— Ол өз шаруаң. Мен өзi... — Әбду қабағын шытты. — Мен өзi жұртты қинамайтын,
зорламайтын кiсiмiн. Мәселенi әркiмнiң өз қалауына салам. Сосын адам солай болуға
тиiс, мынадай қағиданы ұстағаны жөн дейтiн үлгi-өнегеге қарсымын. Жалпы бiреуге
бiреудi әлгi етуге болмайды. Кемшiлiксiз бәндә жоқ. Ұлылардың өзiнде де кемшiлiк
жетерлiк. Бәндә болғаннан соң өз қалауынша, өз түсiнiгiнше өмiр сүрсiн. Оны оң, терiс
деп жатудың қажетi шамалы. Адамның мықтылығы да, осалдығы да...
— Мынауың нағыз жұмсақтық қой.
— Жұмсақтық емес, көрегендiк. Кейде мен де қатал қараймын. Бiрақ бәрiмiз де
бәндәмыз. Мен бiреудiң ұрлығын көре тұрып, ол мен iстеген нәрсенi неге iстемеске,
немене оған жайыз емес пе дейiм. Сол екен, оның кiнәсiн кешiре салам. Асылы бiреуге
баға берерде, алдымен өзiм кәйтер едiм деп алған дұрыс. Онсыз берген бағаның бәрi де
бiр жақты боп шығады.
— Дұрыс екен, — дедi Бәйдеш сөздi әрi қарай жалғастырғысы келмей.
— Жiгiттер, бос сөздi қояйықшы. — дедi Елекеш жақтырмай. — Осы Бәйдеш келгелi
бәрiмiз де не бiлетiнiмiздi көрсетуге тырысып жатырмыз. Мына әйелдердiң көзiнше
қырқысып та қалдық. Жiгiттер, соның не керегi бар? Онан да мына Бәйдешке оң сапар
тiлейiк те. — Ол ендi Бәйдешке бұрылды. — Өзiң көрiп отсың, баяғы кеуiл кеуiл. Мына
құрдастарың да саған баяғыша қарайды. Қанша дегенмен туған жердiң орны бөлек,
осылай қолың қалт еткенде, елiм бар екен, құрдастарым бар екен деп келiп-кетiп тұр.
Бiз сенi әрқашан да құшақ жая қарсы аламыз. Аз күнгi қызметiмiздi ешкiмге сатпаймыз.
Ал, ендi сенiң аман-есен барып, ана үйiңде екi көзi төрт болып күтiп отырған құрдаспен
жақсылап қауышуың үшiн алып тастайық!
Аздан соң кiсiлер сыртқа шыға бастады. Бәйдеш Патшайым, Күлжамаш,
Бибiштермен жылы қоштасып, машинаға мiндi. Елекеш, Әбду, Мылтықбайлар өз
орындарына кеп оырды. Күн еңкейе ауылдан ұзап шыға берген олар аздан кейiн
Төретамға кеп жеттi. Машинадан түсiсiмен, Елекеш вокзалдың iшiне кiрiп кетiп, бiр
кассирге көзiн қысып, жұмсақ вагонға Алматыға дейiн билет алды. Сосын Бәйдешке:
— Үйге телеграмма беремiз бе? — дедi.
— Оның не керегi бар? — Бәйдеш өкiндi. — Қап, бағана телефон соға салу керек едi.
— Оған... әлi де үлгеремiз, — деп Елекеш оларды орталықтағы телефон стансасына
әкелдi.
Телефоншы қыз барын салды. Жарты сағат өтпей-ақ:
— Алматы! Бесiншi кабинаға барыңыз! — дедi.
Бәйдеш кабинаға тез кiрiп, трубканы көтердi. Әр жақтан әйелiнiң жұмсақ даусы
естiлдi:
— Әлө, әлө, сенбiсiң?
— Иә, мен ғой, — дей берiп Бәйдеш сәл-пәл iркiлдi. Әр жақтан бiреудiң гүжiлдеген
даусы естiлгендей болды.
— Қалай, аман-есенсiң бе? — дедi әйелi.
—Шүкiршiлiк, өздерiң қалайсыңдар?
— Жақсымыз.
Әр жақтан әлгi гүжiлдеген дауыс тағы да естiлдi. Бәйдеш демiн iшiне тартты.
— Тоқтай тұр, телевизорды өшiрiп келейiн, — деп әйелi трубканы қоя сап, әрi кеттi.
Төргi бөлмеден бұ жолы гүжiлдеген дауыс анық естiлдi. Сосын бiрден өштi.
Әйелi трубканы қайтадан көтердi:
— Телевизорды өшiрiп келдiм. Ау, қашан қайтасың? Сағындық қой.
«Мә, саған керек болса!»
— Әлi бiраз болам.
— Не iстеп жүрсiң?
— Өмiрдiң жықпылын зерттеп жүрмiн, — дедi Бәйдеш өзiн-өзi мысқылдай күлiп.
— Жықпыл? О немене?
— Жықпыл деген жықпыл да.