықты шақырып келдi.
— Бала, осы сен не iстеп жүрсiң, а? — дедi соңғы кезде ашушақ боп бара жатқан
Елекеш оған ақыра сөйлеп.
— Iждеңе де, — дедi Тоқшылық сабырмен.
— Ендеше мынауың не? — Елекеш қолына шиыршықтап ұстап тұрған газеттi жайып
көрсеттi.
Сол арада Набат газетке бiр шеттен қиялай көз тастап едi, көп кiсiнiң ортасында
қисайып отырған Тоқшылықтың суретiн көрдi. Тоқшылықтың жақ жүнi үрпиiп кеткен,