Стр. 224 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

ода-дода, үстi-басы адам көргiсiз. Әр жағындағы бiреудiң түрi-түсiн айырып болғысыз.
Суреттiң астына Тоқшылықтың клубқа қалайша мас боп келгенi, мәдениеттi жерде
жұртқа дұрыс дем алдырмағаны жайлы мысқылға толы бiрдеме жазылыпты.
Елекеш газеттi көзiмен қайтадан нұсқап тұрып:
— Сен жұмыстан лұқсатсыз кеткенiңмен тұрмай, ауданға барып, мас боп, көпшiлiк
жерде көргенсiз қылық көрсетiп, бүткiл сапқоз атына кiр келтiрдiң? Бұ не деген
машқара! — дедi қалшылдап. — Немене арақ iшетiн басқа жер құрып қалды ма?
— Немене онда...iшкен жаңғыз мен ғана ма? Менiң қасымда басқа кiсi де болған. Ол
неге жоқ? — дедi Тоқшылық газетке таңдана қарап.
— Сен үйдеп бөтен кiсiге пәлеңдi жаппа. Әуелi өзiң үшiн жауап бер, — дедi Елекеш
айқайлап. — Маған сендейлердiң керегi жоқ! Бар, қайқай! Төрт құбылаң ашық!
Соны естiген бойда Тоқшылықтың түрi қап-қара боп кеттi:
— Не, не?!
— Бүгiннен бастап боссың!
— Е, солай деңiз, — дедi де, әлденеге ызаланған Тоқшылық iлгерi қарай жүрдi.
Сол арада жанжалдан қорыққан Әбду жүгiрiп кеп, Тоқшылықтың қарынан ұстай
алды:
— Әй, қой! Бiр сыласы болар.
Тоқшылық оның қолын сiлкiп тастады:
— Немене?
Соны көрiп, Тоқшылықтың ашуланса, бiр беткей, өжет, мүлдем қияңқы боп
кететiнiн, мына қалпында төбелесе кетуден де тайынбайтынын жақсы бiлетiн Набат
шошып кеттi де, дәл кәзiр айқай-шудың орынсыз екенiн сездiргендей боп, ақырын
Елекештiң жеңiнен тартты:
— Қойсаңдаршы.
Елекеш ел алдындағы абыройын сақтағысы келсе керек, жалт бұрылды да жүре
бердi.
Күн еңкейе Набат жеңгесiн шақырып, қонақ күткiздi. Әбду ашулы Елекештi
жалынып-жалпайып, шәйға каратқан. Сол үстiне Бәйдеш келдi де, мал сойылып,
Елекеш жiпсiз байланып қалды. Шәй iшкесiн барып, директордың ашуы тарқап,
қатыңқы қабағы ашылып, аз-маз әзiл айтты. Соны көрiп, әлденеге жырқ ете қалған
Әбду қалтасынан жылтырақ тысты карта шығарды. Аздан кейiн Бәйдеш, Елекеш үшеуi
преферанс ойнап отырды.
Набат ошақ маңында жүргенде, Нұрсұлу мұның құлағына сыбырлады:
— Ерке қыз, мына шiркiндер шатақтасып қалған ба?
— Иә.
— Ана Тоқшылықты директордың үстiнен арыз жазып, ауданға барыпты дейдi.
Бәрiне себепкер сол көрiнедi.
— Қойшы?!
— Рас, рас. Ол тiптен сенiң үстiңнен де арза жазыпты. Бұ жұртты қой, бiреудiң бағы
жанайын десе, осылай қызғанып шыға келедi.
— Бағы? — Набат өз құлағына өзi сенбедi: «Қайдағы бақ? Осындайда бақ бола ма
екен?»
— Иә, — Нұрсұлу сыбырлай сөйледi. — Ал, өзiң қалай, ана әумесерiң ештеңе сезбей
ме?
— Не, не? — деп Набат Нұрсұлудың жүзiне абыржи қарады.
— Ана, әумесерiңдi айтам. Ерке қыз-ау, сенiң жағдайыңды менi, немене, бiлмейдi
дейсiң бе? Бәрiн де бiлем. Әйел басында ондай-ондай болмай тұра ма?
Набат не дерiн бiлмедi. Сосын бiрдеңенi сылтауратып, iшке кiрдi. Мылтықбай
ұйқыға кiрiсiптi. Карта ойнап жатқан үшеуi ештеңенi елең қылар емес. Набат
кебежеден кесе-шәйнек алып, сыртқа беттеп, есiктен шыға бере, қалшиып тұрды да
қалды. Қараса, Тоқшылық қолына қосауызын алып, тура берi қарай келе жатыр екен!