— А-а, солай ма? — Набат азырақ таңданып тұрды да, кенет енжар тартты. Iзiнше
жұқалау бетiне салғың ажар торлай шауып бара жатты.
— Түндегi... Кино, қалай, ұнады ма? — дедi Тоқшылық сөздiң бетiн басқа жаққа
бұрып.
— Отелло ма? Қойшы соны. Бүгiнде қыз үшiн ешкiм де өзiн өзi өлтiрмейдi.
Мынауың барып тұрған өтiрiк. — Набат қабағын кiржиттi.
— Неге? Оның...
— Дездемона Отелло орамалын сұрағанда неге абайсызда жоғалтып алдым деп
айтпайды? Сүйтiп сұрай салса, бәрi оп-оңай шешiле салмай ма?
— Өмiрде одан гәрi көрделiлеу, шытырмандау емес пе?
— Әрине. Дегенмен кiсi онша илана бермейдi. — Набат бықсып жанып тұрған
шаласын самаурынның оттығына салып жiбердi. Iшiнде жермайға малынған сексеуiл
бар болса керек, от бiрден лап ете түстi.
Тоқшылық күн сәулесiне малынып, алтындай жарқырап жатқан салыға көз салды.
— Күрiшiң бiтiк екен.
— Жаман емес. Әсiресе, ана Жықпыл жағы...— Набат ернiн тiстей қойды.
— Жықпыл дейсiң, ә? — Тоқшылық бiр сәт жандарынан өтiп бара жатқан Нестайға
қысқа қарады. Қыз аққұба жүзiне қызғаныш тәрiздi қызыл қан шауып, басын төмен
иiңкiреп, егiс жақты бетке алып кетiп барады. Тек алдындағы кiшкене арықтан аттай
бере қара көзi мөлдiрей, мұны әлденеге жазғырғандай боп бiр қарады. Сосын кiрпiктерi
жылы сәуле шашыраған көзiн жаба қойды. Тоқшылық: «Мұнысы несi?» — дедi де
қайтадан Набатқа бұрылды. — О не Жықпыл?
— Жәй, әшейiн. Ал өзiң жәй жүрсiң бе?
— Жоқ, бiр шаруамен жүрмiн, — дедi Тоқшылық ендi салмақтана қап. — Иә, аса
маңызды шаруамен жүрмiн. — Содан соң тiлiнiң тиегi ағытылып кеттi.
7
Набат жiгiттiң айтқан сөзiн iштей бiр түрлi боп қорқа әрi қуана тыңдады. Қуанғаны
қыз санатына енiп, сән-салтанатын құрып, тiршiлiктiң азды-кем ащы-тұщысын тата
бастағалы түптiң түбiнде өз өмiрiнде осындай бiр өзгерiстiң болуға тиiс екенiн, әйтеуiр,
бiр жiгiттiң кеуiл түпкiрiнде сары майдай сақтап жүрген ыстық сөзiн айтатынын емiс-
емiс бiлетiн. Кейде әлдеқандай бiр бозбала қыдыңдап, iзiнен қалмай жүрiп сөз айтып
жатса, не етер екем, деп оңаша қалған сәттерi сарапқа салып та көретiн. Бiрақ мектепте
оқып жүргенде де, оны бiтiргесiн де, бұның соңынан өлiп-өшiп жүгiргендер жыртылып
айрыла қойған жоқ. Қайта жиылыс сайын аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермей, тiл мен
жағына сүйенiп тақылдап тұрған мұны көрiп, бетiнiң ажары бар жiгiттер көздерiмен
сүйсiнгендерiн жасыра алмаса да, жеме-жемге келгенде әдеп сақтағандай төменшiктеп
кете бередi. Бұл олардың мұнысы несi екен, әлде ынжықтық па, деп, талай рет ойға
шомған. Сол сұрағының ұштығына жете алмай, мектептi де бiтiрген. Кеше бiр партада
отырған жiгiттер бет-бетiне кеттi. Бiрге оқыған қыздардың алды оқуға түсiп, арты
қоңырсыта түтiн түтетер қосақтарын тауып та алды. Бұл сол жылы институттан құлап
келдi. Ауылда қара жұмыс iстедi. Соның аяғы... Оны Набат жаңа түсiнiп жүр. Бұл қызға
тән көкiрекпен ел көзiне түсiп, жiгiт-желеңнiң арасында абырой жиям деп жиналыста
белсендi болған сайын қатар-құрбысының ортасынан жырақтай берiптi. Ыңғай
көрсетер жiгiттер суынып, терiс айналыпты. Тек ғана суымаған осы Тоқшылық. Аңқау,
ағеден. Мектепте сабақты жақсы оқыды. Өте зейiндi. Қақаң-соқаңмен жұмысы жоқ.
Шаш қойып, шалбар өтектеп, қыз-қырқынды қуалар шағында әуейiленбей, совхоз
кiтапханасындағы дүниенiң бәрiн оқып шықты. Набат сонда-ақ осы жiгiт келешекте
салауатты бiреу болар-ау деп түйген. Кәзiр сол Тоқшылықтың өз шаруасын әтеберлi